Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1760

Заманауи педагог қандай болу керек?

Бұл өмірде әр адамның бағындырар шыңдары сан түрлі болады. Сондай биіктердің бірі – өзің таңдаған мамандықты дұрыс таңдау. Иә, әр адамның жүрек қалауымен таңдаған мамандығы болады. Ол кәсіп оны сан белестерден өтіп, небір биіктерді бағындыруға ықпал етеді.  Бақытыма қарай, мен де жаныма жақын, күнделікті өмірде өзіме қуаныш пен шаттық сыйлайтын мамандық иесімін. Мен мұғаліммін. Мамандық таңдау туралы мен ешқашан көп ойланған емеспін.  Сонау балдай тәтті балалық шағымнан, яғни мектеп табалдырығынан аттаған сәттен бастап, өзімнің тек осы мамандықтың иесі болатынымды білгендеймін. Оған, әрине, себепкерлер – өзім білім нәрімен сусындап, тағылым алған мектебімнің ұстаздар қауымы. Қадірлі ұстаздарым менің білім қоржынымды толтырып қана қоймай, бойыма тәлім мен тәрбиенің тұқымын аямай шашты, «Өмір» деп аталатын үлкен мектепке дайындап, асқақ армандарыма қанат бітірді. 

Осы арман мені ғылым мен білімнің іргелі орталығы болған Алматы қаласына жетеледі.  Мақсатым айқын болғандықтан, бүкіл республика бойынша педагог кадрларды дайындайтын әйгілі білім ордасы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетіне оқуға түстім. Осы білім ордасында оқығаным үшін мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Мұнда педагогика саласының, әр алуан ғылымның небір құрметті қайраткерлері еңбек етті. Бұрын аттарын тек мектеп оқулықтары мен қалың кітаптардың мұқабаларынан оқысам, енді сол ұлағатты жандардың алдында шәкірт болдым. Қазіргідей ақпараттық технологиялар болмаса да, дәптер мен қаламның, кітапхананың шексіз байлыққа толы қорының, бойымдағы таудай талаптың арқасында математика ғылымын игеруге бар күш-жігерімді салдым. Данышпан Абайдың «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген қағидасын ұстанып, алдыма қойған айқын мақсатыма 2015 жылы қол жеткіздім. Дәл сол жылы қолыма диплом алып, білім беру саласындағы іс-тәжірибем басталды. «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп әлемдік тұлға атанған Абай Құнанбайұлы айтқандай, мұғалімдік қызметімде әрқашан Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабидің даналығына жүгініп отырдым. Сондықтан өзім де үнемі қос ойшылдың еңбектерін оқып, шәкірттеріме де әр сабағымда үлгі етемін. 

ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынұлы: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек», - деп даналықпен ой тұжырымдаған. Қазіргі таңда елімізде мұғалімнің мәртебесін көтеру жолында ауыз толтырып айтарлықтай қомақты іс-шаралар жүзеге асыруда. Осы іс-шараларға мен де үлес қосу мақсатында  оқыту мен оқуда сындарлы оқытуды қолдану арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытып келемін. Ол әсіресе талантты және дарынды балаларды оқытуда тиімді қолданылады. Шығармашыл оқушыларға деңгейлік, зерттеу, жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылығын арттыратын тапсырмалар   беру, диалогтік оқытудың зерттеушілік стратегиясын қолдану – менің заманауи ізденістерімнің бірі.

Менің ойымша, балаға білім мен тәрбие беру ісінде мұғалімдермен қатар иық теңестіре жұмыс жасайтындар – ата-ана. Бала, ұрпақ – бүкіл адамзат тіршілігінің мәні. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам өмірінң мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы оның ұрпағы болмақ. Өзімнің бала тәрбиешісі, пән мұғалімі, жалпы адам ретінде түсінгенім: адам ұрпағымен ұлы, оның марқаяр мақтанышы, жанын күйзелтер күйініші де  өзегін жарып шыққан ұрпақ тағдыры болып табылады.

Ізгі және жомарт адамды тәрбиелеу үшін оның әрбір іс-әрекетін жіті қадағалауда ұстау керек. Бала жүрегіндегі күй-сандықтың  кілті  ұстаздың қолында екенін педагог мамандығын таңдаған әр адам білуі тиіс. Әр үйдің үміті болған шәкірттерімнің жан шырағын жаға білсем, нағыз адам етіп тәрбилей алсам, тұла бойын білім нәрімен сусындатып, ғылымға көзқарасын жақсартып, жүрегіне ұлт, ел деген киелі ұғымдарды ұялатып, Абай Құнанбайұлы айтқан «толық адам» тұлғасын қалыптастыра алсам, менің ұстаздық мұрат-мақсатым осы болмақ. 

Қазіргі таңда Қазақстанның білім беру саласында небір игі өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасында егемен еліміздің балалары мен жосөспірімдері, жастары үшін оқуы мен білімін жетілдіруге бар мүмкіндіктер жасалуда. Сондай мүмкіндіктерін қалт жібермеген өскелең ұрпақтың алдыңғы легі шет мемлекеттердің әйгілі жоғары оқу орындарынан алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін ел мерейін асырып, мәртебесін арттыруға жұмсауда. Алдағы уақытта менің оқытып, тәрбиелеген шәкірттерім солардың қатарынан орын алуы үшін бүгіннен бастап тоқтамай еңбек етуім керектігін түсінемін. Ол үшін маған да, мен сияқты сан мыңдаған мұғалімдер қауымына елімізде бүкіл жағдай жасалған. Біліктілікті арттыру және деңгейлік курстар, шеберлік сабақтары мен панорамалық, семинарлар мен вебинарлар өткізіліп, тәлімгерлік жұмысы жолға қойылған. Кемел мемлекеттің азаматтарын оқытып-тәрбиелеу ісіне жан-тәнімен берілген адамдардың әр ісі жүзеге асатындығына да кәміл сенемін. Ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы айтқандай, адамдық диқаншысы болып, адамдықтың тұқымын шашып, еге білсем, менің мұғалім ретіндегі ұстанымдарымның жүзеге асқандығы. 

Сонымен, заманауи педагог дептеориялық білімі жоғары, оны практикамен шебер ұштастыра білген, шәкірттерімен ізгі қарым-қатынас орната білген, әріптестері арасында сыйлы, ата-аналар қауымы қадірлейтін, үнемі ізденіс үстінде жүретін, оқу-әдістемелік жұмысқа барынша үлес қосатын, педагогикалық жаңа идеяларын толассыз іске асыратын, өзіндік және сөйлеу мәдениеті жоғары, кәсіби қоғамдастықта шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімді атауға болады.

Ұлылар тұжырымдап, өзі жоспарлаған күллі жұмыстарды жүзеге асыра білген мұғалім менің ойымша, заманауи педагогтердің қатарынан орын алады.

    В этой жизни каждому человеку предстоит покорить разные вершины. Одна из таких высот - правильный выбор профессии. Да, у каждого есть профессия по своему выбору. Это профессия, которая помогает ему преодолевать множество препятствий и покорять вершины. К счастью,  моя  профессия   доставляет мне  радость и счастье в повседневной жизни. Я учитель. Я никогда особо не задумывался о выборе профессии. С самого раннего детства,   переступив  порог школы, я понял, что выберу эту профессию. Причина, конечно, в учителях моей школы, где я получил образование. Мои дорогие учителя не только заполнили мое образовательное портфолио, но и  внесли огромный вклад и помогли мне сделать выбор, , подготовили к большой школе «Жизнь» и осуществили мои мечты.

    

    Эта мечта привела меня в Алматы, в центр науки и образования. Чтобы осуществить мечту, я поступил на физико –математический факультет  Казахского национального педагогического университета имени Абая -   известное учебное заведение, которое готовит учителей по всей стране. Считаю, что мне повезло учиться в этом университете. Здесь работали заслуженные деятели педагогики..  Раньше я читал их имена только на обложках школьных учебников и   книг, но теперь я ученик таких    великих людеи. Хотя у меня не было современных информационных технологий, я приложил все усилия, чтобы овладеть математикой, благодаря блокнотам и ручкам, бесконечному богатству библиотеки и огромным требованиям, предъявляемым ко мне. Следуя принципу мудреца Абая: «Покажи мне, и я запомню », я достиг своей  цели в  2015   году. В этом же году я получил диплом и начал стажировку в сфере образования. Как сказал всемирно известный деятель Абай Кунанбаев: «Человеческая мораль исходит от хорошего учителя», я всегда полагался на мудрость Абая и Абу Насира аль-Фараби. Поэтому я всегда читаю работы двух мыслителей и на каждом уроке подаю пример своим ученикам.

   

     В начале ХХ века великий казахский педагог А. Байтурсынов мудро сказал: «Чтобы исправить страну, надо правильно воспитать детей». В настоящее время в стране предпринимаются серьезные шаги по повышению статуса учителей. Чтобы внести свой вклад в эту деятельность, я также развиваю навыки критического мышления, используя конструктивное обучение в преподавании и обучении. Это эффективно при обучении талантливых и одаренных детей. Одним из моих  стремлений - давать ученикам творческие  задания, которые повышают их функциональную грамотность,  а также использовать  стратегии для интерактивного обучения.

   

      На мой взгляд, родители - это те, кто работает бок о бок с учителями в обучении и воспитании детей. Ребенок, поколение - суть жизни всего человечества. Главная цель в жизни человека – это будущее поколение.   Как  воспитатель и учитель-предметник, я понимаю, что величие   и гордость народа – это молодое поколение.

Для воспитания доброжелательного и щедрого человека необходимо вести тщательное наблюдение за каждым его поведением. Каждый человек, выбравший профессию педагога, должен знать, что ключ к  сердцу ребенка находится в руках учителя.

  

    Если я смогу заинтересовать моих учеников, которые являются надеждой каждого дома,  смогу воспитать их как настоящих людей  и обучить их, улучшить их отношение к науке, привить в их сердцах священное понятие нации и страны, если я смогу сформировать полноценную человеческую личность, про которые говорил Абай Кунанбаев – это и станет  главной целью в моей деятельности  ...

   

     В настоящее время в сфере образования Республики Казахстан происходят   положительные изменения.   Благодаря политике, проводимой Президентом Республики Казахстан К. Токаевым, для детей, подростков и молодежи нашей суверенной страны созданы все возможности для учебы и повышения квалификации. Молодое поколение, не упускающее таких возможностей, использует знания и опыт, полученные в известных зарубежных университетах, для повышения престижа и статуса страны. Я понимаю, что отныне мне нужно много работать, чтобы в будущем мои ученики были среди них. Для меня и для тысячи таких учителей, как я, созданы все условия в нашей стране. Проводятся курсы повышения квалификации и уровневые курсы, мастер-классы, панорамные, семинары и вебинары, налажена наставническая работа. Убежден, что труд людей, преданных делу воспитания будет реализован. Как говорилл великий учитель нашего народа А. Байтурсынов «Знание человека -это мудрость человека».

      Таким образом, современный педагог обладает высоким уровнем знаний, умело сочетает его с практикой, умело общается с  учениками, пользуется уважением среди коллег и родителей, постоянно ищет, вносит большой вклад в учебно-методическую работу, непрерывно реализует новые педагогические идеи, имеет высокую самобытную и речевую культуру, творчески работающий в профессиональном сообществе.

      Я думаю, что учитель, который умеет выполнить всю запланированную  работу, является одним из современных учителей.

 

     In this life, the most diverse peaks that conquer each person. One of these heights is choosing the right profession that you have chosen. Yes, every person will have a profession that they choose according to their heart's desire. It helps to overcome difficulties, to overcome any heights. Fortunately, I am an owner of the profession that is close to the soul, in everyday life brings itself joy and joy. I work as a teacher. I never thought much about choosing a profession. Ever since I went from childhood, that is, from school, I knew that I had become the owner of this profession. For it,of course, causatives –   I hope the teachers of the school, received. Dear teachers not only fill my educational portfolio, but also do not regret the breed of training and education, prepared for a large school called "Life", and made my dreams.

     

     This dream led me to the city of Almaty, which has become a fundamental center of science and education. I entered the physics and mathematics Department of the Abai Kazakh national pedagogical University. I consider myself a happy man at this school. Some honorary figures of pedagogy and various Sciences worked here. In the past, I only read names on the covers of school textbooks and thick books, but now I was a student at this university. Due to the fact that there is currently no information technology, I have made every effort to master mathematical science, thanks to the rich wealth of notebooks and pens, library collections. In 2015, I achieved my goal set for me by adhering to the principle of wisdom, clarity, and dedication in the steppe." In the same year, I received a diploma by hand and started working in the field of education. As Abay Kunanbayuly said, "a person can be a good teacher if he/she wise”,I always turned  to the wisdom of Abay and Abu Nasr al-Farabi. So I always read the works of two thinkers and learn from each lesson.

     

     At the beginning of the twentieth century, the great Kazakh educator A. Baitursynov believed that" we should start correcting the country by correcting the child's education." At present, significant work is being carried out in the country to improve the status of teachers. I also develop critical thinking skills by using constructive learning in teaching and learning to contribute to these activities. It is particularly effective in teaching talented and gifted children. Level of students creative, research, issuing tasks that increase the level of functional literacy in subjects, research strategies for Dialogic learning is one of my modern searching.

      

     I think that in the education and upbringing of a child, along with teachers, parents work on equal. A child, a generation, is the meaning of life for all mankind. At the same time, in any society, the goal of human life, the Golden bridge, the path to the future, the descendant of our future. I realized that   an educator, a subject teacher, as a person in General in my childhood: a person with a generation is great, his pride and pride.

  

      To educate a benevolent and generous person, it is necessary to carefully monitor every behavior. Every person who has chosen the profession of teacher should know that the key to judgment in the heart of the child is in the hands of the teacher. Bank of hope, when every house has its own twin, candles,   award-the best representatives of a real person, first of all families on the topic along the body, improve the attitude to science, in the heart of the nation, the country, inspires the spirit, concepts, Abay Kunanbayev said: "full man" to form personalities and, first of all, I achieved the goal of the future.

    

      Currently, certain positive changes are being implemented in the field of education in Kazakhstan. Thanks to the work of the President of the Republic of Kazakhstan, Tokayev creates all opportunities for education and training of children and adolescents, young people of a sovereign country. I understand that from today on, I don't stop to let my students who raised and learned. All conditions have been created for this in our country, both for me and for thousands of teachers. Advanced training courses and level courses, master classes, panoramas, seminars and webinars were held, and mentoring work was established. Due to the fact that currently the Republic of Kazakhstan is actively working to improve legislation in the field of religion, including in the field of religious activities, as well as in the field of religious activities. As the great teacher of our nation A. Baitursynuly said, I believe that the knowledge of a person is the wisdom of a person.

     

      Thus, a modern teacher has a higher pedagogical education, skillfully combines it with practice, skillfully communicate with his students, enjoys respect among colleagues, honors parents, constantly searches, makes a great contribution to educational and methodological work, continuously implements new pedagogical ideas, has a high original and speech culture, creatively working in the professional community.

 

      A teacher who knows how to formulate his future and implement all the planned work, in my opinion, occupies a place among modern teachers.

 

353 0
Бекзат Шалқар, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002202
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: