Мен бұл мақалада баланы жанұяда, мекткепте тәрбиелеудің маңызы зор екенін айта келіп, педагогикалық тәжірибемнен кейбір мәселелерге толық тоқталып өтуді жөн көрдім. Бала жаңа өсіп келе жатқан тал шыбық сияқты қалай исең солай иіледі. Сонда тәрбие дегеніміз не?
Кейбір ата-аналар баланы дүниеге келтіруді, асырауды, киіндіруді тәрбие деп түсінеді. Әрине бұларсыз тәрбие болмайтыны түсінікті. Бұл тәрбиенің бір жағы ғана. Тәрбие дегеніміз – үлкендер жағынан жастарға ұдайы, белгілі бағытта, үзбей жасалатын психологиялық ықпал. «Тәрбие мазмұны - аға ұрпақтың өз тәжірибесіне, құмарлығына, өз намысына кейінгі ұрпақты әуестендіру болып табылады», - деп жазды А. С. Макаренко. Олай болса, әрбір ата-ана, үй ішіндегі үлкендер балаға ықпал жасайды. Бұл ықпал отбасында, мектепте, көшеде, көпшілік ортасында жастарға әсер етіп жүргендігін өз тәжірибемде көріп жүрмін.
Бала мінезінің әрқилы болатындығында дау жоқ. Біреулер салмақты, иланғыш келеді, екінші біреулер ұшып – қонған дегбірсіз ашуланғыш, біреулері самарқау, жалқау болатынын көріп жүреміз. Мұндай мінездер отбасында болсын, мектепте болсын әр түрлі педагогикалық әдіс – айла, салалы ыждағатты тәрбиені қажет етеді. Мысалы менің мұғалімдік тәжірибемде қилы – қилы мінезді оқушылар кездеседі. Ж. деген оқушым ерке, шолжаң неге бұлай дегенде «Әжесінің ұлы екені, оған тек мақтау сөз жағады».
Ал екінші бір отбасында көп баланың бірі А. деген оқушы өте сезімтал, тәртіпті, айтқанды ұғып алады, балалармен тату оған тек әділ талап қана керек.
Үшінші бір отбасында көрген Р. Ә. М. сияқты оқушыларым болбыр, жалқау, сабақты самарқау тыңдап, шабан жазады. Сыныптағы оқушылардың сабақ үлгеруі психологиялық мінез-құлықтары әр түрлі.
Бала тәрбиесі жөргектен басталады. Уақытылы емізу, тамақтандыру, ұйықтату, құрғату, таза ауаға дағдыландыру, қолға үйретпей өз бетінше жатуға дағдыландыру т. т. тәрбиенің басы.
Бастауыш сынып жасындағы балалар ойнағанды жақсы көреді. Олардың сезім жүйесі, ақыл – парасаты ойын үстінде әйгіленіп қалыптаса түседі.
«Мектеп жасына дейінгі балалардың» - деп жазды Н. К. Крупская, - ойынға айналуының ерекше маңызы бар. Ойын олар үшін оқу, ойын олар үшін еңбек, ойын олар үшін тәрбие формасы – деген. Балалардың ойлап таппайтыны болмайды. Балалар үлкендермен бірге жұмыс істеуге құмар келеді. Әкесі не істесе, ұлы соны істегісі келеді. Шешесі не істесе, қызы соны істегісі келеді.
Бала ата-ана, мұғалім, тәрбиешілердің жүріс-тұрысын, қарым-қатынасын үнемі қадағалап отырады. Бала алдындағы әдепсіз бір сөздің, бір ұнамсыз жүріс-тұрыстың өзі баланы тез өзгеріске ұшыратады. Баланы жанұяда дұрыс тәрбиелеу үшін не керек?
Ол үшін: Отбасы өмірі біркелкі қалыпта тату-тәтті болу керек. Оның әрбір мүшесі тек бірін-бірі сыйлайтын, мейірімді болу керек. Отбасы тұрмысы, бала тәрбиесі жеке бастың ісі емес, өйткені, отбасы баланы болашақ өмір үшін, қоғам үшін тәрбиелейді.
Кейбір әкелер маскүнемдікке салынып, отбасының шырқын бұзып жұмысқа шықпай, үйінде жанжал шығарады. Балалары әкеге еліктеп былапыт сөздерді көп айтып, шөлмекке су құйып, стакан соғыстыру, шылым шегуге әрекеттенеді.
Үнемі кешке біраз уақытқа дейін көшеде жүріп, бақылаусыз кетеді.
Біз осындай ата-аналармен бас қосқан мектеп жиналысында айтқанымызда кейбір ата-аналар баласының жоғарыдай қылықтарын біреулерден көріп, өздерін ақтап, жолдастарынан, мектептен, көшеден көріп, тіпті мұғалімдерді айыптағысы келеді. Баланы тәрбиелеу үшін оның алдында әрбір ата-ана беделді болуы керек. Бірақ бедел, абырой өзінен-өзі келмейді. Оны жалықпай, ұдайы еңбекпен алу керек.
Кейде сыныпта ата-аналар жиналысын өткізгенде сынып ата-аналарының тең жартысы келіп отырады. Көпшілік ата-аналар әртүрлі сылтаулармен келмей өздерінің шаруасымен қыдырыстап, не қонақтыққа барып, жиналысқа келмей қояды. Бала ата-анасының сондай себептермен жиналысқа бармай қалғанын біледі. Міне, мұндай кезде ата-анада қандай бедел болмақ? Ондай ата-аналарға не айтуға болады?
Кейбір ата-аналар беделді баланың көңілін тауып оның орынды да, орынсыз да сұрағандарын тауып беріп беделге ие болмақ болады. Мұндай бедел тұрақты болмайтындығын өмір көрсетіп жүрген жоқпа? Шын бедел, әділ талап, дана ақылдан туады.
Тағы бір айтар жай, қыз бала мен ер баланың қызметін ешқашан бөлмеу керек. Баланың жуа алмай, не істей алмай жатқан нәрсесін, ата-анасы көмектесіп жібергені мақұл. Бұл баланы шексіз қуантады, ата-анасына деген ризашылық сезімге жетелейді.
Баланың келешек бақыты үшін, атақты педагог К. Д. Ушинский «Егер балаңыз бақытты болсын деп тілесеңіз, оның бақыт үшін емес тәртіппен еңбек үшін әзірлеңіз», - деген болатын.
Олай болса, бақытты тәртіп пен еңбектен іздеу керек.