Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1739

Мектептегі өзгеріс тұрақтылығын қалай сақтаймын?

«Елді түзетуді – бала оқыту ісін 

түзетуден бастау керек» -дейді 

А.Байтұрсынұлы

 

 

           Саналы  да сапалы, білімді оқушы тәрбиелеу мен үшін өте жауапты іс. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына,оқушы мен педагог тұлғасына  және қызметіне деген көзқарастың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең.

   Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл – ойы дамыған  азаматын даярлау – бүгінгі  оқыту мазмұнына жаңа бағыт әкелді.  

      ХХI ғасыр мектептерінің алдында тұрған міндеттер: мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы оқыту мен оқу үдерісіне басшылық жасау,бұл өз кезегінде үлгерімнің артуына ықпал етеді; ресурстарды басқару; міндет қоя білу және алға ілгерілеушілікті бағалай білу; сонымен қатар,көшбасшылық пен мектептен тыс ынтымақтастық .                                                                  

Оқушылар  болашақта белгілі бір дағдыларды игерген, өзгеріске тез икемделіп, бірлесіп жұмыс жасауды, тапсырмаларды орындап, бір жұмыстан бір жұмысқа ауысуға дайын, зерек жаңаны тез қабылдайтын,өзара қарым –қатынас  орнатуды, мектеп қоғамдастығы аясында ХХI  ғасырда өмір сүруге дайындауды  қамтамасыз ету керектігін айтқым келеді. Мен басқарып отырған ұжымда оқыту мен  оқуды үздіксіз жақсартуға бағытталған кәсіби қоғамдастық бірлесіп жұмыс жасайды.Әр мұғалім өз сабағының-көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты .Оқытудағы міндетіміз-оқушыларды өз бетімен  жұмыс жасауға тәрбиелеу,үйрету шығармашылық қабілетін дамыту.

     Мектеп  жоспарына сәйкес алынған сауалнаманы егжей -тегжейлі талдай отырып,  мектепті дамыту үшін зерттеу сұрағын айқындадым. «Білім беру мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы көшбасшылық дағдыларын қалыптастыруға  бола ма? ”   зерттеу сұрағын жүзеге асыру үшін 4 стратегиялық даму басымдықтарын жоспарладым. 

SMART мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін құзіреттілікке негізделген бөлінген көшбасшылық арқылы, атап айтқанда мектеп мақсатына қол жеткізу үшін білім алушылардың кәсіби қоғамдастық моделін құрып, қоғамдастық арқылы оқушыларға жоғары сапалы білім беріп, оқушылардың жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында  оқыту үшін бірлесіп жұмыс нәтижесінде жүзеге асырылды.Оқушыларды  оқытуда жағымды өзгеріс енгізу үшін үнемі қоғамдастық мүшелері отырыстар өткізіп,оқыту әдістемесі мен бағалау тәжірибесін жетілдіру бойынша  бірлесіп әрекет етіп, мұғалімдер  үздіксіз рефлексияға тартылып, атқарылатын жұмыстарға мән беріліп ,жүзеге асырылды.

             Коучинг  арқылы мұғалімдер өздері жинақтаған тәжірибелерін бірлесе  отырып ортаға салып, бір бірімізбен пікір алмасып, кәсіби білімін, игерген дағдыларын қалыптастыруды жетілдіреді. Коучинг үдерісінде әріптестермен белсенді өзара ынтымақтаса әрекеттесу жұмыстары жүрді. Топтасып ынтымақтастықта жұмыс жасауы қалыптасады, кез келген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға, қиындықтар мен проблемаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай біледі. Коучинг арқылы мен өз бойымда терең ойлану, зейін салып тыңдау, мәселені анықтау, оны шешуге апаратын сұрақтар дайындау, ізденушілік, нәтижені анықтау қасиеттерімді  дамыттым. Коучинг  үдерісінде сұрақ қою, сыни ойлау, бағыт – бағдар беру, өзара бағалату дағдыларым дамыды. Өз бойымнан әріптестерімнің коучинг сабағынан кейін берген кері байланыс алу барысында ұйымдастырушылық қабілетімнің, көшбасшылық дағдының  қалыптасқанын байқадым.

          . Коучингті  жоспарлау барысында  коуч  іс-әрекеті, қатысушылардың іс-әрекеттерін егжей-тегжейлі  талдадық. Коучинкте  қолданылатын әдіс-тәсілдерді, тренингті, бейне жазбаларды  айқындадық. Коучпен кездесу барысында уақытты  ұтымды пайдалануды, іс-әрекеттің жылдам  ұйымдастырылуын      үйрендім.   Бастаған істі дер кезінде орындау, мұғалімдермен, оқушылармен өзара түсіністік пен өзара қарым-қатынасқа дайындығын ынталандыра  отырып, тиімді  диалогтік қарым-қатынас орнатуды  үйрендім. Әрбір  өткізген коучингке, сабақтарда сол дағдыларды  үнемі жадымнан шығармауды назарда ұстадым. 

          Коучинг  үдерісінің   тиімділігін коучингтерден кейінгі сабақтарда  кері байланыс жасағанда  оқушылар   ойларын ашық айтып, сабақтан алған әсерлерін  жеткізіп отырғанда  байқадым. Коучинг  барысында   мұғалімдер жаңа –әдіс тәсілдерді   үйреніп, сабақтарында   қолдана  білді. Коучинг арқылы  мұғалімдер бір-бірімен  тәжірибе алмасып, бір –бірімен  ашық сабақтың   жоспарларын  жасағанда  қолданылатын әдіс-тәсілдерді  талқылап, сыни пікірлеріне  түсіністікпен   қарап  отырды. Ашық сұрақтарға жауап беруге үйренеді.Топтасып ынтымақтастықта жұмыс жасауға қалыптасады, кез келген жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға, қиындықтар мен проблемаларды өз бетінше шешуге дағдыланады, өзін-өзі бағалай біледі. 

        Тәлімгерлік үдеріс арқылы  білім берудегі  оқытудың жаңаша  әдіс-тәсілдері  - 7 модульді   практикалық түрде  қолдану  арқылы оның артықшылығына көз жеткіздім. .Сыныпта жан-жақты  жұмыс жүргізу, оқушының деңгейіне байланысты тапсырмалар   беру - оқыту үдерісінде  дәстүрлі оқытудан  ерекшелікті айқындап берді.Оқу  үдерісінің саналы болу қажеттілігі туралы  тұжырымдар   балалардың жеке тәжірибесінің мәдениеті   мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігі   елеулі  түрде  айқындалды.

               Тәлімгерлік  үдерісіндегі өзгеріс деп түрлі  әдістерді  қолдану   арқылы  оқушылардың  бірін-бірі   тыңдауы,өз  ойлаған  ойын   еркін  айтуы,топпен   жұмыстарда   белсенділік  танытуы,бәсекеге  қабілетті   тұлғаны  қалыптастыруға  және   мәселенің  шешімін  сын   тұрғысынан  ойлай  алатын   қабілеттерін  қалыптастыруға   мүмкіндік   алды. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы , дескриптор арқылы   оқушылар бағаның әділ қойылуын үйрене білуі, табысты сұрақ   қоюда тұжырымды ой айта білуді үйренуін айтуға болады.

           Тәлімгерлік үдерістің тиімділігін   ментальді карта  жасауда  түйінді ой,   негізгі дәлелді   ойды  тауып жазуда,   оқушылардың бірін –бірі бағалауында   табыс критерийіне жетуде   дескрипторлар арқылы бағалау   оқушыларды сыни көзбен қарауға үйретті.    Сонымен  қатар  баланың   еркін  де  терең  ойлауына  үздіксіз   жұмыс  жасауына  жол   ашты.Саналы білім алуы  мен ойларын дамытуға  ықпал ететіндігі    дәстүрлі   білім  беру  кезіндегі сабақ жоспарынан ерекшелігі  уақытты тиімді пайдалануда,  сабақтың әр кезеңін жүйелі жоспарлауды үйренді.  Aл caбaқ кезінде оқушылар  пікірлерімен  бөліcуге, қойғaн cұрaқтaрдың бaрлығынa жaуaп берулеріне,постер қорғай отырып, бaлaлaрғa бacқa оқушылaрдың жaуaптaрын қaрacтыруы тиімділігі айқындалды. 

        LS үдерісі арқылы      LS тиімділігін ынталы  топ мүшелерімен бірлескен  жоспарын бірігіп   құра   отырып, сабақта  қолданылатын әдіс-тәсілдердің  оқушылардың сыни ойлауына, ойын еркін жеткізуіне  тиімді екенін талқылай отырып, пікір алмасуда және тәжірибе алмасуда байқадым.Сабақтардан соң кері байланыс беру мұғалімдердің   сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болуы,  сабақтан   кейінгі  талқылауды  бірлесіп талдау арқылы айқын көрінді.

           LS үдерісі енгізген   өзгеріс деп мұғалімдердің жаңартылған білім мазмұнына сәйкес  алған білімдерін  сабақтарда   қолдана  отырып,  зерттеу   сабақтарында оқушылардың  деңгейін анықтап отыруға  көмектеседі.

   Оқушылардың белсенді  әдіс-тәсілдер арқылы  сыни   ойлауды, зеректігін көрсете   білуді, өзін-өзі бағалауды үйренуді түсіне білуі. 

        LS үдерісінің тиімділігін сабақтарда  қолданылған    «Ментальді  карта» әдісі  арқылы   оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері   айқын көрініп, топтық бірлесіп  жұмыс  жасауда   белсенділік танытуы. «Концепцуалды кесте»  әдісі арқылы   тақырыпқа  сай жетістіктері, қиындықтарды, қайшылықтарды  негізгі себептері  туралы алған мәліметтерді  кестеге түсіру кезінде ойларын жеткізе  отырып, сыни   ойлау дағдылары  қалыптасуы. 

        LS үдерісінің тиімділігін оқушылар бойындағы  өзгерістері   арқылы ойын еркін айту, топтық   бірлесіп жұмыс   жасауды үйренуі. Әр сабақтан алған кері байланыстарда  оқушылар сабақтың қызықты  өткенін   және топта  жұмыс  жасау тиімді   екенін  жеткізуі барысында байқалды. Бұл  деректер  біздің өткізілген сабақтарымызда  деңгейлік   тапсырмалардың  орындалуын, уақытты  тиімді  пайдалануды,   бағалау  дескрипторларын  дұрыс   құруға сабақ  барысында  тиімді екенін   көрсетті. Lesson Study  үдерісі мұғалімге  өз  жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір   бойғы  тәжірибесінде  әрбір   оқушының  қажеттілігін  ескеріп   отыруға мүмкіндік  береді. 

    

             «ОҚУҒА құштар мектеп- ОҚУҒА құштар ұлт» Жобасын жүзеге асыру үшін кітап мәртебесін көтеру мақсатында Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін,саналы ұрпаққа берер тәрбиелік мәні бар кітаптармен  толығу үстінде.Жас  ұрпақтың  жаңаша ойлануына  олардың   біртұтас  дүние  танымының   қалыптасуына  ықпал  ететін   жаңаша  білім мазмұны  білім   беру жүйесіндегі өзекті  мәселелер болғандықтан,  қазіргі даму  кезеңі   білім  беру  жүйесінің   алдында  оқыту  үрдісінің   әдіс тәсілдер  мәселесі  басты   орынға  қойылғанын назара ала отырып, мектебімізде   түрлі іс-шаралар өткізіп, күнде  көңілді  үзіліс   өткізілді.  Енгізген жоба өзгерістердің бірі деп,әр күн ұзақ үзілісте оқушылар өздерінің оқыған шығармалары мен әндерінен үзінді оқып отырғандығы.Себебі ,оқушылардың ойлау қабілеті, тілі, сөздік қоры дамыды. Кітап оқитын бала өздігінен ой тұжырымдап кез келген тақырыпқа шығарма жаза алады, кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып үйренді.Қазақ халқы қашанда өнерге бай халық, кітап оқумен қатар ән жанрының да алатын орны ерекше.Халық әндерін  және дәстүрлі әндерді орындау арқылы қазақ халқының шежірелі тарихымен,шаттық шалқарымен танысып,ән-өмірдің өлең бесігі,өлмес жыры,өміршең дүниесі екендігін үйренді. 

     Мұғалімдер арасында әдеби кітап оқу көрініс тапты, өз ойларын жинақтап,сыни тұрғыда эссе жазуды үйренді. «Кітап –рухани қазына» атты панельдік дисскуция кезінде ойларын ашық айтуды,сұрақ қою техникасын үйренді. Мұғалімдердің  рухани жан дүнисі, білімдері арман биігіне самғататын,ақыл –ой,сұлулық әлемін шарлатып,білім ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екендігін үйренді .   Жоба тиімділігін мектепте ұстаздар мен оқушылар арасында қарым қатынастың жақсарғанынан,мектеп мәдениетінің өсуінен, жас ұрпақтың жаңаша ойлануынан,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерін меңгеруіне ықпалы бар екенін байқадым.   

     Жиналыстар,кездесулер арқылы мектеп мәдениеті,оқушылармен,ата аналармен,мұғалімдер арасында қарым- қатынас, оқушыларға білім алуға жан жақты жағдай жасап,қолдау көрсету

 дағдылары қалыптасты. Қоғамдастық мүшелері жиналыстарда,кездесулерде өз ойларын ашық айтып, пікірлерін айтуға,кез келген жағдайда әріптестеріне қолдау көрсету дағдылары қалыптасты. 

        Жәй мұғалім - хабарлайды                                   

       Жақсы мұғалім -  түсіндіреді 

       Керемет мұғалім - көрсетеді

       Ұлы   мұғалім - шабыттандырады – деген екен   қытай ғұламасы Конфуцийдің  осы даналық сөзімен ойымды аяқтағым келді.

 

 

 

 

 

 

 

175 0
Калдыкуль Бабасова, Ә.Молдағұлова орта мектебінің директоры Ұлы дала ұстазы № 002175
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: