Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1795

Диалог «диалогтік оқыту» ұғымдары

Қазіргі заманғы ғылым мен техника жетістерінің педагогика мен оқыту салаларына жылдамдықпен енгізілуіне байланысты «ескірген» дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған, сыннан өтіп жатқан  заманауи педагогикалық технологиялармен алмастырудың педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін анықтаудың маңыздылығы заман талабы болып табылуда. Сол аталмыш педагогикалық технологиялардың қатарына диалогтік оқыту технологиясы да енері сөзсіз. 

Диалогтік оқытуды талдамас бұрын бұл оқыту технологиясының негізінде диалог жататындығын айта кетіп, диалогтің мәні мен мазмұнын анықтап алсақ. Түрлі түсіндірмелік-анықтамалық оқулықтарды «диалог» сөзін «екі адам немесе екі жақ арасындағы келіссөздер немесе келісімдер» деп келтірілген. Яғни, оқыту процесінде тек педагогтің сөзсімен ғана емес білім алушылар арасында, біздің тақырыбымыз бойынша оқушылар мен мұғалім арасында, кейіннен оқушы мен оқушы арасындағы пән тақырыбын талдау, пікір-таластар ұйымдастыру, дөңгелек үстел, т.с.с. тәсілдерді сабақта кеңінен араластырып қолдану-осы аталғандардың негізінде диалогтік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.

Диалогтік оқытудың педагогикалық мүмкіндіктері мен жолдары, тәсілдері туралы зерттеушілер қатарына келесі авторларды атай аламыз: И. А. Зимняя, В. Болотов, Н. И. Волков, Р. Джонсон, Дж. Спиро, Д. Джонсон, Е. В. Коротаева, Н. А. Морева, В. В. Рубцов, А. Ю. Уваров, Р. Л. Хон, Г. А. Цукерман.

Диалогтік оқыту технологиясының оқыту процесіндегі кезеңделуіне тоқталған И. Зимняя оқытудың диалогтік түрін орта мектепте ұйымдастырудың келесідей бірізділікті сақтауды ұсынады: 

-оқу материалымен оқушыларды немесе білім алушыларды таныстыру. 

-оқу материалының өзекті мәселесін анықтау, оқушылардың немесе білімгердің алдына көкейтестілігі басым мәселені алға тарту. 

-оқу материалының өзекті, бүгінгі күнде шешімін табуды талап ететін мәселені оқушыларды топтастыру арқылы шешу жолдарын қарастыру.

 -оқытудың ақпараттық технологияларына негізделген сабақ. 

-оқушының өзіндік ойлауына, эмоция-сезімі мен іс-әрекеттеріне өзіндік бақылау жасауы.

Десек те, қазіргі заманауи оқыту технологияларының көп түрлілігі мен кең мүмкіндіктеріне қарамастан биалогтік оқыту технологиясын орта мектепте жүзеге асырудың педагогикалық шарттарына қатысты көптеген «қате» пікірлер мен әдістемелік жағынан түсініспеушіліктер молынан кездестіре аламыз. Мәселен, интерактивті оқыту мен диалогтік оқыту технологияларының атауына және терминдік-анықтамалық тұстарына қатысты керітартпа пікірлер мен иүсініспеушіліктерді атап өтсек. Диалогтік оқыту термині ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында педагогтер мен әдіснамашылардың арасында кеңінен қолданысқа ие болғандығына қарамастан барлық дерлік анықитамалық жинақтарда интерактивті оқыту мен диалогтік оқыту «екі адамның немесе екі тұлғаның арасындағы қарым-қатынас пен коммуникацияға негізделген оқыту тәсілі (методика)» деген анықтамамен ғана шектеулі. 

Интреактивті оқыту мен диалогтік оқытудың ұқсастығына қарамастан (кейбір ғалымдар интерактивті оқытуды диалогтік оқытумен тікелей ұқсастырып, синоноим мағыналас сөз, сондықтан бұл екі оқыту технологиясы бірегей деген ұсыныс та айтады (мәселен Н. Суворова)) диалогтік оқыту бөлек, интерактивті оқыту бөлек технология. Кейбір авторлар диалогтік оқытуды интерактивті оқытудың бір түрі ретінде деген де ұсыныстар айтары өтірік емес. 

Диалог грек тілінен аударғанда «екі адамның арасындағы әңгіме-дүкен» деген мағынаны білдірсе де, педагогика ғылымында диалог адам арасындағы әңгімелесуші құрал, тілді байытуға түрткі жасайтын тәсіл ретінде емес, оқыту үрдісін ұйымдастыруда сабақ тақырыбының мәселелік тұстарын егжей-тегжейлі талдауға көмектесетін, оқушылардың (немесе білімгерлердің) өзара қарым-қатынас түсуі арқылы қол жеткізудің мүмкіндіктерін қарастыратын оқыту әдісінің (технологиясының) бір түрі ретінде алға тартылады. 

Диалогтың педагогика саласында қолданылу мүмкіндіктері мен шарттарын зерттеушілер қатарына: М. М. Бахтин, Л. А. Беляева, В. С. Библер, М. Бубер, Г. Буш, М. С. Каган, Е. И. Казакова, Т. Б. Казачкова, М. В. Кларин, И. А. Колесникова, Е. В. Коротаева, Ю. Н. Кулюткин, С. Ю. Курганов, Л. М. Лузина, М. Н. Певзнер, А. П. Тряпицына атап өтуімізге болады. 

Диалогтік оқыту ХХ ғасырдың соңында әдіснамашылардың арасында кеңінен қолданысқа ие бола басталды дегенімен Ежелгі Грекция мен Ертедегі Римде білім алушылардың арасында пікір-таластар мен өзара тартыс мәселелерді диалог арқылы талқылау негізінде сабақты ұйымдастырудың (Сократтық талдаулар) түрі кеңінен ұйымдастырылғандығын ескерсек, диалогтік оқытудың тарихи тереңге тартылғандығына көз жеткізе аламыз. 

Ертеден бастау алған диалогтк оқытудың маңыздылығы мен педагогикалық саладағы алар ролі әлі күнге дейін өз орнынан қалмаған. 

Диалогтік оқытудың маңыздылығын адамның ойлау жүйесіндегі механизмдерін анықтау арқылы көз жеткізе аламыз. Адам өз–өзін жетілдіреді, адам өскен сайын ойлау жүйесі де күрделене түсетіні белгілі. Десек те адамның күрделі тұрғыдан ойлануына басқа адам әсер етеді. Біздің жағдайымызда адамды күрделі ойлануына түрткі болатыны бұл басқа адамның әңгімесі, ой-пікірі, яғни қарым-қатынасқа (диалогқа) түсу арқылы адамның ойлану жүйесі күрделене түседі. 

ТМД аумағындағы педагогтардың ішінде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде диалогтік оқыту мәселесіне арналған зерттеулер саны жеткілікті. Оларға: 

-қарым-қатынастың педагогика саласындағы алар орны мәселесін зерттеушілерге: Б. Г. Ананьев, А. А. Бодалев, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов, А. В. Петровский;

-педагогикалық психология саласында өзара байланысқа негізделген педагог пен оқушының, оқушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық үрдістегі алатын ролін зерттеушілер қатарына: В. А. Кан-Калик, А. В. Мудрик, В. А. Сухомлинский; 

-оқушы мен оқушы арасында, ең бастысы оқушы мен педагог арасындағы педагогикалық қарым-қатынастағы диалогтың маңыздылығын зерттегендер қатарына: А. К. Маркова, Т. К. Мухина, Г. А. Цукерман.

-диалогтік оқытудың мәні мен мазмұнына қатысты анықтамалық-терминдік тұстарын анықтағандар қатарына: М. М. Бахтин, М. А. Глушенко, Г. М. Кучинский.

-орта мектепте, жалпы білім беру мекемелерінде диалогтік оқытудың енгізудің педагогикалық шарттары мен мүмкіндіктерін зерттеген қатарына: Т. А. Ильина, М. В. Каминская, Е. В. Коротаева, С. Ю. Курганов, В. Ф. Литовский, Е. Л. Мельникова, С. Л. Рябцева.

 

 

Е. В. Коротаева интерактивті оқыту негіздерін зерттеген әдіскер болғандықтан, осы аталмыш автордың диалогтік оқытуға қатысты тұжырымдарына және де интерактивті оқыту мен диалогтік оқытуды бір технология деп қарастыруын атап өткеніміз жөн болар. Автор диалогтік оқытудың сабақ барысында қолданылуына қарай екі түрге ажыратуды ұсынды, оларға: 

-диалог-имитация.

-талқылаушы диалог. 

Бірінші диалогтік оқыту тәсілімен ұйымдастырылған сабақта диало оқытушы мен оқушылар арасында жүріп, мұнда оқытушы сауал қояды, оқушылар топтасып немесе жеке-жеке жауап береді. Сонда мұғалім мен сынып арасындағы имитациялық диалог құрылған болып саналады деген автор (яғни Е. В. Коротаева) бұл сабақты бастамастан алдын қойылатын сұрақтар да, талқыланатын мәселелер де алдын ала жан-жақты дайындалуы қажеттілігін ескертеді. Осы тәсілмен ұйымдастырылған сабақта жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылса сабақтың тиімділігі одан әрі арта түсетіндігін де автор атап өткен. 

Екінші диалогтік оқытудың тәсілі-талқылаушы диалог. Бұл тәсіл біріншімен салыстырғанда ерекшеліктері көптеу. Ең алдымен талқылаушы диалогта тек мұғалім мен сынып арасында ғана емес сынып оқушыларының өз арасында жүргізіледі. Кейін талқылаушы диалогқа алдын ала дайындалу (сұрақтарды дайындауды меңзеуде) қажеттілігі туындамайды. Сабақтың кездейсоқ оқиғалар мен бетбұрыстарға толы болуы талқыланатын мәселенің жан-жақты қарастырылуына жол ашады. Сонымен, Е. В. Коротаева диалогтік оқытуды интерактивті оқытумен байланыстырып, өзара біріктірді және диалогтік оқытуда компьютерлік ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығы жөнінде ескерген. 

Келесі бір зерттеуші Е.А. Зайцева оқу диалогының оқушының дамуы мен тәрбиеленуіндегі ролі мен маңыздылығын анықтауға тырысып, сабақ барысында сабақ пен оқу үрдісіне емес, баланың ішкі жан дүниесіне назар аударуды ұсынады. Бұл дегеніміз, диалог жасауда (сабақ үстінде) оқушының диалогқа деген ынтасы мен ықыласы, диалог тақырыбына, талқыланып жатқан мәселеге деген құштарлығын бақылау арқылы ғана диалогтік оқыту технологиясы зор жетістіктерге әкеледі деп сенеді. 

 

285 0
Мурат Бухарбаев, «Ю:Гагарин атындағы №3 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002229
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: