Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы - еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойына еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу.Қазіргі кезде еңбекті ысырып қойып,білімге бет бұрған заманда,балалардың еңбекке деген көзқарасы мүлде азайып кетті. Казіргі кезде барлығы автоматтандырылған ,ол заман талабы. Бірақ ересек адамдар біз бір нәрсені ұмытпауымыз керек,баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оның еңбек тәрбиесіне тікелей байланысты екенін .Барлығы автоматтандырылған болсада,арасында балаға еңбектің нәтижесін қолмен істеп көрсетіп отыруымыз қажет. Кейде ересек адамдар балаға кішкентай кезінде ештеңе үйретпей,өзіне керек кезде үйреніп алады деген теріс ұғымнан аулақ болуымыз керек. Ол кезде кеш болады.
Жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу – маңызды педагогикалық процесс. Өйткені, болашақ қоғам азаматтары өздерінің адамгершілік қасиеттерін, абыройын, өмірден алатын орнын тек қана еңбек арқылы ғана ақтай алады. Еңбекке баулуда бала күнделікті өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді кішкентай кезінен бастап меңгеріп қана қоймай, еңбек баланың ақыл-ойының дамуына әсер ететіндей, бастаған ісін соңына дейін аяқтауына, оның әсем де әдемі болуына назар аударту көзделеді. Еңбекке тәрбиелеудің негізгі мақсаты – еңбексүйгіштікке тәрбиелей отырып, оның нәтижесіне қуана білуге, балалардың күшін толықтыруға және денсаулығының нығаюына жәрдемдеседі, дене қозғалысының үйлесімді, сергек болуына ықпал етеді және ептілікке тәрбиелейді.
«Адамды — адам еткен еңбек» Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы күш-қуатымыз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. «Еңбексіз күнің қараң» -дегендей күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Балалардың еңбегі туралы айтатын болсақ, күнделікті өмірде кездесетін көзге көріне бермейтін, өзіміз мән бермейтін қарапайым еңбек түрлері өте көп.
Алайда, 2-3 жастағы баланың өздігінен тамағын ішіп-жеуі, ойыншығын, киімі-кешегін жинауының өзі олар үшін үлкен еңбек. Баланың өз-өзіне қызмет қыла білуінің өзі еңбекке жатады.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі.
Мысалы: Шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінін, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, нәтижесін мақтап жігерлендіріп отыру қажет.
Мысалы: Ой, жарайсың, сенің қолыннан барлығы келеді,қандай жақсы жасағасын, керемет деген сөздер баланы еңбек етуге деген қызығушылығын оятады.
Еңбек етуге жат қылықтар: Жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздық, еріншектік, жиренуге баулып отыру, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Деңсаулық,бақыт пен байлық адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке баулудың өзіндік ерекшелігі -оның ойынмен тығыз байланыстылығында. Олардың ойыны мен еңбегін ажырату қиын, өйткені алғашқы еңбек әрекетінің қарапайым элементі ойыннан басталады. Баланы ойын арқылы да еңбекке баулуға болады. Баланың ойынына аса мән беру керек.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Бала ойын арқылы есейеді,ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады» деп айтқан. Сондықтан бала ойнаған кезде қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау кажет. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті, қимыл- қозғалысы үлкендерден және өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Отбасында баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.
Мысалы: Жерде жатқан нанды алып қоюы, киімін күтіп киюі бәрі адамгершілікке, үлкендердің еңбегін сыйлағаны болып есептеледі.
К.Д.Ушинский балалар ойынын олардың оқудан тыс іс-әрекеттерімен тығыз бірлікте алып қарастырады. Балалардың оқудан тыс іс-әрекеттері ойын қатарына қосылмайды, әйтседе осыдан ойынға өте ұқсас жайттар көптеп көрінеді. Ол бала ойынының оның бос уақытындағы ермегінен, істеген жұмысынан тек шартты түрде ғана айырмашылығы бар, ол іс-әрекеттердің көбінде бірін-бірі алмастырып жататындығын атап көрсеткен.
«Баланың оқудан тыс іс-әрекеттері мен ойыны өзара қабысып жатады, сол үшін баланың көңілі қалайтын іс-әрекетті қай кезден басталып, қай жерде аяқталатынын аңғару қиын: мейлі ол – атыз қопсыту, гүл отырғызу, қуыршағына көйлек тігу, себет тоқу, сурет салу, ұсталық ету немесе кітап түптеу т.б. секілді жұмыстар болсын – осының бәрі бала үшін шынайы еңбек болып есептеледі, олар осы іс-әрекеттерге рақаттана беріліп, сол үшін кәдімгідей күйіп-піседі, ойын-еңбегі жолында қиындықтан қашпай, қайта төзімділік танытады. Осының өзі адам табиғатының негізгі заңы еркін еңбек екендігін меңзейді»
Алайда баланың бос уақыттағы іс-әрекеттері мен ойыны Ушинский үшін басқа сипаттағы жеке іс-әрекет ретінде ойынмен сәйкес келмейтін құбылыс болып көрінеді.
Міне, осындай қасиеттермен сапаның ұштасуы әрбір баланың бойынан өзіндік ерекшеліктерді аңғаруға мүмкіндік береді. Біз мұнымен күнделікті тәрбие тәжірибесінде ұшырасып отырамыз. Кейбір балалардың бойындағы осындай еңбек және ойын элементтері көп уақытқа созылмай дұрыс қалыптасып кетеді, ал екінші бір балаларда – ойындағы мінез құлқының дамығаны сондай, тіпті оны қалыпқа келтіру үшін кәдімгідей тәрбиелік ықпал жасауға, күш салуымызға тура келеді.
А.С.Макаренко ойынның балалар дамуындағы рөлін айқын көрсетіп,әрі оның еңбекпен диалектикалық байланысын ашып берді. Ол былай деп жазады: «Қайраткер және қызметкер ретіндегі әрбір жеке адамның бүкіл тарихы – ойынның дамуы және оның бірте-бірте еңбекке ұласуы сипатында көзге елестейді. Бұл өте баяу жүретін құбылыс. Бала сәби кезінен бастап ойынмен айналысады, оның еңбектену функциясы аса елеусіз, өзін-өзі күту шеңберінен шыға алмайды, өз бетінше тамақтана бастайды, киімін киеді. Бірақ осы іс-әрекеттің өзіне ол көптеген ойын элементерін енгізеді.
Балалар еңбегінің тағы бір маңызды қайнар көзі – баланың ересек адамдардың еңбегіне еліктеуі. Бұл ұмтылыс олардың ойынынан аңғарылады. Балалар тамақ әзірлеу үстінде өз аналарына ұқсауға тырысады, мысалы мұғалім, тәрбиеші, ұшқыш т.б. Бірақ балаларды еңбекке тәрбиелеуде ойын кезіндегі еліктеулері жеткіліксіз. Баланы айналадағы дүниенің талабына сай келетін еңбек сипатындағы іс-әрекеттке бейімдеу қажет. Мәселен, олар: табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды баптап-күтуге, көктемде көкініс отырғызу үшін атызды қопсытуға, шыршаға ойыншық әзірлеуге тағы басқа осы секілді өздеріне лайықты жұмыс түрлеріне белсене қатысулары керек.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар көру, есту, түйсіну, сезінуді дамытуға мәнді ықпал етеді.Ұйымдастырған еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі еңбекпен ұштастырылып, ол баланың білімі мен іскерлігінің терең, дәл, дұрыс болуына ықпал етеді. Ересек адамдар балаларға еңбектің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетке бағыттайды, көрсетеді, үйретеді, ақыл-кеңес беріп көмектеседі.Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің ролі ерекше. Баланың жас ерекшелігін,қызығушылығын ескеріп ұйымдастырылған еңбек оларда сезімтал көңіл күй, терең тебіреніс тудырып, еңбекке дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырудың алғашқы нышандарын сездіреді. Еңбек барысындағы тебіреніс өзге адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты, көпшілдік сезімнің алғышартын қалайды. Отбасында дұрыс ұйымдастырылған еңбек баланың мінез-құлқының моральдық жағымен қатар ерік-жігер, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау дағдысын қалыптастырады.Еңбек барысында тапсырылған жұмыстың қажеттілігін, мәнділігін түсіну баланың еңбекке қызығушылығын дамытып, еңбегінің нәтижесінен рухани нәр алу, қанағаттану, жауапкершілік сезімін тудырады. Ал мәнін түсінбеген еңбек оларды қызықтырмайды.
Еңбектің бәрі баланың күшін жұмсап, еңбектенуін талап етеді. Осы іс-әрекетке жаттығу баланың бұлшықеті мен жүйкесінің дамуына, төзімділікке, бұлшықет қимылдарының үйлесуіне, белгілі бір дағдының қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Мектепте жер теліміндегі және табиғат мүйістеріндегі, кейде сабақтардағы өсімдіктер мен жануарларды күнделікті күтуде қолданылады. Бірақ балалардың еңбегін өз мақсатына айналдырып қолдануға болмайды. Қандай да болмасын бір еңбектік дағдыға тәрбиелей отырып, табиғат жөніндегі білімдерді бір мезгілде кеңейте және бекіте түскен жөн. Сөйтіп, мысалы, егудің алдында балалар дәндерді (формасын, көлемін, түсін) қарап шығуға, өскінді отырғызу алдында өсімдік бөліктерінің атын (сабағын, жапырақтарын, гүлдерін) атауды қайталауға тиіс.Бұл кезде еңбектене отырып,білім де алады.
Кез келген еңбектік әдісті ересек адам түсіндіруге және өзі жасап көрсетуге тиіс сонымен бірге бір немесе екі балаға қайталату қажет.Тек осыдан кейін ғана әдісті бүкіл топтың балаларының орындауына ұсынуға болады. Бір әдісті үнемі қайталап қолдану – еңбек дағдыларының пайда болуын қамтамасыз етеді .
Балаларды еңбеке үйретуде қолданылатын әдістерге – үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінің үлкен еңбек үлгісімен танысу, балаларға әр түрлі еңбектің түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің және бүкіл топтың істеген жұмысына баға беру жатады.
«Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей» дегендей адамның күші, білімі осы еңбекпен тығыз байланысты