Тәуелсіздік –ежелден еркіндікті серік етіп,ешкімнің бұйрығынсыз азат өмір сүруді ту еткен қасиетті бабаларымыздың келер ұрпағына сақтаған қасиетті мұрасы. Тарихқа жүгінсек,ежелден қазақ халқы өздігіне ешкімге соғыс ашпаған ,қашанда бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Елбасымыз өзінің « Тәуелсіздік белестері» атты еңбегінде «Біздің халқымыз тарихтың қатпар-қатпар қыртыстарына тамыры терең жіберген қиын да,қызықты тағдыр кешті.Ол негізінен тәуелсіздік жолындағы күреспен өтті.Қазақстаның тәуелсіздік тарихы аппақ парақ бетіне күні кеше түсе қалған жоқ.Бүгінгі Қазақстанның алдына уақыт қойып отырған міндеттердің ауқымымен қатар,жауапкершілік жүгін әлгіндей оқиғағалардың таңбалы тарихи тізбегін,ата-бабамыздың жүздеген ұрпақтарының жанын жай таптырмаған азапты ізденістерін ескермей тұрып бағалау да,бағамдау да қиын,-деп атап көрсетті.» Дүние –жүзіндегі халықтардың ортақ ойы,арманы-бостандық,тәуелсіздік. Бұл арман қазақ халқына сонау ХVIII ғасырда қазақ хандығының қысылтаң уақытында Ресей мемлекетіне Одақ болғаннан бері пайда болды.Ресей империясы қазақ халқының 300 жылдай өзінің қол астына ұстап,талай зорлық- зомбылықтар көрсетті.Ал бас көтергендерді аяаусыз басып,жаншыды.ХІХ ғасырда империя меншігіне айналған жерімізді азат етемін деп Сырым Датұлы,Исатай мен Махамбет,Кенесары Қсасымұлы,ХХ ғасырда Бекболат Әшекеев,Әбдіғаппар Жанбосынов, Аманкелді Иманов сынды батырлар халқы көтерілістерін бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шоқан,Ыбырай, Абай халықты озық елдер қатарынан қалыспауға,білімге шақырса,ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы,Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев сияқты халқы ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысты.Аңсаған азаттығымызды кеңес үкіметі кезінде де алмадық .1923-1953 жылдар аралығында 103 мыңнан астам ата- бабамыз қуғын сүргінге ұшырды.Елі мен жері сүйген қаншама ұлт зиялы ларының асыл сүйегі далада көмусіз қлды.1923-1933 жылдары қолдан жсалған ашаршылыққа тап болдық.1937-1938 жылдары жаппай террор сипаты алды. Бұл жылдары қазақтың зиялы тобы: А. Асылбеков,С. Мендешев,Ә. Әйтиев, Т. Рысқұлов,Ж.Сәдуақосов, М.Масаншы,М. Жәнібеков т.б зиялылар «халық жауы» аталды. Қазақстан партия ұйымының көрнекті қайраткерлеі О. Исаев,О. Жандосов,Т.Жүргенов,М. Тәтімов,Н.Нұрмаханов, С.Нұрпейсов т.б көптеген адамдар сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар- Сәкен Сейфуллин,Бейімбет Майлин,Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев,Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов , С.Асфендияров, М.Төлепов жазалау шараларының құрбаны болды.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттардың бірі қазақ боды .1954-1958 жылдары тың игеруді желеу етіп,Ресейдің жұмыссыз жүргендерін Қазақстанға үйіп төкті. Сөйтіп,1970-1980 жылдары тіліміз күрмелді ,қазақ тілі керексіз тілге айналды. Тәуелсіздік үшін қаншама өмір қыршынанан қиылды. Тәуелсіздіктің дабылындай болып,кеңестік жүйені дүр сілкіндіріп ,халықтың санасын оятқан 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы болды. Қазақ топырағының Желтоқсан көтерілісі тоталитарлық жүйенің саяси әләуетінің сарқылғанын бүкіл әлемге жариялады. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай тәуелсіздік таң атты Қазақ елі ғасырлар бойы күткен арманға қол жеткіздік.Тәуелсіздік –байлық.Байлық көп еңбекпен,не оқиғалардың қым –қуыт шиелінісуінен кенеттен де келуі мүмкін.Бірақ байлықтың қосымша ауыртпалығы да болды. Қазіргі саяси сөздіктерде бұл ауыртпалық «тәуелсіздік тайфуны» деп аталып жүр.Сондықтан,оған қарсы тұрып ,оны көтеріп,оны игеріп іске жарату өз орнында жұмсай білу үлкен біліктілікті,парасатты тегеуірінді,саяасатты керек етеді.Міне осы сын кезеңдерде жеке адамның тарихтағы орны яғни,мемлекет басшысының кім екені анық көтінеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алдын болжай білетін кемеңгер көшбасшылығы арқасында Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 қазанда өзінің «Мемлекеттік егемендігін» жариялады.1991 жылы 16 желтоқсанда көптен күткен тәуелсіздігін жариялады .Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Еркіндік алғаннан кейін жаңа Елтаңбамыз , Туымыз бекітіліп,Әнұранымыз қабылданды. Бүгінгі таңда әлем Қазақстанды таниды, біледі. Қазақстанның тәуелсіздік жылдары ішінде атқарылған қыруар істердің бірнешеуін ерекше атауға болады.
1)1997 жылы Елбасы ұсынған «Қазақстан -2030» даму стратегиясы 2)Елорданың Астанаға көшірілуі. Елбасымыз әлемдік тәжірбиені ой елегінен өткізе отырып,мерзімді басымдықтарды анықтады,таяу болашақта алатын межелерді белгіледі.Ал кезінде біреу білсе ,біреу білмеген Ақмола –Целиноград атаулары тарих екіншісне айналып,бүгінгі Астанада Елбасымыз Американың, еуропаның, Азия мен Африканың басшыларымен кездесу өткізіп,Қазақстанды әлем тануда,2010 жылы 1-2 желтоқсан күндері Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астана Саммиті өтті. Бұл ерекше жиын Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген биік жетістіктерін әлемге паш еткен,мың жылда бір қайталанатын аса зор бас қосу болды. Ол біздің халқымызды топтастырды,аса зор күрделі міндеттерді шешу және ең жоғарғы мақсаттарға жету қабілетіне деген сенімді нығайтты.ЖаҺандану түрлі елдер мен халықтардың тағдырларын тығыз байланыстырды.Біздің мақсаттарымыз ортақ-Жер шарындағы бейбітшілік пен келісім,прогресс пен өркендеу ЕКЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы жаҺандық міндеті де дәл осы жоғарғы мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Бұл күнде Қазақстан Республикасын,еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты дүние жүзінің халықтары жақсы біледі.Олай дейтініміз : кешегі Кеңестік жүйе кезіне өнеркәсібі дамымай,экономикасы елімізді өндірілген шикізатқа тәуелді болып қалған нешеу Республика Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығынның арқасында бұл күнде аграрлық елден Еуразиядағы алдыңғы қатарлы,өнеркәсібі қарқынды қадаммен дамыған іргелі де озық мемлекетке айналды.Алпауыт мемлекеттердің миллиардтаған қаржысын жұтқан дағдарыс біздің елімізге азуын батыра алмады.Қазақстан еліміз енді әлемдегі 50 дамыған елдердің қатарына талпыныс жасап жатырмыз. Бұл дегеніміз –қазақ еліміздің болашаққа деген ұмтылысы деп білеміз. Мен өз сабақтарымда,оқушыларға тәуелсіздік ұғымы,оның біз үшін қандай қымбат екенін, Отан деген не,Отан алдындағы қызмет дегенді қалай түсінесін?т.с.с ой-толғаулар арқылы отансүйгіштікке елжандылыққа баулып келемін. Сондай тәрбие сағатымның бірі –“Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік” Оқушыларды топқа бөлдім.Әр топ тәуелсіздік туралы ой қозғап,өз пікірлерін еркін айтқыздым “Келешек Қазақстанның қандай болғанын қалар едің? тақырыбында сурет көрмесін жасаса,енді бірі “Егер сен Президент болсаң не істер едің?” деген тақырыпта эссе жазып,ұшқыр армандарын ортаға сала білді.Міне,осындай іс-шаралар арқылы өз Отанын сүюге, елжандылыққа , “тәуелсіздік” деген ұғымды терең түсініп,құрметтеуге үйренеді.Қорыта айтқанда , Тәуелсіздік біз үшін ең қымбат қазына. Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 31 жыл толды. Бұл – біздің жас мемлекетіміздің кемелдену шағындамыз. Әрбір азамат еліміздің өркендеуі мен көркеюіне бір кісідей атсалысып,Тәуелсіз еліміздің мәртебесі үшін үлесімізді қосайық.