Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын,танымдық белсенділіктерін арттыра отырып,өз ойларын еркін де шешен сөзбен дәлелдеуге үйрету.Топпен қарым-қатынас арқылы бір шешімге келе алуға,өз ойын ортаға салуға және ұйымшылдықты нығайтуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:Ұшқыр ойлы,тапқыр ойын еркін жеткізе алатын ұрпақ тәрбиеленеді.
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Оқушының іс - әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу. Оқушы назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру.
| Шаттық шеңбері А.Байтұрсыновтың өлеңін хормен айтады | Суреттер |
Сабақтың ортасы | Сыныпты үш топқа біріктіреді Мұғалім ұшқыр ойлау,шешен сөйлеу туралы мағұлмат береді Сабақ төрт кезеңге бөлінеді: Тауды биік деме сен, Талаптансаң шығарсың. Қарсылас мықты деме сен, Білімді болсаң ұтарсың! 1.Білімді болсаң,байқап көр! (Сұрақтар қойылып,жауаптар алынады) Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қыйындықтан өткізер 2.Ойлы болсаң,озып көр! (3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі) Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Кім жүйрік ойға,сол алда
3.Тапқыр болсаң,тауып көр! (3 топқа 3 түрлі сөз беріледі.Сол сөздерден сөз құрайды) Білімді ден шығады алғыр,шешен Шешендіктен болған ғой барлық көсем Сайра шәкірт суырып шарықташы Қалмасын бұл сайыста сенің есең
4.Шешен болсаң,айтып көр! (Билердің тапқыр сөздерінен үзінділер айтады)
| Сынып 3 топқа бөлінеді 1-топ Ұшқырлар 2-топ Тапқырлар 3-топ Шешендер
Оқушылар тәуелсіздікке байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
1-топ Ребус құрайды 2-топ Тірек сөздерден мәтін құрайды 3-топ Постер қорғайды
1-топ «Тәуелсіздік» сөзінен сөз құрайды 2-топ «Бостандық» сөзінен сөз құрайды 3-топ «Азаттық» сөзінен сөз құрайды
Билердің шешен,тапқыр сөздерінен үзінділер айтады. |
|
Сабақтың соңы | Көрініс көрсету
Бейнежазбадан билердің сөздерінен үзінді тыңдату
Оқушылардан тақпақтар сұралады
Тәуелсіздік таңы сендер білемін Болашаққа бар білімін берерін Барыс текті жастар сендер білемін Жалындатып биік шыңда жүрерін
Кері байланыс жүргізу
| Оқушылар билердің тапқыр сөздерінен көрініс көрсетеді Бейнежазбадан билердің тапқырлығын суреттейтін үзінділер тыңдайды
«Білім қоржыны» арқылы кері байланыс жасайды
|
|