Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене сәби болып келген балаларыңыз алдарыңызда. Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. «Балалық шағың-патшалық тағың» атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.
Ортаға Балқасым мен Камшат шығады . (Балқасым көңіл-күйі жоқ.)
Камшат:бүгін неге көңіл-күйің жоқ?
Балқасым:- Сен білесің бе Камшат? Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. Балабақшаны және апайларымды қимай тұрмын.
Камшат: -Иә, шынымен. Сенің есіңдеме балабақшаға алғаш рет келгеніміз? Қандай болып едік? Мен білсем сен алғаш келгенде сенде памперс болған.
Балқасым: Қойшы, шынба? Ал менің есімде сен алғаш балабақша табалдырығын аттаған кезде сенің аузыңда емізік болған.
Камшат: -Тыныш ешкім естіп қоймасын.
Балқасым: Қарашы бүгін біздің күн емеспе. Қонақтарымыз жиналып қалыпты.Қанекей ертеңгілігімізді бастайық.
Камшат: - Бүгін бізде үлкен мереке, балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене сәби болып келген балаларыңыз алдарыңызда. Бүгін біз балабақшамен қоштасқалы отырмыз. «Балалық шағың-патшалық тағың» атты ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.
Балқасым: Камшат,сенің есіңде ме, біз алғаш осы балабақшаға келгенде былдырлаған кішкентай бүлдіршіндер едік қой . Біз мұнда ән айтып, би билеп үйрендік. Ертемен балабақшаға келгенде апайларымыз күлімдеп қарсы алушы еді ғой.
Камшат: Иә, есімде. Оларға алғысымыз шексіз.
Балқасым: Ендеше кішкентайымыздан тәрбиелеп, білім берген біздің тәрбиеші апайларымыз жоқ қой.
Камшат: Оу, ата-аналар орындарыңыздан тұрыңыздар, тәрбиешілерімізге құрмет көрсетпейміз бе?
1. Тәрбиеші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойларың! Қадірлі ата-аналар!Құрметті қонақтар!Бүгін біз мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан шығарып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
2. Тәрбиеші:
Есте қалар мәңгілік
Бүгінгі күн ерекше
Қуанышты балалар
Қуанышты үлкен де
Жасыра алмай көз жасын
Баса алмай жүрек лүпілін
Мерекені бастайық
Қоштасудың бұл кешін
Ұяларын қимай қоштасқалы тұрған балапандарымызды ортаға шақырамыз.
1.Тәрбиеші: Бүгінгі кештің түлектерін таныстырып өтсек.
Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген Мархабаны барлық досы қолдайды.
2. Тәрбиеші:
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді.
Абылай топтың жүрегі.
1.Тәрбиеші:
Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт Балқасым
2.Тәрбиеші:
Ортамыздың ажары
Айшабибі ерке қыз
Әр қылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
1.Тәрбиеші:
Ойы ұшқыр Кәмшат,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болса да,
Лезде шешіп береді.
2.Тәрбиеші:
Айтыскер болу арманы
Өзі сондай салмақты.
Нұрландырған ортаны,
Біздің Нысанәлі жан-жақты.
1.Тәрбиеші:
Бейнеубай деген ұл да бар,
Қыздар оны мақтаған.
Жарыс десе жайнайтын,
Топ намысын қорғайтын.
2.Тәрбиеші:
Білімді қыз инабат,
Болар бізге қолқанат.
Жақсылықты арқалап,
Нұршатта да бар талант.
1.Тәрбиеші:
Спортпенен білім жағын бiр қосқан.
Кем қалмаган талантпенен табысқан.
Қараңызда Қожаназарымыз ортада,
Тауды бұзар шын кiрiссе намыстан.
2.Тәрбиеші:
Kiп-кiшкентай болса да
Елді аузына каратар.
Салмақты бала Бекпенбет
Көркi оның көз тартар.
1.Тәрбиеші:
Арқасында талпыныстың.
Көп қарайсың жалықпай.
Кiтапкқа деген құмарлық.
Фариза көмектесер өзіңе
Алдағы бiлiм көзіне.
2.Тәрбиеші:
Инабатты сұлу кыз.
Әдемі де түзу кыз.
Мариям топтың аруы,
Еркелетіп жүреміз.
1.Тәрбиеші:
Парасатты сұлу қыз,
Ақылменен бiледi.
Сегiз кырлы, бір сырлы
Асылай, Ақерке күлiп келедi.
2.Тәрбиеші:
Қуанам мен тобымның нұрларына,
Балалардын туған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемiстерiм,
Ризамын «Қарлыгаш» тобының бiтiрушi түлектеріне.
Тағы да бір қошемет көрсетіп қояйық.
1.Тәрбиеші:
Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән « Біз бақытты баламыз»
«Тәуелсіз ел ұланы»
Ән « Балабақша»
Ән «Балдырғандар әні»
1.Тәрбиеші:
Мектеп ана шақырады бiздi алдан.
Алдымызда талай сан арман.
Қоштассақ та балабақшам сенiмен,
Санамызда өзің берген өнеген - дей отырып балалардың орындауында
Би «Әліппе»
Ән: «Мектепке ендi барамыз»
(Осыдан кейін Бүлдірген кiредi. Ататынын атып, шарларды жарып, гүлдерді шашып бәрін бүлдiредi.)
Тәрбиеші: - Сенің есiмiң кiм?
Бүлдірген:- Бүлдіргенмін
Тәрбиеші: - А, Бүлдірген, сен қайдан тап болдың, бiзге. Ту шырқымызды бұздың-ау. Мына балаларға сен жаман әдеттерiңдi көрсетуге келдiң бе? Бұл балалар өте тәртіпті, өйткенi бұлар балабақшада өте жаұсы тәрбиеленген. Сондықтан бұлар мектепке барады.
Бүлдірген: -А, мектепке барайын деп жүр екенсiндер ғой. Кім сендердi мектепке жiбередi екен. Мен оған қарсымын. Мынау не?
Тәрбиеші: - Бұл қоңырау. Былай сыңғырлап сабаққа шақырады, сабақ бiткен кезде тағы сыңғырлайды үзіліс болады!
Бүлдірген: - Алақай, үзіліс кезiнде күліп-ойнап, жүрiп бұзық болуға болады.
Менiң атым Бүлдірген.
Айналамды бүлдіргем
Ата менен әжемді
Қыран-топан күлдіргем
Сендердi де бүлдіріп,
Қыран-топан күлдірем
Менің көңілім көтерiңкi мен ойнағым келіп тұр. Қанеки менiмен бiрге кiмнiң ойнағысы келіп тұр?
Ойын ата-аналармен: «Балабақшаға саяхат»
Тәрбиеші:- бұл Бүлдірген сендердi де бұзык болуға шақырып тұрғо. Қой олай болмайды.
Балқасым -Апай, қорықпаңыз, бiздiң өмiрiмiз әлі алда. Мектепке барамыз, жақсы оқимыз. бiр-бiр маиандықтың иесі боламыз. Булдiрген, сiз ондай үгiт жүргiзгенше, бiздiң өнерлерiмiздi тамашалаңыз.
Би: «Жалқаубек»
Бүлдірген:- Бәрекелді, жарайсындар, балалар! Ендi мен сендерге сыйлық берейін. Сыйлықты жақсы көресiндер ме? Тәрбиеші апайы мына орындыққа отырыңыз. Орындығыңызға ǝдемі гүл жабыстырып койдым.
Тәрбиеші:-а-а-а-ай. Мынау не?
Бүлдірген:- Скотч! Әдемi жабыстыма, ха-ха-ха. Балалар қызық болды ма? Сендерге де берейін бе? Мектепке мұғалім апайларының орындығына қойыңдар. Ұнайма. Онда тағы сыйлығым бар. (қалтасынан үлкен рогатка алып шығады) Атып жіберсен терезе тас - талқан болады, бiреудiң көзiн дәлдеп кеп атсаң, көзі көрмей калады. -Әй iшегiм, қандай қызық болады, ха-ха-ха.
Тәрбиеші:-Бүлдірген, қойыңыз енді, біз балаларды сыпайы, мейірімді, ұқыпты бол, ата-анаңды тыңда, үлкенге көмек көрсетiп, кiшiге қамқоршы бол деп үйретiп, тәрбиелеп отырсақ, сен не деп тұрсын. Көзін ағыз, апайына скотч жабыстыр дегенiн не сөз, ұят емеспе?
Бүлдірген: - Мен оған қуанамын, рахаттанамын.
Тәрбиеші:- балалар, мына Бүлдіргеннен тездетіп құтылуымыз керек. Ол үшін біз ойын ойнауымыз тура келіп тұр.
Ойынның аты: Сиқырлы жауап «ия, ия», «жоқ, жоқ» деген. Мен сұрақтар қоям, сендер сұрақтың жауабына қарай иə, немесе жоқ деп жауап бересiңдер. Әр сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, Бүлдіргеннен тез құтыламыз.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тiлдi аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Ертеңгiсiн тұрамыз ба?
7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екi алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Ата - аналармен де «Иә, иә» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тiрек сiз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сiз жүйрік сіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген керi тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшiн асулардан асасыз ба?
Еркін Аяужан орындауында
Ән: «Ұстазым»
Диханбай Камшат
Ән «Бала тілегі»
Айжарыққызы асылай
Ендi балалардың балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын бiлдiрмек.
Ән: «Тәрбиеші»
Би : «Ұстазым»
Тәрбиеші: Міне, балалар сендер қимастығы мен қуанышы бiрдей мерекелерің. Сендерді қуанышты күндерiңмен кұттықтауға сәбилер тобынан келіп тұрған бүлдіршіндердің ақ тiлегiн тыңдасақ және арттарыңыздан iлесе келе жаткан ботақандарға сiздер сияқты білімді, тәрбиелі,үлгiлi шәкірт болу үшiн «Бiлiм кiлтiн» табыстайық.
1.Тәрбиеші:
Ақ тiлектi ағытып бір тастайық,
Қоштасатын биiмiздi бастайық.
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есiмiзде сақтайық!
2.Тәрбиеші:
Бүгін міне, балабақшамыздың түлектерiн ұшырғалы отырмыз. Балабақшаға бүлдiршiн болып келiп, шәкiрт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушiлерiмiздiң балабақша қабырғасында жүрiп «Қатынас», «Таным»>, <<Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта>> салаларында өздерiн дамытып, бiлiмдерiн шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді. Биылғы түлектер өнерлі де алғыр болып мектепте де зор табыска ие болады деген сенімдеміз. Осыған орай балабақша түлектерiне ақ жол тілеп, лебізін білдіруге балабақша меңгерушісі Нұрова Райхан Жұмажанқызына сөз береміз.
Қоштасу Вальсi