Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1767

Жаңашыл ұстаз – сапалы білім

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Сондықтан да білім сапасын арттыру , оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру –әрбір ұстаздың міндеті. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттіліктерді, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.

Жаңа формация мұғалімі- рефлексияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық- әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Ең бастысы, ұстаз бүгінгі өмір ағымына ілесуді игеріп келеді. Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең меңгеруге ұмтылуда. Осының барлығы да ұстаздың инемен құдық қазғандай оқумен, еңбекпен, ізденіспен қол жететін табысы. Қазір білім мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін кезең. Білімнің сапалы, тәрбиенің нәтижелілігі кәсіби деңгейдегі ұстазға байланысты. Сол себепті қазіргі уақытта білім жетілдіру саласына көп назар аударылуда. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар атқарылды. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша 33 (80%) мұғалім оқытылды. Кері байланыстар мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар мектептегі оқыту мен оқу сапасын көтеріп, білім саласына көптеген өзгерістер әкелді.
 Мұғалімдердің үздік сабақ бейне материалдары мектеп сайтында орналастырылып, үнемі толықтырылып тұрады және әдістемелік материалдар барлық мұғалімдер үшін қолжетімді. 2020-2021 оқу жылының сәуір айында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану- сапалы білім негізі» тақырыбында семинар өткізіліп, семинар барысында «критериалдық бағалау жүйесі», «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту», «Дарынды оқушылармен жұмыс», «Оқытудың жаңа әдістері», «Оқытуда Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді. Жаңа білім беру стандартына сәйкес, балалар білімді қай жерден іздеу керек екенін, сыни тұрғыдан ойлауға, ұжымда жұмыс істеуге үйретіледі. Ұстаздар өз кезегінде олардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттыруға дағдыландырады.

Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болады, нәтижеге жетеді. Сөзімнің соңын Ж.Аймауытовтың «Мұғалімнің айналысатыны ¬ үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...» деген ұстаздарды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде қажымай, талмай, жаңашылдықпен, шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын және жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін жақсы нәтижелермен көріңіздер деп аяқтағым келеді.

 

216 0
Муратали Кожаев, Жаңа жол жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ұлы Дала Ұстазы № 002209
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: