Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1738

Баланың балабақшаға бейімделу процесі

Білім алу мен дамудың балалар үшін ең алғашқы қадамы- балабақшадан басталады. Әлемді тану, қабылдау, балалардың алғашқы еркін қадамдары, өзге адамдармен қарым- қатынас орнату, қарапайым ойындарды үйренудің барлығы осы балабақша қабырғасынан бастау алады. Бірақ   баланың өзі үшін таныс емес ортаға түсуі, бейтаныс адамдармен алғаш жеке қалу олардың бойында үрей қалыптастыруы мүмкін. Сонымен қатар, баланың балабақшаға алғаш рет келуі оның күнделікті режимінің өзгеруіне алып келеді. Балалардың алдында келесідей міндеттер тұрады: 

  1.  қатаң күн тәртібіне бағыну;
  2. ата ананың, жақындардың көмегінсіз әрекет ету;
  3. таныс емес тәрбиешінің айтқанын орындау;
  4. ұзақ уақыт өз қатарластарының қасында болу;
  5. үйреншікті, жайлы зонадан шығу 

ал бұның барлығы балалар үшін оңай болмайтыны анық. Жалпы ересек адамдардың өзінде жаңа жұмыс орнына, жаңа ортаға түскенде біршама уақыт бейімделу процесі жүреді. Ал балаларда бұл процес ұзағырақ уақытты талап етеді.

Психологиялық тұрғыда алып қарайтын болсақ, әр баланың ақпаратты, әлемді қабылдауы  және организм мен олардың осы уақытқа дейін өмір сүрген орталары  әртүрлі. Осыған байланысты бейімделу процесінің ұзақтығына байланысты балаларды үш топқа, категорияға  бөлуге болады. 

Ең алғашқы категория ол бейімделудің - жеңіл деңгейі. 

Жеңіл деңгейде балалар үшін балабақшаға бейімделуге шамамен 2-4 апта уақыт қажет болады. Сонымен қатар, балаларда төмендегідей эмоциялық және физиологиялық жағдайлар көрініс табады.

  1. Ұйқы: бала күндізгі және түнгі ұйқы кезінде тыныш ұйықтайды
  2. Тәбет: жақсы, кейбір тағамдарды таңдап жеуі мүмкін
  3. Эмоционалды күй: тыныш бірыңғай.
  4. Мінез-құлық: көз жасынсыз және ашусыз ол анасын тастап, топта қалады.
  5. Тәрбиешілермен  және басқа балалармен қарым-қатынас: ол тәрбиешілермен және балалармен байланысқа түседі, мұғалімнен көмек сұрай алады, құрдастарымен ойынға қатысады.

Ал келесі бейімделудің орташа деңгейіне келер болсақ, бұл деңгейде бейімделу процесі бір айдан астам уақытқа созылады. Балада бейімделудің орташа деңгейі екендігін анықтау үшін, келесідей белгілерге пункттер мен белгілерге назар аудару қажет.  

  1. Ұйқы: бала кейде түскі уақытта   ұйықтамайды; 
  2. Тәбет: кейбір тағамдардан бас тартуы мүмкін, аз жейді.
  3. Эмоционалды күй: жиі жылайды, қайғырады, көңіл-күйі әртүрлі себептерден өзгереді. Тек қысқа уақытқа  қана ойындарға назар аударады.
  4. Мінез-құлық: Ата - анасын таңғы уақытта әрең жібереді, ұзақ уақыт ата-анасы кеткеннен кейін көңіл күйсіз, жалғыз жүреді. 
  5. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас: ол қарым-қатынасқа қызығушылық танытпайды, мұғалімнен анасының қашан келітіні жайында үнемі сұрайды. 

 

Ал балалардың үшінші тобын бейімделудің ауыр дәржесіне жатқызуға болады. Бұл балалар үшін адаптация кезеңі 2-3 айға созылуы мүмкін. Бұл деңгейде ұйқы өте нашар, тәбет мүлде төмен болады. Көп жағдайда тек денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларда осылай бейімделу ұзақ әрі ауыр өтеді.

 

Балалардың балабақшаға жылдам бейімделуіне әсер ететін бірнеше факторлар бар. 

  1. Баланың жасы;
  2. Баланың денсаулығы;
  3. Баланың қарапайым қабілеттерінің қаншалықты дамығандығы;
  4. Баланың өскен мәдени- әлеуметтік ортасы осы төрт фактор негізгі әсер етуші факторлар болып табылады.

 

Балабақшада әрбір тәрбиеші жаңадан топқа қосылған баланы бақылап, онымен барынша жақсы қарым - қатынас құруға талпынуы қажет. Адаптацияның жеңіл өтуіне  ата - ананыңда тікелей қатысы бар. Сондықтан,  ата - аналар үшін тәрбиешілер тарапынан берілетін маңызды бірнеше ұсыныстар бар.

  1. Бала алғашқы күндері балабақшада 1-2 сағатқа қалуы керек. Егер бұл уақыт таңертеңгі серуенге сәйкес келсе жақсы.
  2. Тәрбиешінің ұсыныстарын ескере отырып, баланың топта болу уақытын біртіндеп арттыру керек.
  3.  Егер бала ауырса, анасы немесе әкесі онымен бірге үйде болуы керек.
  4. Ата-аналар тәрбиешіге баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері, оның әдеттері мен бейімділігі туралы ескертуі керек.
  5. Баланы үйге алып кететін, уақытта баланың өзән күні бойы өзінің қалай ұстағаны жайында міндетті сұрау қажет
  6. Баланың көңіл күйі туралы үнемі балардың өзімен ашық сөйлесу қажет.

 

Осы аталған барлық ақпараттарды тәжірибеде ескеру арқылы, біз балалардың тұрақты эмоциялық және психологиялық жәй күйін сақтап, жақсартып, балабақшадағы алғашқы күндердің жақсы дейгейде өтуіне жағдай жасай аламыз.

211 0
Гүлжайна Жамгужаева, "Ханзада -2017" бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Ұлы дала ұстазы № 002174
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: