Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1785

Психикалық дамуы тежелген балаларға сенсорлық тәрбие бойынша дидактикалық ойындар

Міндеттері: 1.Балаларды түстермен, геометриялық пішіндермен таныстырып, түсін, пішінін, көлемін ажырата білуге үйрету.2.Түрлі пішіндегі құрылымдарды жасауға, олардың қолданылуын түсінуге үйрету.3.Ұсақ қол қимылдарын, құрал жабдықты, заттармен іс –әрекетті, бекітілген әлеуметтік тәжірибелерін дамыту. 4.Заттардың түсі, пішін,і өлшемі мен басқа да қасиеттерін бағдарлауын қалыптастыру, құрал жабдықтарды қолдану барысында ойлау қабілеттерін дамыту. 

Мақсаты: Балалардың сенсорлық тәрбиесін дидактикалық ойын арқылы қалыптастыру,

 

  

Мектепке дейінгі педагогикада әсіресе сәбилік жаста ерекше назар аударатын тәрбие түрі –сенсорлық тәрбие.Сенсорлық тәрбие әр-түрлі:ақыл-ой, эстетикаклық, патриоттық, дене,адамгершілік т.б.тәрбие түрлерімен қатар жеке тұлғананың дамуына негіз болады.Соған байланысты сенсорлық тәрбиені осы жастағы балаларға берілетін тәрбиенің құрамды бір бөлігі деп айтуға болады. Сенсорлық тәрбие алдымен қоршаған ортадағы болмысты қабылдау мен түйсікке негізделеді.Айналадағы қоршаған ортаны,заттар мен құбылыстарды көру,есту қабылдау арқылы өзіндік үрдістер: ес,қиял.ойлау пайда болады.Бір нәрсені еске түсіру үшін алдымен оны не кору, не есту керек.Бұрынғы тәжірибедегі алған әсерлері бұл үдерісте жаңа мазмұнда көрінеді. Ақыл –ой және деңе еңбегінің барлық түрлерінде, баланы болашақта қоғамдық іс әрекетке даярлауда,оның сенсорлық қабілетін дамыту қажет,яғни түстерді, пішіндерді, дыбыстарды дәл және дұрыс айыра білуге үйрету, қоршаған ортадағы құбылыстарды өзіндік қассиеттерін дұрыс қабылдау қажет. 

Сәбилік шақта айналадағы қоршаған ортаның үдемелі дамуы өте маңызды мәнге ие болады. Дәл осы шақта баланың психикалық дамуының негізі каланады. Балабақшадағы сенсорлық тәрбие ақыл –ой тәрбиесінің негізі болып табылады,ол баланың сенсорлық тәрбиесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбиесі баланың көру,есту,тату,сипау дәм,иіс сенсорларын тәрбиелейді. Осы алтауы бізді сыртқы ортамен таныстырады.Яғни олардың түсі,түрі,дәмі,иісі және басқа сындарын адам жанына осы алты сенсорлық сапаларды береді. Сыртқы сенсор адамның жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың бұл сенсорларын аса жақсы тәрбиелеу керек. Біріншіден,бұл сенсорлардың сау және берік болуына,екінші сол сенсорлардың өткір,терең,дұрыс болуына жағдай жасау керек. Ойын арқылы оқыту технологиясы бойынша өқу іс-әрекетінде ойындар қолданылады.Ойын әрекеті –баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интелектуалдық мектеп –делінген.Әсіресе,сюжетті-мазмұнды ойындар мен дидақтакалық ойындар жиі қолданылады.Бүлдіршіндерге сенсорлық тәрбие беру өқу іс-әрекетін дидактикалық ойын арқылы өткізу өте тиімді.

«Ойын арқылы бала дүниені таниды»-дейді Т.Тәжибаев.Шынында да,бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы,сол арқылы ересектерге еліктейді,олардың іс –әрекетін,қарым –қатынастарын үйренеді,еңбектің мәнін түсініп,адамгершілік нормаларын игереді,әлеуметтік рөлдер аткарады. Ойынның басты шарты- жеңіске жету болса да,әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып,бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойын арқылы бала өздігінен жұмыс істеуге үйренеді,ойлау қабілеті дамиды,сөздік қоры баийды. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың тілін дамытып,ойын жүйелі айта беруге үйрету-педагогтын парызы. Бала өміріндегі ойынның алатын маңызды орны туралы педагог М.Жұмабаев: «Ойын-бала үшін өмірлік тәжирибе.Ойын барысында бала өзін қоршаған орта туралы алған білімін пайдаланады.Ойын кезінде бала терең әсер алып, үлкен белсенділік көрсетіп,қисынды ойлау қабілеті қүшейеді,ойында баланың тілін дамыту үшін де пайдалану керек»-деп баса айытқан. Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қаңдай да бір міндеттер қойылады,оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу,іс-әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар сәбилер тобы балаларының түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға,білім меңгеруіне көмектеседі.Бұл ойындар балаларды қандай да бір ой міндеті мен практикалық міндетті шешудің алуан түрлі үнемді және ұтымды тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойынның нәтижесі –балалардың білімді игеруде,ақыл –ой қызметін дамытуда,өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктері дәрежесінің көрсеткіші. 

Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада: -         Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады; -         Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған былықты көрсетулерін ретке келтіру; -         Байқағыштығын дамытады; -         Шынайы өмірге дайындайды; -         Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді; -         Қиялдың дамуына негіз болып табылады; -         Зейінін дамытады; -         Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді; -         сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді; -         оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді; -         баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді;. -         көру, есту, бейнелі және т.б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді; Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар ойнаушылар әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін, екінші жағынан – еріктілік қағидасын, өзі таңдау құқығын, жеке даралығын көрсетуді ескереді. Күнделікті өмірде бала әртүрлі пішінді бояуларды кездестіреді – бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған ортадағы заттар. Көркем туындыларды – сурет, мүсіндерді көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы жерде көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және жоспарлы түрде балаларды адамның сенсорлы мәдениетімен таныстырады. 

  1.  
  2. Сенсорлық даму (лат. Sunser-сезім )-қоршаған дүниенің заттары, құбылыстары мен заттар туралы қабылдау, түсініктердің дамуы. Адам әлемді танып-білу арқылы  сезім жүйесі бар: көру, есту, сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу. Болашақтағы оқу процесі балардың обьектілерді қабылдауды және алған білімдерімен әрекет етуді қаншалықты дәл меңгеруіне байланысты.
  3.  
  4. Мектепке дейінгі кезең- сенсорлық тәрбиенің ең жақсы уақыты. Балаңыздың сенсорлық дағдыларын дамытудың және нығайтудың ең жақсы жолы -кез келген әрекеттер мен жауапкершілікті ойынға айналдыру.

 

  1. Осы құралдардың барлығын саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту, заттармен жұмыс істеудің  қарапайым тәсілдерін үйрету, заттардың көлемін,а түсін және пішінін тану барысында балалардың сенсорлық тәжірибесін бйыту үшін қолданамын.
  2. Психикалық дамуы тежелген балалармен сенсорлық дамуда дидактикалық ойындарды қолдану тәжірбиеммен бөліскім келеді.
  3. Балаларды заттардың қасиеттерімен таныстырудың негізгі міндеті- заттардың түсі, пішіні және өлшемі туралы идеялардың жинақталуын қамтамассыз ету.
  4. Бұл презентацияда мен балалардың сенсорлық нормаларды меңгеруге бағытталған, ойын әрекетіне арналған, әр түрлі материалдардан жасалған әдістемелік құралдарды көрсетемін.

 

«Бірдей асықты тап», «Әдемі қарындаштар»

Мақсаты: Балаларға біртекті заттарды, түсі бойынша топтастыру қабілеттерін нығайту.

 

 

«Түрлі түсті ұяшықтар»

Мақсаты: Балаларды біртекті заттарды түсі бойынша топтастыру қабілетін нығайту.

 

 

«Түс бойынша таңдау»

Мақсаты: Балалардың заттарды түсі бойынша  салыстыру қабілеттерін арттыру, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту, түстердің   мұндай түс болмайды деген сөздермен таныстыру.

 

 

 

«Түрлі түсті стакандар»

Мақсаты: Балаларда түрлі-түсті әсерлерді жинақтау, ойындарға эмоционалды қатынасты қалыптастыру.

 

 

«Үлкен және кіші»

Мақсаты: Балаларды заттармен карапайым әрекеттерді үйрету, үлкен және кіші сөздерін дұрыс бағдарлап үйрету.

 

 

«Жеңіл және ауыр сөмкелер»

Мақсаты: Құм толтырылған сөмкені пайдаланып, балаларды жеңіл және ауыр ұғымын ажыратуға үйрету.

 

 

«Кесе түстес таңқурайларды жина»

  1.  Мақсаты:Балаларға бір түсті таңқурайларды өзі түстес кесеге жинауға үйрету, тактикальды сезімді дамыту.

 «Геометриялық фигураларды орналастыру»

Мақсаты: Балаларды ойын арқылы, геометриялық пішіндермен таныстыра отырып, қабілеттерін дамыту.

 

Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалуға болады: Ойын-тәрбие құралы, ақыл ойды, тілді ұстартады,сөздік қорды байытады, өмірді таныстырып сезімді кенейтеді тәрбиелейді. Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. Ұжымдық сезім әрекеттері дами түседі. 

Эстетикалық тәрбие беру-өнерді көркемдікті түсіндіру құралына айналады. Енбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. Дене күшінің жетілдіруне көмектеседі-ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. 

  1.  

 

869 0
Гулжанар Сапаргалиева, № 8 «Сказка» бөбекжайының тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 002219
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: