Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1733

Тәрбие тал бесіктен басталады

Баланың басты ұстазы ата-анасы. Ата-ананың үйіндегі қарым қатынасы, киім киюі, мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Ө»ткені «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі». Бала отбасынан әкеден-ақыл, шешеден мейір алады. Әке - тірек, ана - жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасының үш тағаны іспеттес.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердіңсақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасының басты негізгі қызметі – бала тәрбиелеу.

Ата-ана сәби дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.  Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол – шешесіне қарап бой түзейді. Ата-ана балаларынаүлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені, бала ересектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге  өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді, көргенін қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны І. Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмейсүйегіннен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасының аузынан шыққан әрбір сөз бала үшін заң болып есептеледі.

«Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында жатыр. Отбасы – бала тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағаланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне  бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар ата-аналарының қолына берілген аяулы аманат» делінген.   Бұл ғажайып құдайшылық анықтамасы жадымызда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшасына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздінінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдынында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік. Отбасы – ұрпақтың сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдай болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Тәрбиенің қиындықтары көп, сол қиындықтан қашпаған ата-ана ғана саналы тәрбие бере алады. Ол үшін баланың не істеп жүргенін, кіммен ойнайды, қай жерде жүргенін, тапсырманы қалай орындағаны сияқты жұмыстарын қадағалап, түсіндіріп, жан-жақты тәрбие беру, оны әрі қарай дамыта білу керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы, бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі.

Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс. Ұлы істің бастау бұлағы, қайнар көзі – отбасы. Отбасындағы тағылым мен үлгі өнегенің, балабақшадағы тәлім тәрбиенің жүйелі бірізді жүргізулерінен бастау алатыны баршаға белгілі. 

Тәрбиенің түп тамыры – ұлтты қадірлеу, ұлттық әдет-ғұрыпты дамыту, ұлттық дәстүрді жандандыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайтуға үйрету. Сабақ та, тәрбие де осы бағытта болса ғана баланы ортаға қарап тәрбиелеген боламыз, сонда ғана оның адамгершілігі қалыптасады. Адамды құрметтеуге тәрбиелеуіміз қажет.

Балабақшаға барғанда бала өз жасындағы балалармен бірге ойнайды, сөйлеседі. Бұл жерде тіл алғыш, айтқанды істемейтін, жылауық, сабырлы балалардың ортасына, яғни, аралас ортаға барады. Балабақшада осылардың әртүрлігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Ол тәрбиешінің қатысуымен іске асады.

Жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз. Бұл ойдың тармағы бүгінгі тәрбиешінің кәсіптік шеберлігінде, шығармашылық дамуына әкеліп соғады.

Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру-әрбір отбасының, балабақшаның, барша елдің міндеті. Осы міндетті орындауда мектепке дейінгі тәрбие мекемесі–балабақшаның рөлі өте зор. Әр үйдің кішкене балбөбектері білім ордасына дейін ата-анасының тәлімді тәрбиесімен қатар мейірімге толы ізгілікпен құшақ жайып, өнер,білімге баулитын балабақша саясында өсетіні анық. Бала біздің болашағымыз. Олай болса мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Балабақшада бала тәрбие мен білімді ала отырып, шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыра алады. Бұл жерде баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда ойын түрлерін ұйымдастыру мен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу бағыты жоғары нәтиже береді. Балалардың өзі-өзіне қызмет ету, үлкендерге көмектесуі олардың жеке тұлға ретінде дамуының көрсеткіші болып табылады. 

Балабақшаның мақсаты: Балаларды жалпыға міндетті білім беру стандартына сай оқыту мен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстанатын, денсаулығы мықты, парасатты да, инабатты ұрпақ тәрбиелеу.Әр баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылықпен мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, Отанын сүюге баулу. Мектепке дейінгі балаларға оқу қызметтерінен тыс дамыту формалары өз әсерін тигізеді. Әр түрлі мерекелік ертеңгіліктер бала сезіміне ерекше әсер ететін, оны игілікті мінез-құлыққа тәрбиелейтін қайырымдылық әрекеттерге бағыттайтын маңызды форма болып саналады. Қазіргі дамыған заманда ешбір жас ұрпақ білімсіз қалмауы керек, бүгінгі жас ұрпақ бойына білім нәрін сусындатып, алға қарай қызығушылығын арттыру басты міндетіміз. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел болашағы, біз әрқашан заманауи білімді балаға беріп отырсақ, біздің балаларымыздың болашағы жарқын болмақ. 

 

648 0
Нагима Молдабаева, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002169
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: