Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1730

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру жолдары

    Мектепте тіл-әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани саласын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құштарлығын ояту,әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру, ақыл-ойын, сөздік қорын, тілін дамыту міндеті қойылған.Әрине, мұны еліміздің егеменді мемлекет болуымен байланысты халқымыздың тілін, мәдени-рухани қазыналарын жете меңгерген білімді, іскер ұрпақ тәрбиелеу қажеттіліктерінен де туындап  отырған уақыт талабы деп түсінген жөн.

     Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкірттердің талабы мен  ағымына сай қалыптасуын аықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жетілдіре  білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі  ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі  ұрпақ бейнесімен көрінеді.

     Шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына ұстаздың өткізген әрбір сабағы шешуші рөл атқарады.Оқушы білімінің сапалы болуы ұстазының дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттілігіне тікелей байланысты.Оқушы үшін мектепте оқытылатын әрбір пәннің орны ерекше.Ал оқушының пәнге қызығушылығын арттыру үшін әр сабақты дұрыс ұйымдастыру, педагогикалық шеберлікті үнемі ізденістермен жаңартып отыру әр ұстаздың міндеті болуы керек.

    Сыныптағы бір оқушының өз қатарынан зерек, ұғымтал,үздік атануы, кей баланың оқу материалын баяу, самарқау қабылдауы қабілеттің даму, жетілу сапасының түрліше болуына да байланысты. Әдебиет пәнін меңгертуде ақыл мен ес, байқағыштық және дамыған эстетикалық сергек сезімталдық, мәнерлеп оқу, жатық сөйлеу, ойын тартымды жеткізе білу тәрізді қабілет белгілері мен біліктіліктері  жатады.Сондықтан оқушы бойында иненің жасуындай болса да оқуға ынтасы мен бейімділігі байқала қалған күнде оны дұрыс арнаға салу қажет. Тіл-әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық-белсенділіктерін арттыруда деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық сұрақтар арқылы дамыта оқыту, оқытуды өмірмен ұштастыру,әр оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау басты әдістердің бірі. Сондықтан да әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. 

Жоғары сыныптарда  әр пәннің оқушыларға  берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі әдебиетті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі.

    Әдеби шығармаларды меңгерудегі саналылық оқушының дүниетанымдық көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасуында маңызды орын алады. Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымы кеңейте түседі.Сондықтан өтілгелі отырған тақырыппен сабақтас келетін қызықты оқиғалар, ақын-жазушылар өмірінен қосымша мәліметтер, естеліктер,тарихи-деректі әңгімелерді қызықты етіп әңгімелеу немесе оқушылардың өздерінің олармен танысуына кеңес беріп отыру үнемі қажет. Мұндай жұмыс олардың пәнге деген қызығуын арттырады, әдеби шығармаларды оқу, өмірбаяндары туралы естеліктерді іздене жүріп оқу баланың өмір талабынаа йналады, сөйтіп оның азаматтық қалыптасуына әсер етеді.           Әдеби шығармаларды өту барысында оқушыны творчестволық іскерлікке баулу, әртүрлі құбылыстарды, оқиғаларды, адамдардың пиғыл-әрекеттеріндегі ерекшеліктерді байқай білуге және олар жөнінде қорытынды жасай білуге үйрету танымдық тәрбиенің басты құралы деуге болады. 

Қорыта айтқанда, жаңа әдіс арқылы бүгінгі күні білім беру жүйесінде оқушылардың  шығармашылық  әрекетін дамытуға, олардың оқу еңбегіне деген жағымды мотивациясын қалыптастыру үшін, тиімді инновациялық шешімнің бірі сабақта тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін  қолдану ұстаздың біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жан дүниесі сенім мен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын. Қашан да білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры жас-ұрпақтың қолында болса, ұрпақтың тағдыры-бүгінгі ұстаздардың қолында.

    Президентіміз Н.Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз»-деген пікірі өзгерем деген әрбір оқушының да, мұғалімнің де, басшының да  рухани азығы болуы тиіс. Олай  болса  келешек  ұрпағымыздың  жан-жақты,  терең білімді,  яғни  интеллектуалды  деңгейін  жоғары  болуына   қойылатын талап  зор.

182 0
Айгерім Мұрат, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002166
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: