Мақсаты: Балалардың денесін шынықтыруға,денсаулығын нығайтуға,дұрыс өсіп қалыптасуға үйрету,жарысуға,жарыста жеңімпаз болуға үйрету. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрету, оларды қолдану.Жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:
Нұсқаушы:Құрметті ұжымдастар,кішкентай бүлдіршіндер! Мектепалды даярлық «Құлпынай», «Солнышко», «Балбөбек» топтарында ұйымдастырылған «Әуе шарларымен көңілді жарыстар» сайысына қош келдіңіздер!
Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
- «Құлпынай»,
- «Солнышко»,
- «Балбөбек»
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық:
1.Балабақша әдіскері. Ақмарал Шекеқызы
2.Балабақша мед.бикесі: Гүлзат Айғалиқызы
3.Балабақша тәрбиешісі: Руза Саяққызы
Сайыс бөлімнен тұрады:
1. «Таныстыру»
2.«Достық»
3.«Тазалық»
4.«Көңілді старт»
5. «Поровоз»
6. «Біз суретші боламыз»
1 жарыс: « Таныстыру»
Шарты: Үш топ өздерін таныстырады.
I — топ «Құлпынай»
II — топ «Солнышко»
ІІІ- топ «Балбөбек»
2 жарыс: «Достық»
Шарты: екі бала қол ұстасып, әуе шарын кеудеге қойып мәреге дейін барып,қайтып келеді.
3 жарыс: «Тазалық»
Шарты: жердегі шашылып жатқан шардың біреуін қалақпен жинап алып мәредегі шелекке тастау. Қайтарда қалақ пен сыпыртқыны алып келесі балаға беру.
4 жарыс: «Көңілді старт»
Шарты : шарды тізенің ортасына қысып алып мәреге жүгіріп бару, қайтарда шарды қолға ұстап келіп,шарды келесі балаға беру.
5 жарыс: «Поровоз»
Шарты: барлық топ қатысушылары поровоз болып тұрып, кеуделеріне әуе шарын қойып мәреге дейін барады және кері қайтады.
6. жарыс: «Біз суретші боламыз»
Шарты: Әр топ балалары кезектесе мәреге дейін жүгіріп отырып, адам бейнесін шарға салады да, кері орнына қайтады.
Осымен сайысымыз аяқталды жеңімпаздарды марапаттау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік! Сау болыңыздар!
Сайысымызды келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!