Тәрбие жұмыстарының дәл мәні сіздің балаға тікелей әсер етуіңізде емес, көзбе-көз әңгімелесуіңізде емес, ол сіздің өз отбасыңызды ұйымдастырудың, сіздің жеке және қоғамдық өміріңізді және бала өмірін ұйымдастыра білуіңізде.
- Антон Макаренко
Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.
Мәдениетті,ұқыпты,білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін тәрбиешінің өзі тәрбиелі,білімді болу қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ,ұстаздар оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.Және де халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет — жаңа технологияларды,идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»деп ұстаздарға жаңа міндет қойған болатын.Сондықтанда әр педагог өзінің білімін жетілдіріп,іздену қажет. Заманауи педагог – үнемі дамып отыратын, өзін-өзі тәрбиелейтін, балаларды дамыту мен тәрбиелеудің жаңа жолдарын іздейтін адам.Мұның бәрі оның белсенді позициясы мен шығармашылық компонентінің арқасында мүмкін болады.Ал жоғарыда атап өткен жаңа технологияларға келетін болсақ, жаңа технологияларды енгізу бірқатар себептерге байланысты болуы мүмкін. Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологиялар ең алдымен өзекті мәселелерді шешуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, ата-аналардың өсіп келе жатқан сұраныстарын қанағаттандыруға пайдаланылады.
Инновациялар тек жаңа бағдарламалар түрінде ғана емес, сонымен бірге мектепке дейінгі мекеменің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін бірқатар басқа салаларда да көрінуі мүмкін. Бұған басқарушылық қызмет, персоналмен жұмыс және ата-аналармен жұмыс кіреді.
Ал балабақшадағы балалармен жасалатын бірқатар маңызды жұмыстарға тоқталар болсақ,мысалы сатылы түрде ең алдымен жаңашыл білім беру технологияларға үйрету сынды мәселелер кіреді.
Сондай-ақ маңызды этап ол -зерттеу әрекетін үйрету яғни балаға өзекті мәселені анықтауға және оны бірқатар әрекеттер арқылы шешуге көмектеседі. Сонымен бірге бала да ғалым сияқты зерттеулер мен тәжірибелер жүргізеді.
Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері:
- бақылаулар;
- әңгімелер;
- тәжірибелер;
- дидактикалық ойындар;
- жағдайларды модельдеу;
- жұмыс тапсырмалары, әрекеттер.
Баланың бабын таба білген тәрбиеші ең үздік маман саналады.Ал жоғарыда аталған қағидаларды ұстанып,сол сұраныстарға сай болса ата-ана баласын сол тәрбиеші қызмет атқаратын балабақшаға баласының болашағына еш алаңдамай беретініне сенімім мол.