Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1766

«Айналамыздағы математика» математикалық сауаттылық апталығы

Мақсаты:

      Математикалық мәдениетті қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту, ашық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтар мен оқушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Міндеттері:

- білім алушыларды математикалық тапсырмаларды орындауға тарту;

- математика бойынша білім деңгейі жоғары білім алушыларды анықтау;

- оқушылар арасында математиканың өмірдегі маңыздылығын насихаттау;

- білім алушыларды өз бетінше жұмысқа тарту, олардың математикаға қызығушылығын арттыру;

- математикалық қабілеттері бар білім алушыларды анықтау, математикалық ғылымдарды тереңдетіп  оқуға ұмтылу;

- математика саласында білім алушыларды дамыту үшін педагогикалық технологиялар банкін қалыптастыру.

          «Айналамыздағы математика» тақырыбында математикалық сауаттылыққа арналған облыстық жоба аясында мектебімізде математика пәні мұғалімдері жоспар бойынша сынып сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар және мұғалімдердің шығармашылық жұмыстары өткізілді.

                           

     «Математика адам өмірінде» тақырыбында 7-8 сыныптар арасындағы математика пәні мұғалімі Кенжебаева Гульмира Амангельдиевна жүргізген сынып сағатында оқушылар математиканың адам өміріндегі маңызы туралы,математика барлық салада қолданатыны туралы таныстырды.Оқушылардың жазған эссе тапсырмаларымен дайындаған материалдарын көрсетті.

      

 

       Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып 6 сыныпта «Сан аралықтары» тақырыбында ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі Нуртазина С.К.Сабақта түрлі көрнекіліктер,әдіс-тәсілдер,математикалық ойындар,бағалау түрлері қолданды.

                                  

  Математика пәні мұғалімдері «Мен математикамен доспын» тақырыбында оқушылардың жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.

          

    5-6 сыныптар арасында «Математика әлемінде» тақырыбына сайыс жүргізілді.Пән мұғалімі Байболова Сымбат Армияқызы.Сайыс барысында мұғалім оқушылармен түрлі сайыстар,математикалық ребус,жұмбақтар алды.Интерактивті тақта мүмкіндіктерін толық пайдаланды.                              

     

       Апталықтың жұмысы барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып,сабақта да, тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысты.Математикалық сауаттылық тапсырмаларын орындауда шапшаңдық қасиеттері ашыла бастады. Логикалық есептерді қызығушылықпен шығарып,мектепішілік шараларға белсенділік танытты.Апталық соңында оқушыларғы марапаттар табысталды.

 

     

 

                                              

 

                                      

 

 

523 0
Сұлушаш Нуртазина, Гульмира Кенжебаева, Сымбат Байболова, Бұрма тірек мектебінің (РО) КММ, математика пәнінің мұғалімдері Ұлы Дала Ұстазы № 002208
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: