Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану
Мақсаты: : Балаларға үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір- біріннен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Білімділік міндеті: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.
Дамытушылық міндеті: Олардың төлдерін бір- бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету.
Тәрбиелік міндеті: Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
Көрнекі құралдар: слайд, үй жануарлары: жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі суреттері, макеттері
Билингвалдық компонент: жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-баран, ит -собака, мысық -кошка, тауық -курица
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын, көрнекілік әдіс.
Әрекет кезеңі | Тәрбиешінің іс-әрекеті
| Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушы
Іздену-ұйымдастырушы
Рефлексивті-түзетуші
| Баларды шаттық шеңберіне тұрғызу. Қонақтармен сәлемдестіру.
Амансың ба , Алтын күн?! Амансың ба, Көк аспан?! Амансың ба, Достарым?! Амансың ба, достарым Сендерді көрсем қуанамын! - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Қазір қыстың қай айы? -Бүгін аптаның қай күні? - Есік қағылады. Балалар кім екен? Мен барып, көріп келейін. Балалар бізге пошташы апай хат әкелді. Ашып көреміз бе? Сәлемдемені біздің ауылдағы әжеміз жіберген екен. Не бар екенін көрейік. Әжеміз бізге мынадай хат жазыпты: «Менің ауламдағы жануарларым шығып кетті. Маған сол жоғалған жануарларымды табуға көмектесіңдер. Ол үшін мына жердегі бірнеше тапсырмаларды орындау керек» 1. «Жұмбақ шешу» 1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)
2. Кезікті бір жануар. Үстінде екі тауы бар, (түйе)
3. Кішкене ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар (қой)
4. Өзі күшті, мүйізі мықты, Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт. (сиыр)
5. Секең- секең етеді, Таумен тасқа жетеді (ешкі) -Жарайсыңдар, балалар! Бір сөзбен біз оларды «Төрт түлік » мал дейміз. Педагог әр жұмбақ шешілген сайын сол жануардың суретін алып макетке орналастырады, және слайдтағы схема арқылы сол жануардың адамға берер пайдасы жайында түсінік беріп отырады.
2. Дидактикалық ойын А) «Мекенін тап» Б) «Қорегін тап» (топтық жұмыс) Педагог балаларды екі топқа бөліп қыстырғыш арқылы тапсырмаларды орындатады
3. «Мекеніне апар» ойыны Мақсаты: Үй жануарларын дала жануарларыннан ажырата білуге үйрету. Үй жануарлары мен дала жануарларының қайда тіршілік ететінін білуге үйрету. Балалардың ойлау қабылетін дамыту.
Барысы: Қалтада әр түрлі үй жануарлары мен дала жануарлары салынған аты аталған бала ортаға шығып қалтаға қолын салып бір жануарды алып шығады. Алып шыққан жануардың дала немесе үй жануар екенін айтып, орманға немесе үй қасына қояды. -Балалар мына сиқырлы қалташаның ішінде жабайы жануарлар мен үй жануарлары мекенін таппай адасып қалыпты. Біз әр жануарды өз мекендерін табуына көмектесейік
4. «Төлдерін сәйкестендір» дидактикалық ойын -Енді, балалар, ойын шарты: мына суретте көрсетілген жануарлардың төлдерін сәйкестендіруіміз керек. Қарындашпен әр жануардың төлдерін сәйкестендіріп сызайық. Педагог тапсырма орындалғаннан кейін әр жануарлардың төлдерін атауын сұрайды Сергіту сәті. Топ-топ етіп басайық. Ауылға біз барайық, Қозыларды санайық, Бір, екі, үш деп, Санын біліп алайық. Төрт, бес, алты деп, Алақанды соғайық.
5. «Көлеңкесін тап» -Балалар мына жерде жасырынған жануарлардың көлеңкесін табуымыз керек. Сабақты қорытындылау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды. -Үй жануарларын атаңдар? -Неге адамдар жануарларға күтім жасайды? Олардың қандай пайдасы бар? Бүгінгі сабаққа барлықтарыңызда жақсы қатыстыңыздар. -Жарайсыңдар! -Балалар әжеміз бізге жануарларын тауып бергеніміз үшін риза болып сендерге сыйлыққа сиыр сүтінен жасалған құрт беріп жіберіпті. - Бүгінгі сабақ ұнады ма? Ендеше,сабағымыздың ұнаған, ұнамағандығын мына смайликтер арқылы бағалаймыз. -Ал балалар, қонақтармен қоштасайық. - Сау болыңыздар! |
Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне шығады.
-Қыс. -Ақпан. -Бейсенбі
Балалар педагогтің іс-әрекетін бақылайды.
Жұмбақты шешеді
Балалар педагогты мұқият тыңдайды. Балалар қыстырғышты қысу арқылы тапсырманы орындайды. Бір-бірлерінің жұмыстарын тексереді
Балалар жабайы жануарлар мен үй жануарларының аттарын атап, мекенін табады.
Балалар төлдерді өз енелеріне қарындаштың көмегімен тауып сызып сәйкестендіреді. Төлдердің атын атайды
Балалар педагогпен бірге іс-қимылды қайталап, сергіту жаттығуын жасайды
Балалар жануарлар көлеңкесін тауып жапсырады
Педагогпен бірге сабақты қорытындылайды.
-Ұнады Смайликтер арқылы бағалайды
-Сау болыңыздар! |
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Әрбір бала үй жануарларын және оның төлдерін біледі. Оларды бір – бірінен ажырата алады.
Нені игерді: Үй жануарлары қолға үйренген жануарлардың түрі екенің игереді.
Нені білді: Үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін қалыптасады. Үй жануарларын айыру, олардың дауысын, жүрісін бейнелеуге шығармашылықпен қарайды