Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1737

Балабақшадағы тәрбие және шеберлік пен оқыту өнері

Балабақшада білім беру мен тәрбиелеудің бірінші сатысы балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала тәрбиелеуде балабақшаның басты міндеті. Бұл міндеттерге сай білім беру мазмұнында әр түрлі жаңартулар енгізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту –мектеп жүйесінен ерекше болады. Сондықтан да балабақшада білім беру жұмыстары жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру деңгейін – үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы – педагог-тәрбиеші. Тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруші де тәрбиеші. Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. Яғни, тәрбиеші қандай білімді болса, балалар да сондай зерек болады. Осыған сәйкес, қазіргі кезде жалпы педагогикалық қабілетіме сүйене отырып, төмендегідей талаптарды мақсат ете отырып қолданамын: Ұйымдастырушылық, дидактикалық, перспективтік, коммуникативтік, ізденушілік, ғылыми –танымдық.                                                                                                                                     

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. 

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Тәрбиешілер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», – деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?                                                            

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, балаларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр баланың дарындылығын айқындау, оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау,  жанұя, тәрбиешінің ролін анықтау, тәрбиешілер ұжымын қалыптастыру – педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. Мектепке дейінгі тәрбие негіздерінде өткен жылдардағы жинақталған тәжірибеге арқа сүйеймін. Бүгінгі күннің талабы – баланы жан – жақты тәрбиелеу болып саналады. Яғни, мектепке дейінгі ұйымдарда оқу – тәрбие үдерісінде жаңа заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдануға бағыт – бағдар беру негізінде жүргізілетіндіктен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біздің жұмыстарымыздың білім беру саласындағы басымдықтарында бүкіл әлемдегі сияқты Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» деген сөздері әсерін тигізді. Сол себепті инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу – тәрбие барысында басшылыққа ала отырып, жұмыстар жүргіземін.Соның ішінде көбірек қолданатын технология құм терпиясы мен  су-джок терапиясы.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау үдерісі тұрақсыз болатындықтан, затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған орай «Егер айтып берсең ұмытамын, көрсетсең, мүмкін есіме сақтаймын, егер еліктіре алсаң, ұмытпаймын» деген қытай ойшылы Конфуцидің нақыл сөзі барша балақандардың тәрбиешіге жолдауы сияқты. Демек, мектеп жасына дейінгі балаларға тиімді технологиялардың бірі, ол Су-Джок терапиясының ерекшеліктері мен қолданылу тиімділігі баланың жан – жақты дамуына әсер береді деп ойлаймын. Су-Джок жапондық сөз баланың ұсақ қол моторикаларын әр түрлі кедергілі доптарды пайдалана отырып дамыту. Бұл доптар баланың саусақ ұштарындағы нүктелерге әсер ете отырып миға сигнал жібереді. Қазақ халқы технологияның бұл түрін бұрыннан-ақ пайдаланып келеді. Бұл бізде «Санамақ» деп аталады.  «Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология» ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – тәрбиешінің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог тәрбиеші мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек.  ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын балалардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі тәрбиешінің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.Адам қажырлы еңбегімен табиғатты  өзгертсе тәрбиеші жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды.Балаларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «тәрбиеші болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» – деген сұрақ туады. Тәрбиешінің барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген тәрбиеші ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, тәрбиеші оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер тәрбиеші бола алады. 

Педагогикалық шеберлік – тәрбиешілік талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Тәрбиеші әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы балаларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, тәрбие процесінде балалармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Балабақшада білім беру мен тәрбиелеудің бірінші сатысы балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады. Бала тәрбиелеуде балабақшаның басты міндеті. Бұл міндеттерге сай білім беру мазмұнында әр түрлі жаңартулар енгізіліп отырады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту –мектеп жүйесінен ерекше болады. Сондықтан да балабақшада білім беру жұмыстары жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Қорыта келгенде аталған технологияларды, жоспарларды, ойындарды білім беру мен тәрбие мәселесінде балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр баланың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдаланудамын. Сол себепті педагогикада мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде білім беру қызметтерінде, тәрбие беруде көрнекіліктер мен ойын технологияларын көп қолданған жөн деп санаймын.

 

 

438 0
Жанар Бозшатай, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002173
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: