Қазақ тілінде тоғыз сөз таптары бар. Солардың ішінен мен зат есімді өз мүмкіндігінше қарастырамын. Сондықтан, ол көптеген зерттеу еңбектерінің обьектісі болады.
Зерттеушілердің зат есімге берген көзқарастары әр түрлі болғанымен, ойларының түпкі негізі бір негізге сүйенеді.
Жалпы зат есімге берілген анықтама барлық зерттеулерде айтылып келеді. Соның ішінде, әсіресе, Ахмеди Ысқақовтың 1991 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» кітабында зат есімге қатысты біраз сипаттама берілген.
Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.Мысалы: құс, тас, су деген сөздермен қатар жаңбыр, найзағай деген сөздер де зат есімге жатады.
Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар.Олар өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым –қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады.
Зат есімдердің қай –қайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларға бөлген.
Әрине, сонымен қатар К.Аханов, Б.Кәтенбаева, А.Ысқақов. Қазақ тілінде 1997 ж оқулығында зат есім ережесі туралы да сөз айтқан.
Енді осыған жеке тоқталайық. Заттың (нәрсенің) атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады. Зат есімдерді кім? не? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы, ата, бала, оқушы сөздері кім? деген сұраққа жауап берсе, ағаш, дәптер, жел сөздері не ? деген сұрақтарға жауап береді.
Зат есімдер басқа сөздермен көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғаулар арқылы байланысады. Сөйлем ішінде бастауышта, толықтауыш та, пысықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та бола алады.
Ал, енді М.Ә. Қараев қазіргі қазақ тілі 1993 ж кітабында зат есім жайлы зерттеуін қарастырамыз.
Қазақ тілінде сөздердің бір тобы- зат есім сөздер. Зат деген ұғым тек өмірде кездесетін заттар мен нәрселерді ғана емес, сонымен бірге, табиғат пен қоғамдық өмірдегі сан алуан оқиғалар мен құбылыстарды да, ақыл –ой арқылы танылатын түсініктер мен ұғымдарды да білдіреді. Мысалы, су жер тау деген сөздермен бірге, ар, намыс, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Зат есім сөздер зат пен құбылыстардың сан алуан аттарын білдіретіндіктен, оған енетін сөздер деректі, (конкретті), дерексіз (абстракты), негізгі және туынды, жалқы және жалпы, жекеше және көпше секілді мағыналық (семантикалық) категорияларды қамтиды. Зат есімнің бұл категорияларды, бір жағынан, оның өзіне тән көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын (мысалы оқушы, оқушылар,оқушыларым, оқушыны, оқушымыз) өзара байланысты болса,екінші жағынан, зат есімнің лексикалық мағынасымен де тығыз байланысты.
Белгілі затқа, нәрсеге, табиғат құбылысы мен қоғамдық болмысқа қойылған атаулар зат есім деп аталады.
Қазақ тілі энциклопедия 1998 ж зат есім – лексикалық тұрғыдан алғанда өз алдына мағыналық дербестігі бар сөздер. Сөз табы жағынан есім сөздер тобына кіреді. Қоршаған дүниедегі зат пен жан –жануар атаулыға, барша құбылыс пен уақиға, болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бәрі де зат есімдер. Зат есімдер тікелей сезім арқылы тануға болатын дүниедегі нақтылы нәрселерден (тағам, жылқы, су, жұлдыз, жел) бастап, адамның тек ақыл-ой қабілетінің жәрдемі нәтижесінде ғана түсінілетін түрлі абстракт ұғымдардың (мінез, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады. Тұлғасы жағынан алғанда зат есімдердің бір қатары түбір сөздер болса (көз, от, мал) кейбіреулері әртүрлі сөз табынан жұрнақтар арқылы жасалынған туынды сөздер (аңшы, тебінгі) болып келеді. Сол зат есімдердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған түрлері (кәріқыз, бірқазан) мен қос сөз тұлғалы түрлері де (жүн-жұрқа, сай-сала) бар.Екі сөздің тіркесі белгілі заттың атауышы ретінде қолданылғанда да ондай лексикаланған тіркестер(көк құтан, тау теке) зат есім қатарында танылады. Орхон-енисей жазбаларындағы кейбір жұрнақтар, мысалы, -еч, -меч: ег - еч (тәте), ег - меч (әйел) тұлғалары қазіргі түркі тілінде тек өлі жұрнақ ретінде ғана кездеседі. Ал Т.Қордабаев пен М.Томановтың еңбегінде зат есім жасайтын жұрнақтарды көп емес деп көрсетеді. Олар: -лық, (-лік, -лұқ, -лүк); қарлұқ т.б. -лығ, -ліг; -чы, -чі; -кучі, -ғучы, -гучі; -стан; -ғұн, -ғын, -қын, -ғын. -лық, (-лік, -лұқ, -лүк) даналық т.б. жұрнақтары ең жиі кездесетін өнімді жұрнақтар. Сондықтан да бұл жұрнақтар этимологиясын және мағыналық құбылыстары жөнінде тюркологтар көп пікір айтқан. -лығ, -ліг жұрнағы жайында Н.А.Баскаков бұрынырақта әр жақты мағынаны білдірген және дерексіз атауды білдіретін аффикс дегенді айтқан. –лық жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдерді екі топқа бөлуге болады: бірі негізгі түбір зат есімнен жасалғандар, екіншісі басқа сөз таптарынан жасалғандар. -чы, -чі жұрнағы арқылы жасалатын туынды зат есімдер көп емес. -кучі, -ғучы, -гучі жұрнақтары өткен ғасырда қолданғанымен қазіргі әдеби тілімізде кездеспейді. –стан бұл жұрнақ халықтың елі деген мағынадағы жұрнақ. -ғұн, -ғын, -қын, -ғын бұл жұрнақтар етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар [2, 11]. Қ.Жұбанов жасаған “Қазақ тілінің програмасында (1936), және “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері,, атты мақаласында зат есімді “заттың өзін көрсететін септік, тәуелдік, көптік, -шы (кәсіп) қосымшаларын ертетін затты ғана аныктап, анықталушы сөзіне жалғас қана тұра алатын түбір болады (16, 233),- деп сипаттаған. Бұл тарауда зат есімнің жасалу жолдары, түрлену жүйелері талданған. Зат есімге катысты пікір 1967 жылы шыккан “Қазак тілі грамматикасында,, да бар. «Зат есім» тарауын С.Омарбеков жазған. Ғалымның талдауындағы бір ерекшелік - казақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшелейтін белгілердің бірі-жақтылық және жақсыздық категориясы деп дәлелдеп “Жақтылық пен жақсыздық категориясы,, деген тақырыпша берген. Автор “Лексикалық мағынасы тек “адамды,, білдіретін зат есімдер ғана жіктеу есімдіктерінің барлық түрімен предикаттық қатынаста айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен предикаттық қатынасқа түсе алмайды (31,51),,, — дей келіп, зат есімдердің жақтылық пен жақсыздық категориясы дегенді “зат есімдердің жіктелу қасиетінің бар - жоқтығы тұрғысынан ғана алып түсіну қажет,, деген түсініктеме берген. Сондықтан болар 2002 жылы шыққан “Қазақ грамматикасы,, авторларының бірі ретінде С.Омарбекұлы “Зат есім„ тарауын жазғанда бұл тақырыпшаны өзгертіп, зат есімнің жақтылық, жақсыздық категориясы жайлы пікірін кеңейтіп, “үш жақта бірдей жіктелу қабілеті бар адамға байланысты зат есімдерді шартты түрде жақты зат есімдер, ал үш жақта бірдей жіктелу кабілеті жок адамнан басқа зат атауларына байланысты зат есімдерді жаксыз зат есімдер деп атасак болады …бұл жердегі жакты, жақсыз дегенді тек жіктік жалғауымен ғана байланыстыра ұккан абзал (32,443),,,- дей келіп, бұл мәселені “Адамзат жэне галамзат есімдері,, деген такырыпшамен берген.Енді тіліміздегі зат есімдерді семантикалық және грамматикалық сипаты жағынан талдап қарасақ, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан- жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Адам атаулары кім? деген сұраққа жауап береді, ал екіншісіне қатысты сөздердің бәрі де тек не? деген сұраққа жауап береді. А.Ысқақов тағы зат есімнің құрамына қарай жалқы және жалпы есімге қарай бөлген.Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есім, әдетте жалпы есім деп аталады. Мысалы, ат, ағаш, ас, арал т.б. Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есімдер дейміз.Мысалы, Асқар, Тайбурыл, Теміртау, т.б.Осының ішінде әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде,жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді, оның біріншісі-ономастика (кісі аттары), екіншісі –топонимика (географиялық).Қазақ тілінде кім? деген сұрау адамға ғана қойылады. Адам атауларына мынадай сөздер жатады. Жалқы есімдер: (кісі аттары) Асан, Әділ т.б. жалпы есімдерден: адамның туыстық атаулары: ата, ана, жезде, т.б.Ә) адамның кәсіп- мамандықтарының атаулары: бағбан, дәрігер, т.б.Не? деген сұрау қазақ тілінде адамнан өзге жан-жануарлардың және басқа заттардың атауларына қойылады. Ондай атауларға көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректі заттар да, оймен ғана танылатын дерексіз заттар да жатады. Мысалы, ағаш, су, шүберек, сөздері көріп тануға, ұстап білуге болатын деректі зат есімдер, ал, ақыл,қуаныш сөздері дерексіз зат есім болады.
Зат есімдер жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Адам, тау деген сөздер жалпы есім болады. Өйткені адам деген сөз- бір адамға емес, адам атаулыға бірімен жалпылама атау. Тау сөзінен де тау атаулыға берілген жалпы атты түсінеміз.
Біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады. Мысалы: Шоқан, Алатау, Балқаш сөздері – жеке заттардың атаулары. Шоқан деген сөз –жеке адамға ғана арналып берілген ат.Алатау деген сөз жеке бір ғана таудың, Балқаш деген сөз жеке бір көлдің атын білдіреді.
Біркелкі заттарды жекелеп(даралап) атайтын зат есімдер (атау сөздер) жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдерге жататын сөздер:
1) кісі аттары: Абай, Шоқан Уалиханов т.б.;
2) Мемлекет, қала аттары: Қазақстан Республикасы,Қарағанды облысы;
3) Географиялық (жер, су, т.б.) аттары: Ертіс, шалқар көлі, т. б.
4) ұйым, мекеме аттары: Шымкент қорғасын зауыты, Қарағанды көмір тресі т.б.
5) Газет, журнал, би аттары: «Жас алаш», «Абай жолы», т. б.
6) мал мен хайуанаттарға арнап қойылған аттар Байшұбар т.б.
Құрамына қарай зат есімдер сөз түрінде де / ат, ағаш, кісі/ туынды сөз түрінде де /атшы, ағашты, кісілік/ біріккен сөз түрінде де (белбеу, қолбасы) қос сөз түрінде де (кісі-місі, ыдыс-аяқ, құрт-құмырсқа), қысқарған сөз түрінде де ТМД, ПМПУ бола береді.
Зат есімнің өзіне тән арнаулы жұрнақтары бар.Ол жұрнақтар арқылы есімдерден де, етістіктерден де,еліктеуіш сөздерден де туынды зат есімдер жасала береді:
А) Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
1.-шы, -ші мысалы, қойшы, жазушы
2.-дас,-дес,- тас,-тес,-лас,-лес мысалы, жолдас, жүндес, аттас, т.б.
Ә) Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтар:
1.-ым,-ім,-м тыным, білім, жем
2. –у, қашау , егеу.
3. –ып,-іп,-п жауап, жиып
4.-ашақ,-ішек, мысалы: алашақ, берешек т.б.
Зат есім сөйлемнің барлық мүшелері бола алады. Зат есімнің ең негізгі, басты қызметі бастауыш, толықтауыш болуға лайық.
Егер іздей білсек, зер сала білсек, байырғы әдеби мұраларда зат есімнің ережесін айқын бейнелейтін кейбір жақын деректер бар. Бұларды зерттеушілерден бізге жеткен тамаша үлгілері деуге болады. Жоғарыда біз сол үлгілердің бірін алып сөз еттік. Мен өзімнің «ана тілі» деген өлеңімен қорытындылағым келеді.
Ана тілі
Біздің туған тіліміз - ана тілі
Қасиетті, құдіретті қазақ тілі.
Ата –бабамыздың көне тілі,
Ұрпаққа ізгі ниетпен қалған тіл.
Иә, еліміздің болашақ жастары,
Ана тілімізге кір келтірмей таза ұстайық!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қараев М.Ә.Қазақ тілі : Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис - Алматы : Ана тілі, 1993. - 216 б. - 1.80 р.
2.Ысқақов А Қазіргі қазақ тілі: морфология: Алматы : Мектеп, 1974.408 б
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.
4.С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев. Қазақ тілі грамматикасы. ІІ бөлім. Синтаксис, 1971.
5.М.Балақаев, Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1997.