Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1740

Физика тәжірибе алаңы

МАҚСАТЫ: 

  1. Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін,  табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету; 
  2. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, білім дағдыларын дамыту, бақылау, зерттеу қабілеттерін дамыту. шапшаңдыққа, ұқыптылыққа баулу.

ЦЕЛЬ: стимулировать учащихся к более глубокому и всестороннему изучению предмета, привить интерес к занятиям физикой.

Бағдарламасы/программа

  1. Команда атауы/название команды.
  2. Сабаққа ену (спагетти башня құрастыру)
  3. Сұрақ жауап/Разминка.
  4. Қарапайым тәжірибелер/Простые опыты – конкурс на лучший опыт с помощью предметов домашнего обихода.
  5. Капитандар сайысы/Конкурс капитанов (виртуалды зертхана)
  6. Берілген сөзден физикаға қатысты сөздер табу / Составить слова из предложенного слова

Оформление: формулы, слова 

  1. НАМ НЕОБЫКНОВЕННО ПОВЕЗЛО, ЧТО МЫ ЕЩЁ ЖИВЕМ В ВЕК, КОГДА ЕЩЁ МОЖНО ДЕЛАТЬ ОТКРЫТИЯ.
                                                                                                                                   Р. ФЕЙНМАН
  2. ЗДРАВЫЙ СМЫСЛ – ЭТО ТЕ ПРЕДРАССУДКИ, КОТОРЫЕ СКЛАДЫВАЮТСЯ В ВОЗРАСТЕ ДО 18 ЛЕТ.
                                                                                                                                  А.ЭЙНШТЕЙН
  3. ВСЕ НАУКИ ДЕЛЯТСЯ НА ФИЗИКУ И КОЛЛЕКЦИОНИРОВАНИЕ МАРОК.
                                                                                                                                 Э. РЕЗЕРФОРД
  4. РАДОСТЬ ВИДЕТЬ И ПОНИМАТЬ ЕСТЬ САМЫЙ ПРЕКРАСНЫЙ ДАР ПРИРОДЫ
                                                                                                                                А.ЭЙНШТЕЙН

В конкурсах принимают участие две команды – сборная  11-х классов. 

Өту барысыХод мероприятия

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін МИФ онкүндігі аясында ұйымдастырылып отырған «Физика тәжірибе алаңы» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Бүгін бізде 11- сынып оқушыларынан құралған екі команда сайысқа түседі, яғни бүгін бізде сайыс, бақылау, зерттеу. Ендеше командаларға сәттілік!!!

Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге қызықты бір ғылыми теория айтып берейін. Екі оқушы бір бірінен сұрапты: Неге осы оқушылар кішкене бірдеңе білмей қалса, мұғалімдер «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па? . Сонда екіншісі: Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі затттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.

Алдымен сайыс барысымен таныстырып өтейік:

  1. Тапсырма:  «Ең биік мұнара/Самая высокая башня»

Бұл ойын сіздерден тез шешім қабылдауды талап етеді, яғни  топпен біріге жұмыс жасау қажет,  кімнің мұнарасы ең биік болса сол команда көшбасшы соны анықтайтын боламыз.

Сізге қажет: әр командаға 20 дана шикі спагетти, жабысқақ таспа,  бір метр жіп және бір кесек зефир.

Ойынның ережесі мен барысы. Шығарылған материалды пайдаланып, ең биік мұнараны салу қажет. Құрылым өздігінен тұруы керек, ал зефир мұнараның күмбезіне айналуы керек. Ең биік мұнараны бірінші салған команда жеңеді.

Эта игра развивает лидерские способности, учит оперативно принимать решения, сообща решать задачи. Играют две команды.

Что нужно: по 20 штук сырых спагетти для каждой команды, по упаковке клейкой ленты и метру веревки, а также по одной штуке зефира.

Правила и ход игры. Необходимо построить самую высокую башню с помощью выданного материала. Сооружение должно стоять самостоятельно, а зефир должен стать куполом башни. Побеждает команда, которая первой построит самую высокую башню.

  1. Тапсырма: Қызықты тәжірибелер /Простые опыты

Ұстаз, мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?-деп Асан мұғалімінен сұрапты.

Мұғалім: Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Мысалы көзбен көріп, қолмен жасап қарау.

 

Бұл сайыста біздер күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттардан тәжірибе жасайтын боласыздар және сол жасаған тәжірибені түсіндіру/Команда должна подобрать, продемонстрировать и объяснить опыт с помощью предметов домашнего обихода. Например, это могут быть такие опыты:

 

I.Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.

 

II топтың тәжірибелері:
 1. Стакан, су, қағаз. Стакандағы суды қағазбен жауып тұрып төңкергенде, су ақпайды. Неге? (Атмосфералық қысым төменнен жоғары қарай да әсер етеді)
 2. Тәрелке, сабын керек. Тәрелкеге су құйып, төгіп тастаймыз да, сабынды тәрелкеге қатты басып тұрамыз. Сосын сабынды көтергенде тәрелке бірге көтеріледі, неге? (молекулалардың өзара байланысы)
 3. Пластмассалық баклашканы бір жағынан бірдей етіп 3 жерден тесеміз де тесіктерді шырпымен бітеп қоямыз да ішіне су құямыз. Шырпыларды алып тастағанда су тесіктерден әртүрлі қашықтыққа ағады. Неліктен? (Сұйықтардың әртүрлі деңгейдегі қысымдары әртүрлі болады, төмендеген сайын қысым артады)
 4. Суға: картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. Сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, балқуы, қалқуын)
 

 

Яйцо в графине.

Сварите вкрутую яйцо, очистите его от скорлупы. Возьмите листок бумаги размером 80х80 мм, сверните его гармошкой и подожгите. Затем опустите горящую бумагу в графин. Через 1-2 с горлышко графина накройте яйцом. Горение бумаги прекратится, и яйцо начнет втягиваться в графин.

(При горении бумаги воздух нагревается, давление увеличивается, часть воздуха выходит. После того как графин закроем яйцом, горение бумаги прекратится, воздух охладится и там возникнет разрежение. Под действием атмосферного давления яйцо начнет втягиваться в графин.)

 

Шар тәжірибесі.

Шарды газетпен сүртіңіз, оны төбеге апарыңыз. Доп төбеден ілінеді. Газетте екі шарды электрлендіріңіз. Оларды ұзын жіптерге қатарластырыңыз, олар итереді (шарлар бірдей белгідегі зарядтарды алды). Бірінші шарын газетке, ал екіншісін жүннен жасалған матаға электрлендіріңіз. Оларды бір-бірінен біршама қашықтықта іліп қойыңыз - шарлар тартылады (шарлар әртүрлі белгілердің зарядтарын алды). Өзара әрекеттесу әсіресе айқын көрінеді, егер бір доп үстелдің беті бойымен домалақталса, екіншісі оның артына айналады.

Опыт с воздушными шарами.

Потрите газетой воздушный шар, поднесите его к потолку. Шар останется висеть у потолка. Наэлектризуйте два шара о газету. Подвести их на длинных нитях рядом, они будут отталкиваться (шары получили заряды одного знака). Наэлектризуйте один шар о газету, а другой – о кусок шерстяной ткани. Подвесьте их на некотором расстоянии друг от друга – шары будут притягиваться (шары получили заряды разных знаков). Особенно хорошо видно взаимодействие, если один шар катить по поверхности стола, то за ним катится и другой.

2) Опыт «Загадочная картофелина» (1 балл) Оборудование: два стеклянных сосуда с водой, картофелина, соль. Проведение: Поместим одну и ту же картофелину в сосуды с равным количеством воды. В одном сосуде картофелина тонет, а в другом плавает. Объясните загадку картофелины. Объяснение. В одном из сосудов находится насыщенный раствор поваренной соли. Плотность соленой воды больше, чем чистой. Плотности соленой воды и картофелины примерно одинаковы, поэтому она плавает в растворе соли. Плотность чистой воды меньше плотности картофелины, поэтому она тонет в воде.

 

 

  1. Тапсырма: «Капитандар сайысы» бұл сайыста топ капитандары виртуальды зертхананы пайдалана отырып, тізбек құрастырады /«КАПИТАНСКИЙ» Виртуальная лаборатория собрать цепь

1-топ: өткізгіштерді тізбектей жалғауды көрсету керек/ Задание 1 – ой команде.

На вашем столе находятся источник тока, вольтметр, лампочка, рео­стат, соединительные провода и выключатели. Соберите электрическую цепь по схеме, изображенной на рисунке.


Как изменяются показания вольтметра и накал лампочки при переме­щении ползунка реостата?

2-топ: өткізгіштерді параллель  жалғауды көрсету керек/ Задание 2 – ой команде.

У вас на столе имеется электрическая цепь, собранная по схеме (см. рис.). Замкните цепь и измерьте силу тока и напряжение на резисторе при разных положениях (1,2,3,4) ползунка реостата.


Представьте результаты измерений в виде таблицы.

По полученным данным постройте график.

Сделайте вывод: как сипа тока зависит от напряжения?

4-тапсырма: «ТЕРМОДИНАМИКА» деген сөзден физикаға қатысты сөздерді табу «СЛОВА»

Бұл тапсырманы топпен орындайсыздар, әр сөзге бір ұпайдан беріледі, сөздер тек физикаға қатысты болу керек.

Для выполнения этого задания требуется некоторое время. Задание: из букв слова "Динамометр" необходимо составить слова. За каждое правильное слово 1 балл. 2 мин

 

Бүгін көріп, тамашалаған «Физика тәжірие алаңы» сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!Қош сау болыңыз!

329 0
Сымбат Жайлыбаева Венера Имаканова «Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ - нің физика информатика пәнінің мұғалімдері Ұлы дала ұстазы № 002176
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: