Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI177

ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМЫ, ШЫҒЫСТАНУШЫ, ӘДЕБИЕТ ЗЕРТТЕУШІСІ. «ЫСТЫҚКӨЛ» КҮНДЕЛІГІ

Сабақтың мақсаты: Ғалымның бірегей тұлға екенін тану, шығармашылығымен танысу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқытудың əдіс-тəсілдері: əңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, фотосуреттер

топтамасы, слайд

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сəлемдесу, оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабақ алды

Оқушыларды тақтаның алдына шығарып, шеңбер құрып тұрып, өз есімдерін айтып, бүгінгі күнге,

бүгінгі сабаққа жақсы тілектер тілеумен бастау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

"Ақылды би" ойыны арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Мұрат Мөңкеұлы "Қарасай-Қази" жыры

Сұрақтар қою

1. Мұрат Мөңкеұлы қай жылдары өмір сүрген? (1843-1906)

2. Мұрат жас кезінен жиын - тойдан қалмай ел ішінде қандай атқа ие болады? (шешен бала, тапқыр

бала)

3. Мұрат Мөңкеұлының қандай шығармаларын білесіңдер? ("Үш қиян", "Сарыарқа", "Қарасай- Қази",

"Өлім", "Қыз", "Арғымақ сайлап не керек?", "Оқудан қайтқан жігітке хат", "Еліне жазғаны", "Бір досқа",

т. б. )

4. Мұрат Мөңкеұлы алғаш кіммен айтысып, жеңген? (Жылқышы)

5. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларын айқындайтын мұралар? (Би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері

мен жиын-тойлардағы жырлары)

6. Ақын шығармаларының ең көлемдісі? ("Қарасай - Қази" жыры)

7. "Қарасай - Қази" қандай шығарма? (Эпостық поэма)

8. Мұрат Мөңкеұлының "Зар заман" ақыны атануының себебі неде? (Жырау елінің тəуелсіздігін аңсап,

бодандыққа қарсы жыр толғаған. Ол айналасында болып жатқан өзгерістерді өзінше танып, өзінше ой

түйген ақын)

9. Жырдың басты кейіпкерлері кімдер? (жетім балалар Қарасай мен Қази)

10. Жырдағы бөлекше əсер қалдыратын кімнің бейнесі? Ол қандай адам? (Анасының бейнесі. Ол қос

батыр өсірген асыл ана, мейірімді де адал жар. Басқа жырлардағыдай көркіне ақылы сай болып

суреттелмейді. Оның аяғы ақсақ, көзі соқыр. Бірақ жырда ақылымен алға шыққан Орақтың сүйкімді

жары, ерін қалай сүйсе, елін де солай сүйген адал жан)

Оқушылар, қазақ аспанында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, қысқа ғұмырында халқына өлмес, өшпес

мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы, саяхатшы, зерттеуші, суретші кім еді?

Олай болса, бүгінгі сабағымызды Шоқан Уəлихановтың өмірі мен шығармашылығына арнаймыз.

ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар, қай заманда, қай ғасырда болмасын мəңгі өлмес тұлғалар болады. 19 ғасырдың 2 -

жартысында өмір сүрген, қазақтың дана да дара тұлғасы, артына өшпес мұра қалдырған ұлы ғалымы –

Шоқан Уəлиханов. Олай болса, Шоқан Уəлиханов Кім? деген сұраққа жауап жазайық.

Берілген диаграмманы толтыру.

ШОҚАН кім?

Шоқан (тұңғыш əскери ғалымы, ұлы саяхатшы, суретші, археолог, тарихшы, публицист, əдебиетші,

зерттеуші, географ, ойшыл, ағартушы – демократ, Европаға қазақ əдебиеті мен мəдениетін алғаш

танытушы.)

Слайд көрсетіледі.

Түрлі-түсті суреттер арқылы топқа бөлу

Топтық жұмыс

    Бірінші топ «Ыстықкөл күнделігі» туралы мəлімет береді.

   1-топқа ресурс

   Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уəлиханов жазған «Ыстықкөл

күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай,

Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты,

халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мəлімет береді.

Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады. Шоқан «Ыстықкөл

сапары» кезінде 1856 жылы 18 сəуірде Семейден шығып, таң ата келе Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

кешенін сырттай көзбен шолып өткен Шоқан жолай Жетісу, Жоңғар Алатауы алабында көп кезігетін

ескі обаларға көңіл бөледі. Лепсіге келгенде, оның төңірегіндегі молаларға қарап, көптеген тайпалар

мен рулар қабат қоныстанатын құтты мекен екендігін жазады. Шелек төңірегіне келгенде, Абылай

ығыстырған қалмақтардан қалған қорғанның қираған орнына назар аударады.

    Аңыздар мен деректерге қарағанда, Ыстықкөл деңгейі арагідік өзгеріп отырған. Бұрын ол жерлер

батпақты болған екен. Қазір ол жерлердің ылғалдылығы азайып, бұрынғы батпақ орны егін алабына

айналып кеткен. Шоқан Уəлихановтың «Ыстықкөл күнделігі» атты зерттеу еңбегі оның нағыз сыршыл,

сезімтал нəзік жанды суреткер екендігін көрсететін бірден-бір туынды. 1856 жылы Омбыда

Гутковскийдің пəтерінде П. П. Семенов Тянь Шанскиймен танысқан Шоқан Ыстықкөл

экспедициясында бірнеше маршрутта онымен бірге болып, қосылып ғылыми жұмыстар жүргізеді. Оған

Шоқан «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай

екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең менің Жоңғарияға, Жетісу мен Іле өлкесіне жəне Ыстықкөлге

сапарымды қамтиды. .. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда Хаментовский бастаған

алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай тұрдым. Жоңғарияда бас-

аяғы бес ай болып, бұл өлкенің Алакөлден Тянь-Шаньға дейінгі аралығын түгел көріп үлгердім», - деген

жолдарды келтіреді. Мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек деп танылған «Ыстықкөл

сапарының күнделігі» бірер айдың жемісі.

    2-топ «Ыстықкөл күнделігіндегі қырғыз əйелдерінің сипатталуы.

   Ресурс

   Қырғыздарда, біздегі сияқты əйел күйеуінің қазасын бір жыл бойы дауыстап жоқтауы керек.

Мұсылмандар, яғни өз адамдары өткен кезде, ол жоқтау айтуы қажет. Сұрастыра келіп біздің білгеніміз,

əйел сарыбағаш оқиғасында күйеуінен айырылыпты, киіз үйге ілінген қара ту соны білдіріп, марқұмның

жасын да көрсетеді екен. Егер киіз үйге қандай да бір ту ілінсе, сол үй бір мүшесінен айырылды деген

сөз. Егер ту қызыл болса, жас адам дүние салған, қара болса, орта жастағы, ақ болса, кəрі кісі деген сөз.

Біздің аяшымыздың (қырғыз əйелі) отағасы орта жастағы болып шықты. Біз тоқтап тұрып қырғыз

əйелдің элегиясын (жоқтау) тыңдадық. Жоқтаудың жалпы сипаты - «маған енді не болады», деп,

марқұмнан «енді менің күнделікті қажетімді кім өтейді» деп сұрау, «етікті кім тігеді, тары ботқаны

кіммен бөлісіп жеймін» дегендей құдайға зар қылу.

    Əйел киімінің толық топтамасы көз алдымда болған соң, мен оларды зерттей бастадым. Қырғыз

əйелдері, тұрмысқа шыққаны бар, шықпағаны бар, жағасы жоқ ақ көйлек киеді, оның кеудесіндегі

ойығын қызыл жібекпен əдіптейді. Олардың үстіне киетін шапандары еркектердікі сияқты. Олар ала

шапан киеді, тек көк түсті кимейді (қазаның белгісі). Тұрмысқа шыққан əйелдің киіміндегі қыздан

айырмашылығы - бас киімі мен шаштарын өруде ғана. Əйелдер біреуін бетіне келтіріп, екіншісін

төбесіне айналдырып екі ақ орамал байлайды. Қыздар кішкене үкісі бар ақ тақия киеді. Əйелдер

шаштарын екі бұрым ғып өріп, ұштарын біріктіріп, тиын, кілт, түрлі əшекей бұйымдар тағып қояды.

Қыздар шаштарын ұсақ өрім ғып өріп, құлағының маңына асыл тастармен, моншақтармен, əркім

шамасына қарай əдемілеп қояды. Шаштың ұзындығы сұлулықтың бірінші белгісі, сондықтан барлық

əйелдер жалған шаш жалғап алады. Бетке опа жағу сияқты косметикалық бояулар да үлкен қолданысқа

ие екен. Сонымен қоса інжу, маржан, тиынмен безендірілген кеудешелер киіпті. Оларды алатамақ деп

атайды. Мұның бəрі көне заманда болған. Жас əйелдер салтанатты жағдайларда ақ бас киім - сəукеле

киеді.

   3- топ «Ыстықкөл күнделігіндегі» табиғаттың бейнеленуі туралы айтады.

   Іле бойы өсімдікке өте жұтаң, төңіректің бəрі құм. Ебелек, жусан, қызылша, ши, қурай, ошаған өседі.

Іленің суы лай, жағымсыз. Қытайлықтардың нанымы бойынша Іленің суы зиянды, одан адам жүдейді-

мыс. Есесіне Доржы өзенінің (қазақтар Шошқалы деп атайды) суы емдік қасиетке ие саналып, Құлжа

қаласының шенеунік қытайлары сол судан ішеді.

    Мен алғаш Алтын Емелден Ілеге жүріп өткенде, даланың бəрін қызғалдақ жауып тұрған. Қазір бұл түс

солғындап, есесіне бетеге, ебелек, шытыр жетіле өсіпті. Іле бекінісінен Шеңгелдіге қарай жол өзен

жағалауымен жүреді.

    Іленің орта ағысында жағалауы түгел дерлік құм төбелер, оларға жұтаң дала өсімдіктері тəн. Жалаңаш

жағалауға қарап оның негізін дала шпатынан тұратын гранит құрайтынын байқауға болады. Қаскелең

өзені құятын тұстан төмен жағалау өзгереді: үлкен гранит тастар батпақты сормен араласады.

Іленің оң жағалауы негізін гранит тастар құрайтын құмды белес. Жағалауда жиде, тал, балғын

(казактар оны құдай ағашы деп атайды), сарыағаш, ұшқат, тобылғы, қызылшы бұталары өседі. Іле

алқабында зиянды жəндіктер өте көп: бүйі, сарышаян, жыландар бар. Жануарлардан далада үйірімен


қарақұйрық, ақбөкен, құландар жүреді. Қасқырлар көп. Құстардан көктемде қаз, үйрек кездеседі,

жартаста кептер, қаратаған, шіл болады.Орманда қырғауыл мол.

Оқушыларға тапсырма

Тест сұрақтары.

1. Шоқанның шын аты кім?

а) Ибраһим

ə) Мұхаммедханафия

б) Садуақас

2. Шоқан қай жылы дүниеге келді?

а) 1835

ə) 1845

б) 1865

3. Шоқанның туған жері.

а) Қостанай облысы, Қызылту ауданы

ə) Алматы облысы, Ақсу ауданы

б) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті

4. «Жалпы жолдастарының, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе іспеттес», - деп кім айтты?

а) Г. И. Потанин

ə) В. В. Григорьев

б) Н. И: Ильминский

5. Шоқанның балалық шағы қай жерде өткен?

а) Сырымбет

ə) Сандықтас

б) Шыңғыстау

6. Шоқанның əжесінің аты.

а) Ұлжан

ə) Зейнеп

б) Айғаным

Шоқанның арғы атасы

а) Абылай

ə) Шыңғыс

б) Уəли

8. Ш. Уəлихановтың кадет корпусына оқуға түскен жылы.

а) 1852

ə) 1847

б) 1858

9. Шоқанның кадет корпусын бітірген жылы.

А) 1852

ə) 1853

б) 1854

10. Семейде Шоқанмен оның орыс досы. .. ескерткіш орнатылған.

а) И. И. Березинге

ə) Ф. Достоевскийге

б) М. Хоментовскийге

11. Шоқан Қашқарияға қашан саяхат жасады?

а) 1858 - 1859

ə) 1854 - 1857

б) 1847 - 1853

12. Шоқан қай жырды қағазға түсірді?

а) «Алпамыс»

ə) «Қобыланды»

б) «Манас»

13. Шоқан қай жылы Орыс География мүшелігіне сайланды?

а) 1861

ə) 1858

б) 1857

Сабақты бекіту.

5 жолдық тұжырымдама:

1. Кім? (Шоқан)

2. Қандай? (Алғыр, ақылды, білімді, өнерлі, зерек)

3. Не істеді? (зерттеді, саяхат жасады, аралады)

4. Синоним. (зерттеуші – ғалым, алғашқы – тұңғыш, атақты – белгілі, танымал – əйгілі)

5. Бір сөйлем. (Шоқан Уəлиханов – қазақтың тұңғыш əскери ғалымы)

Рефлексия. Ой толғаныс.

1. Сонымен бүгінгі сабақта кім туралы айттық?

2. Қандай еңбектерімен таныстық?

Сабақты қорытындылау. Білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Шоқан Уəлиханов – қазақ халқының əлемдік деңгейдегі тұңғыш ғалымы,

шығыстанушы, əдебиет зерттеушісі, "Ыстықкөл" күнделігі туралы оқу, түсіндіру.

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

- Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Сендерге үлкен рахмет! Шығыста «Сау

дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай,

дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын тұратын ұрпақ

болып өсіңдер! Білімдерің шыңдала түсуіне тілектеспін! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар)

850 0
АЛИЯ УТЕГЕНОВА, "Қарағанды мектеп-балабақша кешені" КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Қарағанды ауылы Ұлы дала ұстазы № 000130
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: