Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1761

Жаңартылған білім мазмұны бойынша қолданылатын әдіс – тәсілдердің тиімділігі

Қазіргі заман – білім- ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал, талапқа сай оқушыларға білім берудің басты шарты –

Жаңартылған білім мазмұны бойынша               сабақты жүргізгенде əр түрлі əдіс- тəсілдерді тиімді пайдалана білу керек.

Өткізілген сабақ нəтжелі болу үшін:

Әдіс-тəсілдердің тиімді таңдалуы;

Сабақтан алған əсері оқуға қызығушылығын жəне білімге деген сұранысты арттыруы;

Сабақ              қарқынының   оқушыларға    қолайлылығы,   мұғалім    мен   оқушы    жұмыстарының нəтижелілігі;

Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнату, əр оқушыға сенім білдіру;

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсет-кен.

 

«Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету айтылғандай оқушының дамуы мен есте сақтауына ықпал ететін білім алатын ортасы мен сабақта қолданатын инновациялық тиімді əдіс-тəсілдер. Ол үшін ең алдымен өз пəнін жетік меңгерген, 45 минуттық сабағының 20-25 минутында өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтын мұғалімнің ұстанымын өзгерту, сындарлы оқытудың теориялық негіздерінің мақсат-міндеттері мен маңызын түсінетін, ұстанымын өзгерткен мұғалім болуы қажетті.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», — деп атап өткендей, еліміздің болашағы мен оның дамуына үлес қосам деген əрбір патриот мұғалім сындарлы оқытудың теориялық негіздерін оқып-үйреніп, оны сабақтарындарынында тиімді қолданып, табысты оқытудың негізі болып саналатын Шульманның үш көмекшісі: кəсіби түсінік, оқытудың тəжірибелік дағдылары, кəсіби-адамгершілік тұтастық қасиеттерін бойына сіңіруі қажет.

Үздіксіз дамып жатқан қоғамда еліміздегі білім беру саласында əлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген оқытудың жаңаша тəсілі құрылды. Жаңаша əдіс – тəсілдерді үйренсем деген оймен деңгейлік курсты оқыған мұғалімдермен бірлесе отырып, жұмыс атқарудамын. Кембридждің оқу əдіс –тəсілдерін оқып үйренуде менің алдыма қойған мақсатым: қарқынды өзгеріп жатқан заманда мұғалімдердің үздіксіз кəсіби дамуы, оқыту үрдісінде тың идеялар мен жаңаша əдіс – тəсілдерді қолдануы маған ұнайды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер: жаңа форматта сабақ өткізу барысында білім беру үрдісі нəтижелі болу үшін оқушылардың білімді өз бетімен меңгертуде мұғалім бағыттаушы ролінде болады. Білімді өз бетімен меңгеру барысы оқушының «өзін-өзі реттеу» үрдісіне жатады.


 

«Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тəуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы жəне оқыту, білім     алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады». Казіргі   таңдағы басты мəселе: оқушыларға күнделікті сабақта білім деңгейін бағалайтын 5 балдық жүйенің баланың дамуына, ынтасы мен қызығушылығының артуына ықпалының жоқ екеніні баршамызға мəлім.

Енді осы кедергіден шығудың жолы сындарлы оқытудағы оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалауды сабақтарыма енгізу арқылы білім берудің сапасын арттыру болып табылды. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тəсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дəрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау,

қабілеттілік жəне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нəтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин .

Қалыптастырушы бағалау əрбір сабақта оқушының тақырыпты меңгертуге, білім дамытуға ықпал ететін оқу мен оқытуды жетілдіреді. Олар қалыптастырушы бағалаудың түрлі əдіс-тəсілдері мен кері байланыстың түрлері. Математика пəнінде сабақтарымда жүргізілетін зерттеу сұрағым: «Топтық жəне жеке жұмыстарда қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану қалай ықпал етеді? ». Ен алдымен бағалау түрлерін əрбір сабағымда тиімді қолдана алуды назарға алдым.

Бағалау түрлері : бақылау, интерпретация, қорытынды. Әрбір сабақта жаңа сабаққа кіріспе, жаңа сабақты меңгерту, жаңа сабақты бекіту кезеңдерінде қолданылатын əдіс- тəсілдер қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қамтиды.

 

Топтық немесе жұптық жұмыстар берілгенде, оқушылардың бірлескен жұмысы кезінде оқушыларымның тапсырманы қаншалықты түсінгенін, оны ортада талқылауын: оқушы оқушыға түсіндіруі, топтың кедергіге тап болуы немесе мұғалімнен көмек сұрауы , мұғалімнің топтық жұмыстың алға жылжуына бағыт беруі барлығы жіті бақылау арқылы тиімді іске асырылып отырады.

Бақылау арқылы сабақтың бір кезеңінің сəтті өтуіне рефлексия жасай алдым. Ендігі кезең оқушылардың бірлескен жұмыс нəтижесін ортада қорғау интерпретация немесе жекелеген оқушылардың логикалық қорытынды жасауы. Бұл кезеңде оқушыларымның сабағымды қаншалықты игере алғанын, оны оқулық немесе ресурстағы нақты мəліметтер ғана арқылы көрсетпей өзіндік танымы мен көзқарастары, интернет материалдары, логикалық ойының нəтижесін көрсете алады. Білім алушы оқушыларымның сыни ойлауы дамиды. «Мерсер сыныпта талқылаудағы дəлелдің үш түрін анықтады, олар:

  1. пікірталастық əңгіме, оқушылар бəсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды;
  2. кумулятивтік əңгіме, мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды жəне сындарлылыққа негізделеді;
  3. зерттеушілік əңгіме, ұсыныстар жайында күмəн туып, қарсы дау айтылып, негізделген дəлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады (Mercer, 2000)» . Осы əңгіменің үш түріндегі зерттеушілік əңгіме есеп шартын оқып, оның шешу жолдарын бірлесіп талқылау барысында жиі орын олады. Осы жерде алынған мəліметтерге интерпретация жасау арқылы шешу жолдарын анықтап, бірлесе отырып, шешуге бағытталады. Оқушыларыма берілген міндеттер (тапсырмалар) есте сақталып, оқушының қызығушылығын арттыру үшін олардың қабылдауы мен дағдыларына сай тапсырмалар қарастырамын. Олай болмаған кезде

«Мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын жəне Райан мен Деки (2009) «ішкі уəж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады жəне осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Оқушыларымның жұмыстары бақыланып, олардың жұмысқа тиімді немесе логикалық қорытынды жасауына мен емес енді оқушылардың өзі баға беріп, қорытынды жасайды», - деп Топтарға бірілген тапсырма топ мүшелерінің қорғауының нəтижесінде, енді өзара кері байланысқа ұласады. «Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу жəне қайта бағыттау сияқты əртүрлі техникаларын пайдалануға болады». Оқушылар арасында бірін- бірі жақсы тыңдау мен түсінудің нəтижесінде енді көкейде туындаған сұрақтар қойылады. Бұл оқушылардың қаншалықты сабақты меңгеруге ұмтылысын, танымын, өзара бағалауына ықпал етеді.

 

Блум токсономиясы ойлау деңгейінің алты сатысы білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бөлімдері бойынша қойылған сұрақтар оқушының даму деңгейі мен білімді қалыптастыруға, білімді ары қарай дамытуға қалай ықпал етемін деген сұрақтарыма жауап аламын. Топтық жұмыстар барысында көбіне білу, түсіну, қолдану, талдау сұрақтары қойылып, сол сұрақтар төңірегінде пікірлесіп, ортақ шешімге келсе, ал жинақтау мен бағалау сұрақтары топтық жұмысты қорғау, жұмыс нəтижесінің бағалануы кезінде топтар арасында қойылады.

«Оқытуды диалогтік тəсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

1 -оқушыларды тақырып бойынша жəне сындарлы сөйлеуге ынталандырады; 2 -оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

  1. -білімге құштарлықты дамытады жəне зерттеуге ынталандырады;
  2. -оқушыларға білімін қалыптастыруға жəне вербалдандыруға көмектеседі; 5 -оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

6 -оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі

7-оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне жəне бағалауына ықпал етеді;

 

8 -əңгімелесу жəне ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс- əрекеттерін тереңдетеді жəне шоғырландырады;

  1. оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды:

Мектептегі білім беру сапасын арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарымның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту мен оқуды жақсатудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып əрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін əдістерді қолданып өтуімнің нəтижесінде, оқушыларым айтарлықтай нəтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, əдіс-тəсілдерді қолданып, ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты.

«Автор орындығында»

«Алты қалпақ»

«кубизм»

«балық қаңқасы»

«Болжау кестесі»

«Фрайер»

«темперетура                өлшеу»     т.б     əдістер     арқылы     тапсырмаға     логикалық     қорытынды, интерпретациялар жасап,

«Соңғы бес минут»

«Тарсия»

«Сэнгвич»

«Плюс, минус, қызықты»

«Білдім, білгім келеді, үйрендім» т.б тəсілдер арқылы сабақты меңгеру денгейіне кері байланыстар жасап, «Блоб ағашы», «Табыс сатысы», «Күн, бұлт, жауын» т.б. кері байланыс түрлеріне дағдыланып, өздерін өздері бағалай алды.

Осы орайда жаңа бағдарламаны меңгеру барысында ерекше есте қалған мына əдіс- тəсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз:

«Қабырғадағы роль»

«Ыстық орындық»

«Пікірлер сызығы»

«Саналылық аллеясы»

«5 сұрақ, 5 жауап»

«5 қадам»

«Драма əдісі»

«Маңыздылық аймағы»

графикалық органайзерлер – «Дара диаграмма»

«Қос диаграмма»

«Оқиға тауы»

«Хикая картасы»

«Стоп кадр»

«Жигсо əдісі»

«Ойлан тап əдісі»

«Интервью əдісі»

«Бас бармақ əдісі», т.б

Мұғалімдер пайдаланатын əдіс оқудың тиімділігіне елеулі əсерін тигізеді. Педагогикалық əдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін жəне нəтижелілігін төмендетеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша əр мұғалім төмендегідей нəтижелерге қол жеткізді:

  1. жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;

 

  1. жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
  2. оқу бағдарламасының жəне оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рəсімделуіне;
  3. білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тəсілдерді меңгеруге.

Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» баяндамасында 21 ғасырдағы Ұлттық сана туралы бөлімінде əрбір Қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап көрсетті, соның бірі бəсекеге қабілеттік деп, халықаралық деңгейге жетудің жолдарын, олар үштілділік, компьютерлік сауаттылық пен мəдени ашықтық деп көрсетті. Сондықтан балаға білім беруде негізгі математикалық терминдердің үш тілді мағынасын ашып көрсетіп, үйретсек, оқушының өмірде қолданысқа енгізуде, ізденуіне пайдасын тигізері сөзсіз. Ол үшін, əрине, біз өзіміздің тілді меңгеруге деген қажеттілігімізді туындатады. Мəдени ашықтық – ол да заман талабы деп білемін. Өз ойын ашық айту, түсінбесе сұрақ қоюға дағдыландыру, түсінсе зерттеушілік əңгімеге негіз болар сұрақтар дайындауға үйрету, баланың танымын кеңейтіп, өмір туралы түсінігін дамытады. 4- бағыты : білімнің салтанат құруы деп көрсетілген. « Білімнің салтанат құруы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тəуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты əлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған

«Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды. Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кəсіптердің жартысы жойылып кетеді» . Бұл бағытта еліміздегі ұстаздар қауымының үлесі зор деп есептеймін. Бүгінгі жаңартылған білім беру жүйесіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар соның дəлелі. Жаңа бағдарламаның мəні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда мұғалім көп əдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нəрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мəселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пəнін сүйетін ұстаз ғана, өз ісінің щебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне сеніммен қараймын.

 

Əдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ілгері деңгей. Екінші басылым
  2. Мұғалімге арналған    нұсқаулық.Үшінші   деңгей 3.Білім туралы   Заң.            Астана.  Ақорда.              2007ж.   27 шілде.   №319-ІІІ                 ҚР
  3. « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Н.Назарбаев
  4. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2018. – 10 қаңтар.
  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мəтін. – Астана, 2012.
  6. Журнал «Математика Қазақстан мектебінде» Алматы 2014


415 0
Гульмайра Рыспекова, Щучинск қаласындағы П.И.Морозов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002203
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: