Талқылауға арналған сұрақтар:
Неліктен ротаның саяси жетекшісі В Клочковтың «шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген жалынды сөзі майдан даласында жалпыхалықтық ұранға айналды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау; | ||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы орындай алады: қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін ашып көрсетіп, бағалай алады | ||
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Дүние жүзі тарихынан алған мәліметтерін байланыстыра отырып, Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастары туралы білімдерін жинақтайды. | |||
Кейбір оқушылар орындай алады: Шайқастарға қатысқан батырлар туралы тың деректермен танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді. | |||
Ойлау деңгейлері | БЛУМ таксономиясы: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. | ||
Бағалау критерийлері | қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалай алады. | ||
Тілдік мақсат: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Плацдарм-соғыс бастауға қолайлы аудан. Барбаросса-КСРО-ға қарсы соғыс жоспары. Майдан арсеналы - күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы. «Ленинградтық өренім!»- Жамбыл ақынның жыры | ||
Диалог құруға / шығармаға арналған пайдалы тіркестер: «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген сөйлемді қалай түсінесіңдер? | |||
Талқылауға арналған сұрақтар: Неліктен ротаның саяси жетекшісі В Клочковтың «шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген жалынды сөзі майдан даласында жалпыхалықтық ұранға айналды? | |||
Не себепті. .. деп ойлайсыз? Аты аңызға айналған қаһарман жазушымыз Бауыржан Момышұлының халықтың жеңіске деген сенімін нығайтуда рөлі қандай деп ойлайсыңдар? | |||
Құндылыққа баулу
| 7. Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің жалпы әлемдік және өңірлік мәселелерді шешуге ғаламдық қатысуы — қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге қосқан үлесін сипаттау арылы мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы және жауапты ішкі саясатының басты мәнін көрсету | ||
Пәнаралық байланыс | Дүние жүзі тарихы-арнайы осы тақырып қарастырылған, әдебиет-ақын жазушылар да соғысқа қатысқан, музыка- әнші-күйшілер рухтандыру мақсатында майдан далаларында концерттер қойған. | ||
Алдыңғы білім | Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте танылған хандар мен батырлардың рөлін түсіндіреді. Ұлы Отан соғысы қашан болды, ҰОС туралы көрген фильмдері арқылы білімдерін жинақтау. Жерлес соғыс ардагерлері туралы біледі. | ||
Жоспар | |||
Уақыты | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері, кезеңдері: Сабақтың басы | Ресурстар | |
1 мин
7 мин
2 минут | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу. Сыныпты жұлдызша, домалақ және жүрек арқылы 3 топқа бөліп отырғызу. 2. «Ақылды доп» әдісі арқылы сабақтың мақсатын анықтау. (Мақсаты нақты әрі жылдам жауаптар алу үшін қолданылады) Допты бір оқушыға лақтырып, сұрақ қою. Сұрақтарға жауап беруі бойынша оқушының алдыңғы білімін пысықтау. Оқу мақсаттарына сай келетін сұрақтарды таңдап алу. 1. Батырлық, ерлік дегенді қалай түсінесің? 2. Қолдарына найза алып, елін, жерін қорғаған қандай батыр бабаларымызды атай аласың? 3. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қалың қол басқарған қандай хандарды есіңе түсіре аласың? 4. Ұлы Отан соғысы қашан болды? 5. Ұлы Отан соғысы неліктен болды? 6. Ұлы Отан соғысы туралы қандай кинофильмдер көрдің? 7. Өздеріңе таныс соғыс ардагерін білесің бе? 8. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген сөйлемді қалай түсінесің? 9. Неліктен ротаның саяси жетекшісі В Клочковтың «шегінерге жол жоқ, артымызда Москва» деген жалынды сөзі майдан даласында жалпыхалықтық ұранға айналды? 10. Аты аңызға айналған қаһарман жазушымыз Бауыржан Момышұлының халықтың жеңіске деген сенімін нығайтуда рөлі қандай деп ойлайсың? «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау жүргізу. Оқушылардың өз ойын қалай жеткізе білгенін бір-біріне бағалату арқылы анықтау. 1-Тамаша! Барлығы түсінікті! 2-Жаман емес, айтуы орташа 3-Нашар. Тақырыпты аша алмады. |
-Қабылдинов З, Қайыпбаева А «Қазақстан тарихы» оқулық 8 сынып, 6-24 беттер
-Қожахметұлы К, Шүпеков Ә «Дүние жүзі тарихы» оқулық 9-сынып, 90-91 беттер | |
3 минут
2 минут 2 минут
6 минут
4 минут
9 минут
2 минут | Сабақтың ортасы Тақырып бойынша 3 минуттық бейнетаспа көрсетіледі.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында! - YouTube
«Ойлан, бөліс, талда» әдісі бойынша жаңа сабақты түсіну. -Әркім өз бетінше оқиды, түсінгенін жанындағы адамымен талдайды, соңында топ болып талдауға кіріседі. *Жалпы тақырып бойынша алдымен жеке жұмыс - сосын жұп болып -соңында топ болып жұмыс жасайды. Тақырыптың мағынасы мен идеясын ашып түсіну үшін әр топқа тапсырма беріледі 1-топ Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград шайқастарына қатысуы (топтастыру әдісі арқылы) 2-топ Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы (тірек сызба арқылы) 3-топ Қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесі. (5 минуттық эссе жазу) Тапсырманы орындап болған соң, басқа топқа береді, талдайды.
Әр топ 3 минуттан жалпы сыныпқа қорғайды. (Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек. Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағынасын аша отырып өзара топпен талдайды. ) «Сэндвич» әдісі арқылы. 2 жақсы ұнаған жағы, 1 ұсыныс айту арқылы өзара бағалау жүргізу. | -Қозыбаев М Нұрпейіс К Жүкешев Қ «Қазақстан тарихы» оқулық 118-123-беттер -Атлас карта https: //www. youtube. com/watch?v=Ay2F3DKBzkw | |
3 минут
1 минут
1 минут
2 минут | Сабақтың соңы «Домино» әдісі арқылы тақырыпты бекіту. Ойын тәртібімен таныстырылады. Қағаздарға жазылған сұрақтар мен жауаптары берілген, дұрыс жауабын тауып, өз қадамын жасап, ойын ойнау. барлық топқа бірдей.1 минут ойлану 2 минут жауабын айту. 1. Мәскеу үшін болған шайқастарға қатысқан қазақстандық батырларды ата? 2. Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Т. Тоқтаров, 28-панфиловшы. Неліктен Қазақстан Сталинград майданының жақын тылы делінді? 3. Себебі, Қазақстанға ең жақын орналасқан Сталинград майданы 500 шақырым. Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастары қай жерлерде болды? 4. Мәскеу, Ленинград, Сталинград, шайқастары. Ұлы Отан соғысына қатысып ерлікпен қаза тапқан қандай жерлесімізді білесің? 5. Н. Әбдіров. Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесін қалай бағалайсыз? 6. Өз ойын ашып жеткізу.
«Белгілер» әдісі арқылы кері байланыс орнату. Әр оқушы өзі таңдаған белгі бойынша пікірін білдіреді. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Туады ерлер ел үшін, Өлмейді ісі мәңгілік. Өшпейді абзал есімдер, Ұрпаққа жетіп мәңгілік, - деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай, батыр ағаларымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталады.
Үй тапсырмасын беру: Оқулықтың 118 бетіндегі 27-28 тақырыпты оқу. «Ұлы Отан соғысы менің жанұямның аға ұрпағының тағдырында» тақырыбы бойынша эссе жазып келу. Эссеге қойылатын дескриптор: -шайқасқа қатысқан батырлар туралы тың деректер іздеп, мәлімет жинайды- 1 ұпай -өзінің жанұясының тарихын зерттейді-1 ұпай. | ||