Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1808

Сәлем – сөздің анасы

   Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша екі кісі жолыға қалғанда алдымен жасы кішісі «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп жауап қатады. Содан соң мал-жан амандығы сұралады.

            Қазақ халқындағы амандасу үлгісі нағыз мұсылманша болатын. Кездескен кезде оң қолын жүрек тұсына қойып «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап сәлем берген. Оң қолын беріп, қос қолдап амандасқан. Жас үлкенге, жалқы адам жалпы көпшілікке бірінші болып сәлем берген. Ал әйел кісілермен «Есенсіз бе?» деп хал сұрасқан. Осылай сәлемдесу әдебін балаларына да үйреткен. Сол тәрбие арқылы шынайы мұсылманшылық болмысын сақтай алған. Бұқар жыраудың мынадай үлгілі нақыл сөзі бар:

Өзек қуа ағады,

Өзен судың сағасы.

Алыстан сәлем береді,

Әдепті елдің баласы.

Сәлемдесу әдебінің өзіндік ерекшеліктері немесе ережелері бар.

1. Жасы кіші адам міндетті түрде үлкендерге бірінші болып амандасады.

2. Сырқат адамға сау кісі бірінші амандасады.

3. Атта отырған адам жаяу адамға бірінші сәлем береді.

4. Көпшілікке ат үстінде отырып амандасуға болмайды. Аттан түсіп сәлемдесу керек. Бүгінгі таңда ат орнына автокөлік немесе велосипед те кіреді.

5. Алғашқы кездесу барысында ер адамдар қол алысып қана амандасса, қыздардың бас изегені дұрыс.

6. Сәлемдескенде орнынан тұрып, ізет білдіру –  сыпайылықтың белгісі.

Осы секілді сәлемдесудің салтын біліп алғанның артықшылығы жоқ. Сәлемдесу өткінші емес, өмірлік әдеп.

      Бір-екі ауыз сөз сәлемдесудің таза ұлттық, ескіден келе жатқан жоралғылары туралы.

Төс қағысу. Көбінесе ер адамдар қолданады. Құшақтарын ашып, қол ұстасып тұрып ерсілі-қарсылы төс қағыстырады.

Құшақтасу. Көбінесе әйелдер осылайша сағыныштарын басады, беттерін тигізіп қуаныштарын білдіреді.

Сүю. Сәлемдесудің бұл түрін ата-бабаларымыз аса көп қолдана қоймаған. Үлкендер баласының бетінен сүйген, маңдайынан иіскеген. Ертеде үлкен әжелеріміз сәлем бергенде қолымыздың сыртынан сүйетін.

       Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады.

*Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. 

*Сәлемдесуден жалықпайық.

*Сәлеміміз түзу болсын!

*Сәлемдесер адамымыз көп болсын!.

Амандасу түрлерін атап, жаз.

                               Көрші атам

                    Күнде үйдің қасынан

                    Көрші атамды көремін,

                    Жүгіріп кеп асыға, 

                    Оған сәлем беремін.

                    Қолымды ол күліп кеп,

                    Иіліп тұрып алады.

                   -Міне, нағыз жігіт деп,

                    Сүйсініп бір қалады.

173 0
Алма Омарова, Үшбас негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002236
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: