Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндеті қойылды.Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндет-ті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдықсапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдайалуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайынтұруболып табылады.Бұл функ-ционалдық дағдылар мектеп қабырғасындақалыптасады.
Функционалдық сауаттылығы дегенімізадамдардың әлеуметтік,мәдени,
Саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарымқатынасқатүсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдықсауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым қатынас жасауын қамта-масыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағына-
сында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.
Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу,жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде
ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін академиялық білім беріп қана қоймай, сын тұрғысынан ойлау, білімін күнделікті өмірде, шынайы жағдайларда пайдалана білу, проблеманы шешу, ғылымизерттеу қарымқатынас дағдыларын дамыту керек. Сабақтың дағдыларын, мақсаттарына жету үшін тілдік дағдыларының төрт түрін түрлі комбинацияда оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым қолдана білу керек. Ол үшін мына мәселелерге үнемі көңіл бөлу керек:
1.Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде
құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау, бағалауға мән беру.
2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыру.
3.Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудыңбелсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын
арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
4.Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдынала ескерту.
5.Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзінөзі бағалауға үйрету.Осыдай іс-әре
кеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптас-
тыруға жол ашылады.
Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуде қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо ұжымдық оқыту» стратегиясы, «Дана үкілер» стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта,топта, ұжымда талқылау. Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарымқатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады.. Сондайақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектепоқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қаты-сымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақжауап әдістеріарқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқ-баттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Мұғалім ретінде, жаңастратегияларды химия сабағында қолдану барысында оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей алатын және «үндемейтін»,«енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым.
9сыныпта химия пәнінен СТО технологиясыныңәдістерін қолданып, бірнеше
сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі,венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын «Кім жылдам?», «Ия.Жоқ», «Ойлан.Тез», «6 неге сұрақ» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа айтпаған оқушы саны көп, сол жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып жауап бермей қалған оқушыны қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оған топтағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Сол сияқты инновациялық технологиялардың әдіс тәсілдерін 9-11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО стратегиясын қолданамын. ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсызақ өздері оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.Сонымен бірге оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге үйретеді. Мысалы, 8 «б» сыныбында «Оксидтер.Жану» тақырыбында оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі формулаларды беру,атауларын беру.Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, постер, кластер сызып тақтаға ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Оксид туралы қосымша мәліметтер алады. Сонымен қатар сабақта төмендегідей әдістәсілдерді қолдану оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.Атап айтсам: «Жұптағы ой қозғау», «Аквариум», «Кластерлер», «Ойлан, жұптас, талқыла», «Серпілген сауал», «Еркін жазу», «Сұрақтар шеңбері», «Атаулар туралы үш сұрақ», «Ыстық орындық». Сондайақ сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бірбіріне көмектесетіндей, бірбірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бірбірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бірбіріне жауапкершілік сезімнің болуы, өзін және өзгені бағалай,тыңдау қасиеттері қалыптасады. Ауқымды материалдан қажетті ақпаратты тауып, шешім қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды. Жаңа заман талаптарына сай сабақта өзгеріп,жаңарып отырса,
жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы болады .Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақылпарасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы. Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді.Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін ,қызығушылығын , танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың, яғни функционалдық сауаттылықтарын дамытудың бірденбір көзі. Сонымен, жаңа педагогикалық технологияның әдістерін тиімді пайдалану арқылы «Білімді адам» парадигмасын, «Өзінөзі дамытатын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгертуге болады.
Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының,болмысы мен танымының қалып-
тасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе,
нәтижелі болатыны анық деп ойлаймын.