Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 1.1.2.5 20 көлеміндегі бір таңбалы мен екі таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау; 1.5.1.6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру. | ||||
Сабақтың мақсаты | Қосу және азайтуды орындайтын боласың. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Ұйымдастыру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту Рефлексия
Кері байланыс | Ұйымдастыру Психологиялық ахуал орнату. -Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма? -Өткен сабақта не өттік? -20 көлеміндегі сандарды ауызша қосып, азайтуды үйрендік. -Олай болса, өткен сабақ бойынша ойын ойнайық. Мұғалім «Бұл қандай сан?» ойынын ұйымдастырады. -Бұл санда 1 ондық және 5 бірлік бар. Бұл қай сан? -Бұл санның көршілері 16 мен 18. Бұл санды ата. - 1 ондық 2 бірлік. Ол қандай сан? - 17 санының бірлігі мен ондығын ата. - 16 санының көршілерін ата. Жұмбақ шешу: Қияр, қызанақ, қызылша Оларсыз салат бола ма? Жуасыз тамақ пісірмейміз Бәрінің атын не дейміз? (Көкөніс) Бүгін қайталау сабағы.
Мұғалім оқушылармен көкөністердің қалай өсетіні туралы әңгіме жүргізеді. Көкөністер қысы-жазы біздің дастарханымыздан кетпейді. Қыста оларды қайда өсіреді? Дұрыс , жылыжайда өсіреді. Сондықтан қысы-жазы жас көкөністер үзілмей дүкенде,базарда сатылып тұрады.
Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Сурет және қысқаша жазу бойынша есеп құрастырады.Қысқаша жазу бойынша кері есеп құрастыр.
Топтық жұмыс: 1-топ: Оқулықтағы №2 тапсырманы орындауды ұсынады. Есепті шығар. Сызбасын сызып, оны
2-топ: оқулықтағы №4 тапсырманы орындайды.
3-топ: Оқулықтағы №5 зерттеушілік тапсырманы орындайды.
4-топ: Есепті шығар. Бақшаға 20 түп қияр отырғызылды. Түптердің арасы 1 метр. Бірінші түп пен жиырмасыншы түптің арасы неше метр?
Сергіту сәті. 1,2,3 қарлығаштай боп ұш, 4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қайта орныңа қон.
Дәптермен жұмыс Өзіндік жұмыс. Оқулықтағы №3тапсырманы өз бетімен орындайды.
Есепте. Өзара байланысты өрнектер құрастыр.
Не ұнады? Жаңа не білдім? Бағалау. «Математика – ғылымдардың патшасы» деп ғалым Гаусс айтқандай, біздің күнделікті өміріміз математикамен байланысты.
Кері байланыс: Егер түсінсең жасыл қызанақты көрсет, сұрағың болса, сары, түсінбеген болсаң, қызыл қызанақты көрсет. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар ойынға қатысады. Сандардың құрамын қайталайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жұмбақты шешеді.
Оқушылар мұғалімді тыңдайды.
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындайды.
Қызанақ – 12кг Қияр - 8 кг ?кг Шешуі: 12+8=20 кг Жауабы: 20 кг көкөніс
1-топ: Оқушылар есепті шығарады. Қызанақ – 15 түп Қияр – 5 түп ?түп Шешуі: 15+5=20 (түп) Жауабы: Барлығы 20 түп көгөніс отырғызылды. Кері есеп құрастырады. 2-топ:Бірінші бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды жазады. 2+5=7 17-5=12 3+3=6 10-4=6 13+6=19 20-4=16 2+8=10 19-4=15 12+5=17 7-5=2 5+5=10 7-5=2 0+7=10 5-3=2 20-3=17
3-топ: Оқушылар әртүрлі үш қызанақты бір қатарға қалай орналастыруға болатынын ойлайды. Әртүрлі нұсқалар салады. Қызанақтардың орнын дөңгелектер салады. Барлық нұсқаларды жазу үшін ережені сақтау қажет. ҚЖС, ҚСЖ, ЖҚС, ЖСҚ, СҚЖ, СЖҚ. Барлығы 6 нұсқа
4-топ: Есеп шығарады. Сергіту жаттығуын жасайды. 1,2,3 қарлығаштай боп ұш, 4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы. 7,8,9,10 қайта орныңа қон.
№3 тапсырманы өз бетімен орындайды. 12+4=16 4+12=16 16-4=12 16-12=4 Өзара байланысты өрнектер құрастырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Қызыл, сары, жасыл қызанақтармен сабақты түсінген, түсінбегендерін білдіреді.
| Мадақтау арқылы бағалау.
Мадақтау.
Мадақтау, бағалау.
Мадақтау, бағалау.
Мадақтау, бағалау.
Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады. | АКТ
Оқулық, дәптер, қалам.
Оқулық, дәптер, қалам.
Әр топқа А3 қағаз, маркер, түрлі түсті қарындаш
Оқулық, дәптер, қалам.
Қызыл, сары, жасыл қызанақтың суреті. | |