Отбасы –адам баласының өсіп өнер ортасы, қамқорлықтың тұрақты көзі, адам өмірінде ең қызықты дәурені өтетін, тәрбиемен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Қазіргі кезде отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналарға үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Оның ең басты міндеттері дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор т.с.с. қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Бала негізгі тәрбиені отбасынан алады. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Әркім өз баласын болашақта білімді, тәрбиелі, еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне қызмет ететін жақсы маман иесі болса екен деп тілейді. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау, ұрпақты жалғастыру және өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Ал осы тілектердің орындалуына мүмкіндік жасайтын алдымен ата-ананың өзі. Отбасында тәлімді тәрбие, өнеге көріп өскен бала, жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуметіне көтеріле алады.
Данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби « Балаға беру үшін алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең апатқа әкеліп соғады»- деген екен. Балабақша –тәрбие, білім берудің алғашқы ошағы. Алайда баланы балабақшаға беріп, тәрбие, білім алады деп бар жауапкершілікті тәрбиешілерге жүктеп қою жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешілермен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі керек. Мұндай әрекет- баланың даму деңгейіне әсер етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Балабақша отбасымен қарым –қатынас принциптерін тек өз күштерін біріктіру арқылы ғана өздеріне жүктелген егемен Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін абыроймен орындап шыға алады.Ата-аналар балабақшаның тәрбие мен білім беру процестеріне, оның тыныс тіршілігіне белсенді қатыспайынша, үлкен нәтижеге қол жеткізе алмайды. Отбасының негізгі міндеті-баланың өсіп,дамуына толық жағдайлар жасау,баланың адамгершілігін дамытуға мүмкіндік жасау, балалармен ашық және сенімділік қарым-қатынас жүргізу, өзінің баласына шама шарқынша көмек жасау, сұрақтарға жауап беруге дайын болу;талап қоюда жүйелілік жасау.
Отбасы –адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру. Бала ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі –өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес беруші болып танылады. Отбасы адам баласының өсіп-өнер,қаз тұрып,қанат қағар ұясы, алтын бесігі болса, балабақша да ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуетін арттыруға бағытталған. Тәрбиешілердің отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелім жүйесіне негізделеді. Тәрбиеші ата-аналардың барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, керісінше қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшеліктеріне бағытталады. Ата-аналарды балабақшаның, топтың іс-шараларына араласуына барынша күш салады. Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары-топтық және даралық болып екіге бөлінеді. Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама алу,т.б. Топтық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, дөңгелек үстел, пікір алмасу, кездесулер, ашық есік күндері,т.б. Білім беру мен тәрбиелеу мұнымен шектелмек емес. Серіктестік пен ынтымақтастықтың негізінде отбасы мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға берілетін біркелкі талаптар мен бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету. Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын, мектепке дейінгі ұйымдармен өзара әрекетін берілген бағдарлама мазмұнына сәйкес меңгерту. Ата-ана баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек, бар мейірімін төгіп ,сұрақ қоймай қарсы алып, баланы тыңдай білу қажет. Ата-ана өз баласының балабақшадағы өмірінің егжей-тегжейіне қызыға қатысуы тиіс. Ал ондай мүмкіндік үнемі болмайды. Тәрбиешімен үнемі байланыста болу,ата-ананың қатысуы- баланың балабақшадағы тыныс тіршілігін және тәрбиешінің, балабақша ұжымының жұмысын өз көзімен көріп, білуге толық мүмкіндік береді. Үнемі балабақшамен байланыста болу нәтижесінде болашақта ата-аналар тәрбиешінің басты көмекшісіне айналады десек болады. Алдағы уақытта отбасы мен балабақша бірінің бастаған игілікті ісін екіншісі жалғастырады, толықтырады. Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап, оларды ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ. Ертеңімізді бүгін ойлап, бүгінгіні уақытында жүзеге асырып, жас ұрпақты бірлесе тәрбиелеу-бұл ата-анамен тәрбиешілердің міндеті екенін естен шығармайық!