Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1780

Математикалық сауаттылық авторлық бағдарлама

 

 

                                                   Түсінік хат

 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік  Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген.  Ондағы басты мақсат–жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.Қойылған міндеттерді шешу үшін оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалардың дамуы үшін мүмкін жағдайлар жасау қажет. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.

Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың бір тармағы болып табылады. Сауаттылық қызметі – алған білім, білік, дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. 

Бағдарламада   оқушылар меңгеруге  тиісті білім,білік, дағды мөлшері көрсетіледі. Бұл білім мөлшері оқушының жалпы білім беретін орта мектепке міндетті түрде барлық оқушы алатын білім мөлшеріне енеді.

Бағдарламаның мақсаты:

  1. Оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру,      математикалық қабілетін анықтау және дамыту; 
  2. Бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;
  3. Стандартты емес, логикалық, күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;
  4. Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
  5. Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;
  6. Математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді     шешуде еркін қолдану.
  7. Шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;   
  8. Мәселелерді тани білу: әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
  9. Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;
  10. Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;
  11. Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;
  12. Ауызша, жазбаша, аспаптық есеп шығару үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру
  13. Дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;
  2. Практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу, есептеу мәдениетін дамыту;  
  3. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;
  4. Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
  5. Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;
  6. Күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу.
  7.     Авторлық бағдарламаның мақсаты: математика пәні бойынша ойлаудың математикалық стилін, интеллектуалдық (ахуалдық ) және сезімталдық қасиеттерді оқушыларға қалыптастыру, білімін тереңдету, кеңейту, логикалық есептерде тапқырлыққа баулу, қызығушылығын арттыру
  8. Авторлық бағдарламаның  міндеттері :
  9. -бала тұлғасының дұрыс өсуіне, ақыл ойдың дамуына оқушылардың интеллектуалдық (ахуалдық), сезімталдық – еріктілік, белсенділік қалыптастыру;
  10. -оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
  11. -математикаға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру.
  12. Авторлық бағдарламаның жүзеге асыру формалары:                              Жұмыс барысында  оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған  тапсырмалар арқылы ,практикалық сабақ,  топтық жұмыстар орындау, сайыс, ойынзерттеу-ізденіс, сауалнама.
  13. Бағалау формалары: оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады. Бағалау барысында: тақырыпты толық білуін,  мән мағынасын түсінгендігін сандарды дұрыс оқып, жазуы, олардың шығу тарихын, кейбір сандардың сырлары туралы біледі, өз бетінше шығармашылық тапсырмалар құрастыруы, математикалық және дидактикалық ойындардың  тапсырмаларын орындауын, геометриялық есептерді орындауының қалыптастырғанын ескеру қажет.

Күтілетін нәтиже:

-сандар туралы толық ақпарат алады;

-геометриялық есептерді шығара алады;

-логикалық есеп шығара алады;

-сөзжұмбақ, ребус, шытырман шеше алады;

-шығармашылық тапсырмаларды орындай біледі;

Білім өнімі: оқушылардың сабақ барысындағы танымдық, зерттеушілік іс-әрекетерінің барысында әзірленетін материалдар.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша күтілетін нәтиже – қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік негізінде, сыйластық, бірлескен жұмыс, ашықтық, білімі мықты, қарым-қатынас қабілеті, тәртібі қалыптасқан, кеңейтілген дағдыларды меңгерген: білімді функционалдық және шығармашылық қолдану; сыни ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; әртүрлі коммуникация түрлерін қолдану, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру; топта және жеке жұмыс жасау, жұптық жұмыстарды орындай білу, алған білімдерін жинақтап, әртүрлі мәселелерді шешуде қолдану икемділіктерін дамыту.

 

 

 

Нормативті бөлім

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаты

Сағат саны

Білім нәтижесі

Барлығы

Теория 

Практика








1

Пайызбен берілген мәтіндік есептерді шешу

Пайыздарға берілген мәтінді есептерді шешу

1

1

 

Пайызбен берілген мәтіндік есептерді шешеді

2-3

Арифметикалық квадрат түбірлердің қасиеттері.

Квадрат түбірлердің мәндерін есептеу және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру  тақырыбына берілген есептерді шығаруға дағдылану

2

1

1

Арифметикалық квадрат түбірлердің қасиеттерін меңгереді

4

Санның  стандартты түрі

Тақырып типтес есептерді шығаруға дағдыландыру

1

1

 

Санның  стандартты түріне есептер шығарады

5-6

Қысқаша көбейту формулалары

Тақырып типтес есептерді шығаруға дағдыландыру

2

1

1

Қысқаша көбейту формулаларын біледі

7-8

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Көпмүшелерді көбейткіштерге  жіктеу тапсырмаларын шығаруға машықтандыру

2

1

1

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді біледі

9

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, өрнектерді түрлендіру

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, өрнектерді түрлендіруге есептер шығаурға дағдыландыру

1

1

 

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып өрнектерді түрлендіру

10

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып , алгебралық өрнектерді     түрлендіру

Типтік тапсырмаларды орындауға машықтандыру

1

1

 

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, алгебралық өрнектерді  түрлендіруді орындайды

11-12

Теңдеулерді шешу  тәсілдері

Теңдеулерді шешу  тәсілдерін меңгеру

2

1

1

Теңдеулерді шешу  тәсілдерін біледі

13

Теңдеулер.

Модуль белгісі бар квадрат теңдеулерді шешуге дағдыландыру

1

1

 

Теңдеулерді шығарады

14

Теңдеулер жүйесін шешудің  тәсілдері

Теңдеулер жүйесін шешудің  тәсілдерімен танысады, типтік есептер шешуге дағдыланады

1

1

 

Теңдеулер жүйесін шешудің     тәсілдерін біледі

15-16

Тест

Тест тапсырмаларын орындайды

2

1

1

Тест сұрақтарына жауап береді

17-18

Теңсіздіктерді шешу  тәсілдері 

Теңсіздіктерді шешу  тәсілдеріне берілген типтік тапсырмаларды шығаруға дағдыландыру

2

1

1

Теңсіздіктерді шешу  тәсілдерін меңгереді 

19

Теңсіздіктер жүйесін     интервалдар  әдісі арқылы шешу.

Теңсіздіктер жүйесін  интервалдар  әдісі арқылы шешуге есептер шығаруға дағдыландыру

1

1

 

Теңсіздіктер жүйесін  интервалдар  әдісі арқылы шешуді меңгереді

20-21

Функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері (сызықтық, кері пропорционал, квадраттық және т. б.)

Типтік тапсырмаларды орынадуға дағдыландыру

2

1

1

Функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері (сызықтық, кері пропорционал, квадраттық және т. б.) туралы біледі

22-23

Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, құймаларға және ерітінділерге арналған есептер

Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, құймаларға және ерітінділерге арналған есептерді шығаруға дағдыландыру

2

1

1

Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, құймаларға және ерітінділерге арналған есептер шығарады

24-25

Санның модулі, оның геометриялық мағынасы, модульдің негізгі қасиеттері

Типтік есептерді  шығаруға дағдыландыру

2

1

1

Санның модулі, оның геометриялық мағынасы, модульдің негізгі қасиеттерін меңгереді

26

Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктерді шешу жолдары

Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктерді шешуге  берілген типтік есептерді шығарады

1

1

 

Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктерді шешу жолдарын біледі

27

Сызықтық және квадраттық параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктер, оларды шешу жолдары

Сызықтық және квадраттық параметрі бар  теңдеулер мен теңсіздіктер, оларды шешу жолдарын меңгеру

1

1

 

Сызықтық және квадраттық параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктер, оларды шешу жолдары

28-29

Виет теоремасын қолдану.

Виет теоремасын қолдануға дағдыландыру

2

1

1

Виет теоремасын қолдануды біледі.

30-31

Логикалық есептер

Логикалық есептерді шығаруға дағдыландыру

2

1

1

Логикалық есептерді шығара алады

32

Фигуралардың ауданы

Фигураның ауданын табуға дағдыландыру

1

1

 

Фигуралардың ауданына есептер шығарады 

33-34

Қорытындылау .Тест

Курс бойынша алған білімдерін қорытындылау

2

1

1

Тест тапсырмасын орындайды

 

  

 

949 0
Нуржамал Утепбергенова, «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - нің математика пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002214
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: