Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1762

Оқытушының психологиялық –педагогикалық мәдениеті

Мақсаты: Оқытушыларға әдеп туралы түсінік беру, оқытушы мен студент арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау. Оқытушылардың ұжымдық сыйластық, бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл-күйлерін көтеру.

Қажетті құрал – жабдықтар: ақ парақ, қаламсап, таратпа қағаздар, ватман, түрлі - түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар.

 

Тренинг ережесімен таныстыру

1. Сәлемдесу 

2. «Еңбек ағашы» жаттығу

3.  Жағдаяттар 

4. «Лимон және марғау» жаттығу

5. «Ұқсастық шегі» жаттығу 

6. «Ұстаз тұлғасы» жаттығу

7.«Ашулы шарлар» жаттығу

8. Жадынама тарату «Оқытушының психологиялық –педагогикалық мәдениеті»

9. «Жүректен жүрекке» жаттығу

 

1. Сәлемдесу  жаттығу 

Шарты:Қатысушылар шеңбер құрып тұрады.Әр бір қатысушы бір-екі сөзбен өзін таныстырып, бүгінгі көңіл-күйімен бөліседі. Мысалы: «Менің атым Назым. Мен – мұғаліммін. Бүгін көңіл-күйім өте тамаша!»

2. «Еңбек ағашы» жаттығу

Шарты:Оқытушыларға сұрақтар таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларын жазып, әр қайсы тұрып   еңбек ағашына  іледі.

1. Алма-Оқытушы қандай болу керек?, Оқытушының түпкі мақсат, мұраты?,

Оқытушының еңбегінің нәтижесі?, Сіз оқытушы болуыңызға кім себепкер болды?, Оқытушы болу сіздің бала кезіндегі арманыңыз ба еді?, Оқытушының педагогикалық беделі?.

2. Алмұрт-Шәкірт қандай болу керек?, Оқытушының еңбегінің нәтижесі?, Оқытушы мамандығы сізге ұнайды ма?,Оқытушының тіл мәдениеті және кәсіби құзыреттілігі  дегенді қалай түсінесіз?, Оқытушының әдеп кодексін білесіз бе?.

 

3. Жағдаяттар

Мақсаты: Оқытушының педагогикалық – психологиялық жағдаяттан шығу шеберлігін анықтау. Оқытушылардың жағдаяттан қалай шыға алғандығы талданады.

4. «Лимон және марғау» жаттығу

Шарты: Эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу. Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдероң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз! Ал енді қолымыздағы лимон шырынын жалаймыз. (қышқыл дәмді татқанда, бет - әлпеттеріңіз қандай болады?).

5. «Ұқсастық шегі» жаттығу 

Барысы: Қатысушылар жұптасып отырады, А 4 қағаз беті және қалам қажет. Жанындағы жұбына қарап, ұқсастықты тауып, «Біздің ұқсастығымыз» деп  

А 4 қағаз бетіне жазады. Ұқсастық табу үшін 4 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындағаннан кейін, жұп бір-бірінің жазған ұқсастығын оқып, өз ойларын айтады.

6. «Ұстаз тұлғасы»жаттығу 

Барысы: Ортаға белгілі бір бейнедегі ұстаз сипаттамасы жазылған (айталық: «ұстаз - лидер» т.с.с.) карточкалар бар үлкен қорап қойылады. Әр бір қатысушы қолын созып, кездейсоқ бір карточканы алады. Мұғалім өз карточкасындағы берілгенді ым-ишара арқылы білдіруге тиіс. Ал қалған ойыншылар ол қандай қасиетті көрсетіп тұрғанын анықтаулары қажет.  

7. «Ашулы шарлар» жаттығуы
 
Мақсаты: Бойдағы ашуды, агрессияны сыртқа шығару.

Нұсқау: Бірнеше шарды үрлеп, бір, екеуін жару. Бір, екі шардың желін жайлап шығару.

Кері байланыс: Не сезіндіңіздер? Не байқай алдыңыздар?
8. «Жүректен жүрекке» жаттығуы

Мақсаты: Шеңбер бойынша тұрып, жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту.

Рефлексия: Тренингтің қай жаттығулары өздеріңіз үшін пайдалы деп таптыңыздар? Не ұнады?   Бүгінгі психологиялық тренинг туралы өз ойын, алған әсерін 3 сөзбен ғана білдіреді, тілектерін айтады. Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! 

 


 

 

109 0
Айгүл Биралиева, №10 Шу колледжінің педагог-психологы Ұлы Дала Ұстазы № 002204
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: