Грамматикалық тақырып:Көмекші сөздер
Мақсаттары: Білім алушылардың кәсіби мәтін арқылы сөздік қорын байыту, білімге деген ынтасын, қабілетін арттыру, аймақтық компонентті қолдану
екі тілде сұрақтарға жауап беруді дағдыландыру;
ұжыммен жұмыс істеуді тәрбиелеу.
Көрнекілік материалдар: кәсіби мәтін мен кәртішкелер, түрлі тапсырмалармен кәртішкелер, тақтада кроссворд. Жауабы - «Түсті металдар», «Қызықты әріптер» ойын, әр цехтың атауы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, цехаралық сайыс.
Оқыту әдіс-тәсілдері: мәтіндер, сұрақ-жауап, түсіндіру, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, химия
I. Ұйымдастыру кезеңі сәлемдесу, студенттерді түгелдеу.
II. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту кезеңі. Сабақ сайыс түрінде өтеді, топ үш шағын топқа, яғни, үш цехқа бөлінеді.
Бірінші цех – «БАЛҚЫТУ», екінші цех – «КҮЙДІРУ», үшінші цех – «ЭЛЕКТРОЛИЗ ЦЕХЫ». Әр цехтың өз бастығы сайланады. Дұрыс берілген жауапқа бір фишка беріледі де, сабақтың соңында фишка санын есептеп, жеңімпаз тобы анықталады.
III.Үй тапсырмасын тексеру.
Риддер қаласы
1786 жылы кенші - офицер Филипп Риддер тұңғыш полиметалл кен орындарын игере бастады. Филипп Риддердің атасы швед, көп жылдар бойы Алтайда тұрып, орыс қызына үйленген. Ол кенді ашу, мыс пен күмісті балқыту, алғаш тиын монеталарды жасауға жағдай жасаған.
Өнеркәсіп салынған жерге жұмыс күші қажет, олардың әлеуметтік жағдайларын шешу үшін қалашықтар салынды, кеңінен бұл жерде Риддер қаласының іргетасы қаланды. Кеңестік дәуірде бұл жер Лениногорск қаласы, деп аталды.
Бұл өте қызық тарихы бар қала. XIX ғасырдың басында кен орындарының қоры сарқылды деп, бұл жерге ағылшын кәсіпкері Лесли Уркардқа жалға берілді. Ол өзі салған ақшасын қайтарып алу мақсатында полиметалл өндіру ісін жетілдіріп, іске қосып, жұмысшы күшін тиімді пайдаланды.
1921 жылы Риддер рудниктерін басқаруға Рудольф Рейман тағайындалады. Риддер кен орындарын қалпына келтіру, іске қосу, жол салу, халықтың жағдайын жақсарту сияқты шаралар іске асырылады. Не бары үш кластық білімі бар қарапайым токарь, кен өндіруді қалпына келтіріп, жұмысшыларды ұйымдастырып, оларды жұмысқа үйретіп, жағдай жасауды да ұмытқан жоқ. Рудольф Ансович Дрейман атымен Риддер қаласында көше аталған.
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. 1786 жылы кім тұңғыш полиметалл кен орындарын игере бастады?
2. Филипп Риддер кім, қайда тұрған, кімге үйленген?
3. Ол қандай жұмыстарды ұйымдастырды?
4. Өнеркәсіп салынған жерде қандай қала салынды?
5. Кеңестік дәуірде бұл жер қандай қала деп аталды?
6. Бұл қандай қала? Кен орындарды кімге жалға берілді?
7. 1921 жылы Риддер рудниктерін басқаруға кімді тағайындайды?
8. Риддер кен орындары қалпына келтіруге қандай шаралар іске асырылады? Филипп Риддердің неше кластық білімі бар?
9. Рудольф Ансович Дрейман атында Риддерде не аталған?
(студент мазмұндап береді)
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаймыз. Зат есімді қайталау.
-Зат есімдер қай септікте тұр?
-Жалғаудың қай түрлері кездеседі?
IV. Жаңа тақырыппен танысу.
-Бүгінгі сабақта ең алдымен кроссворд шешуіміз керек. Қай цехтың қызметкері бірінші қол көтереді, солар бастайды да тақтаға шығып жауабын жазады.(1 жауап - 1 ұпай)
Кроссворд сұрақтары (Көлденең)
1.Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесінің №73 элемент қандай ? (Тантал) )
2. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің №47 элементі қандай? (Күміс)
3.Сұйық металл қалай аталады? (Сынап)
4. Филипп Риддердің атасы көп жылдар бойы тұрған жер атауы. (Алтай)
5.Алюминий жер қыртысында таралуы бойынша нешінші орында? (Үшінші)
1.Cuprum деп қандай металл аталады? (Мыс)
2. Литий, берилий, германий т.б. элементтерді қандай элементтер деп аталады? (Сирек)
3. Феррумның қазақша атауы. (Темір)
4. Алюминийдің түсі қандай? (Ақ)
5. Алюминий қандай металл? (Жеңіл)
6.Филипп Риддердің атасының ұлты кім? (Швед)
7.Алтынның латынша атауы. (Аурум)
8.Лениногорск қаласының бұрынғы атауы. (Риддер)
Кроссворд
Жауабы Түсті металдар
Сонымен сабақтың тақырыбы: Түсті металдар
-Қандай түсті металдарды білесіңдер? Қазақша –латынша
Мысалы: күміс – аргентум, ... .
Мәтіндермен жұмыс «Алюминий», «Мыс», «Қорғасын мен мырыш» (Әр топқа бір мәтін)
Алюминий
Алюминий жер қыртысында ең көп тараған металл. Жер қыртысында таралуы бойынша үшінші орында. Бұдан кейінгілері: калий, натрий, кальций, магний, титан.
Алюминий жеңіл, күмісше жылтыраған ақ металл. Ол өте иілгіш, созылғыш – бұл металдарға тән қасиет.
Алюминийге тән қасиет – металдық жылтыр. Алюминий электр мен жылуды жақсы өткізеді. Мыс пен алюминий электрді жақсы өткізетін болғандықтан, оларды электр өткізгіштер ретінде пайдаланады. Алюминий таза металл ретінде электр сымдарын және алуан түрлі химиялық құрылғылар дайындауға жұмсалады. Алюминий иілгіш болып келеді. Алюминийден күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыстар жасалады.
Алюминий өндірісте әр түрлі құймалар алуға қолданады. Бұл құймалар
авио, авто, кеме өндірісінде және құралдар жасауда, техникада және құрылыста кең пайдаланады.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Алюминий қандай металл?
2.Алюминийдің қасиеттері.
3.Алюминийден не жасайды?
4.Алюминийді қайда пайдаланады?
Мыс
Түсті металдар өнеркәсіп өндірістерінде жиі қолданады. Түсті металдар балқыту қабілетімен ерекшеленеді. Олар машинажасау, электроника, химиялық өнеркәсіптерінде қолданады. Түсті металдар табиғатта кен темір рудаларының шикізат қосындылары болып табылады.
Түсті металдарының бірі – мыс. Мыс өндіру XIV ғасырдан басталған. Алғашқы мыс өндіру зауыты 1640 жылы Оралда салынған. Негізгі мыс өндіру өнеркәсіптері Шығыс Қазақстан. Орта Азия, Оңтүстік Кавказ, Орал тауларының беткейлерінен табылған мыс қорлары көп.
Мыстың негізгі қасиеттері: жылу өткізгіштігі, коррозияға қарсы тұруы, қаттылығы, балқыту қабілеті. Ауыр түсті металдарды өндіруші мамандар – кеншілер. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында ауыр өнеркәсіпті жандандыру басты мақсат, – деп көрсеткен.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Мыс- қандай металл?
2. Мыс өндіру қашан басталған?
3. Мыстың қасиеттері.
4. Негізгі мыс өндіру өнеркәсіптері қайда болған?
Қорғасын мен мырыш
Қорғасын біздің дәуірімізге дейінгі 5000-7000 мың жыл бұрын белгілі болды. Алғаш адамдар оны кездейсоқ жағдайда табады. От жаққан орында қалған жұмсақ, кесуге оңай, иілгіш, балқытуға жеңіл металды олар өз керегіне жарата бастады.
Мысыр, Греция жерлерінде біздің дәуірімізге дейінгі 6000 мың жыл бұрын адамдар қорғасын алуға ыңғайлап жасаған жерден қазылып, тастармен қоршаған пештер табылған.
Ал мырыш туралы алғашқы деректер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда пайда болды. Бұндай деректер мырыш алғаш рет Үнді және Қытай жерлерінде пайдалана бастағанын көрсетеді.
Қазіргі кезде қорғасын, мырыш өндіретін ірі мемлекеттер қатарына АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Канада, Оңтүстік Корея т.б. мемлекеттер жатады.
Ал ТМД ішінде Қазақстан, Ресей, Украина республикаларын атауға болады. ТМД ішінде ең ірі өндіріс орындарының бірі деп, Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» комбинатын мақтан тұтамыз.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Қорғасын қашаннан белгілі болды?
2. Мырыш қашан пайда болды?
3. Қазір қорғасынды, мырышты қайда өндіреді?
4. ТМД ішінде ең ірі өндіріс орны қай қалада?
(Әр цех қызметкерлері сұрақтарға жауап береді)
Сөздік жұмысы (кәртішкелер арқылы, дәптеге жазады, есте сақтайды)
Алюминий
Жеңіл - лёгкий жылу - тепло
күмісше - как серебро ыдыс - посуда
жылтыраған - блестящий өндіріс - производство
иілгіш - гнущийся кеме - пароход
созылғыш - тянущийся құрылыс - строительство
құйма - сплав
Мыс
Өнеркәсіп - промышленность қасиет - свойство
табиғат - природа қабілет-способность
Орал - Урал жандандыру - развивать
тау - гора жылу өткізгіштік - теплопроводность
Қорғасын мен мырыш
Дәуір - эпоха дейінгі - до
белгілі - известный Үнді - Индия
кездейсоқ - случайно Ұлыбритания - Великобритания
иілгіш - гнущийся Жапония - Япония
деректер - факты Оңтүстік Корея - Южная Корея
(Мәтіндерді орыс тіліне аударады)
Венн диаграммасы бойынша металдардың ерекшеліктері мен ұқсастығын тақтаға жазады
Дұрыс сөйлем құраңдар (әр топқа кәртішке таратылады, топ жұмыс жасайды)
1.Мен, қосылып, полиметалл, мырыш, құрайды, қорғасын, кенін.
2.Корозияға, қабілеті, қарсы, мыстың, балқыту, тұруы, қасиеттері.
3.Ауыр, барлық, ең, қорғасын, ішінде, металдар, жеңілі.
Ойын «Қызықты әріп» А, Ы, Қ.
Химиялық элементтердің периодтық жүйесімен жұмыс.
Берілген әріптерге түсті металдар атауларын атаңдар. (Әріп металл атауының басында, ортасында, соңында болу керек)
Мысалы: А- алтын,алюминий,…
Ы - мыс, мырыш,…
Қ - қорғасын, қола,... . Осы аталған элементтерге мынадай көмекші сөздерді қолданайық АЛДЫ, АРТЫ, АСТЫ, ҮСТІ, АРАСЫ, т.б.
Мысалы: химиялық элементтердің периодтық жүйесінде алюминий қандай элементтердің АРАСЫНДА тұр? Ал ҮСТІНДЕ ше? Аталған сөздерді - көмекші сөздер дейміз.
Жатыс септікте – нда, -нде жалғаулары қосылады.
Көмекші сөздер септеледі.
А.с. дәрісхананың іші
І.с. дәрісхананың ішінің
Б.с. дәрісхананың ішіне
Т.с. дәрісхананың ішін
Ж.с. дәрісхананың ішінде
Ш.с. дәрісхананың ішінен
К.с. дәрісхананың ішімен
Таңдаған көмекші сөзді септеңдер.
V.Үй тапсырмасы. Мәтінмен жұмыс: аудару, мазмұндау, сөздік сөздерді жаттау.
VI.Қорыту. Жеңімпаздарды белгілеу. Баға қою.