Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым – қатынасы.
А. Линколын
Білім беру саласындағы әлеуметтік-психологиялық қызметті практика жүзінде ұйымдастырудың ғылыми негізделуі мен тәсілдерін қарастыру,бұл мәселе әр елде өзіне тән болып шешіледі.
Бұл мәселені яғни психология тұрғысын қозғауымыз бекер емес, себебі баланы жастайынан нақтырақ айтқанда балабақшада тәрбиеленіп жүрген кезінен бастап психологиялық сауаттылыққа үйретіп,өзгелермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін көрсете білсек бала өсе келе арнайы бір тәртіпке үйренеді.Бұл әдіс көбіне тұрақталған методика ретінде шет елдерде кеңінен қолданылып,мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесінде қолданылады.Ал Қазақстанға бұндай бағыттағы өзгерістер енді ғана ену үстінде.
Жалпы психологиялық қызметтің дамуы,бір жағынан сол қоғамда қалыптасқан ғылыми психологиялық тұжырымдамалармен анықталса,екіншіден-әр елдің саяси,экономикалық және басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатын халыққа білім берудің қажеттіліктері мен міндеттері,тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастырумен анықталады.Сондықтан практикалық психология саласында басқа елдерде жасалынып және іске асырылғандардың құнды әрі пайдалысын қарастыра отырып,білім берудегі психологиялық қызметтің өзіндік ғылыми және ұйымдастырушылық принциптерін жасап және еліміздегі психологиялық теория мен мәдени дәстүрлерге қарай отырып негіздейді.Қазіргі таңда білім саласында яғни мектептер,орта және жоғары оқу орындарында психологияға аса мән беріліп отыр.Содан болар психологияға қызығушылардың саны жыл санап артуда.Және осы бағытқа қызығып өз мамандығын осы бағытқа бұрушылардың да қарасы көп.Бұл әрине қуантарлық жағдай себебі бұрындары психология көбіне шет елдерде зерттеліп Еуропа елдерінде жақсы дамыған дегенді жиі еститінбіз,ал қазір соның қатарында бізде бармыз.Ең алдымен білім берудегі психологиялық қызмет ұғымын анықтау қажет.Оған көптеген түрлі анықтамалар бар,бірақ ортақ,бәрі қабылдайтыны әлі де жасалынбаған.Бұл білім беру саласындағы психологиялық қызмет құбылысының өте күрделілігін көрсетеді.Өзіндік тарихы болғанына қарамастан,бұл қызмет жас және кейінгі кезде жоғарыда айтып өткендей қарқынды дамып отырған психологиялық ғылымның практика жүзіндегі саласы болып табылады.
Білім берудегі психологиялық қызмет-елдің біртұтас білім беру жүйесіндегі аса маңызды компоненттерінің бірі болып қарастырылады.Психологиялық қызметтің қазіргі кезде қарқынды дамуына көптеген обьективті де,субьективті себептер бар екені белгілі.Сонымен қатар дәл осы психологиялық қызметте психологиялық құбылыстар мен педагогикалық шарттардың бір-бірімен араласып,бір-біріне тәуелділігі айқын көрінеді,сондықтан да ол күрделі де,әртекті.
Білім беру жүйесіндегі психологтың кәсіби іс-әрекетінің ерекшеліктеріне белгілі ресейлік психологтар ұсынған бірнеше тұжырымдама яки бағыттар бар.Осы тұста көп жылдар бойғы ғұмырларын осы салаға арнап,зерттеген психолог-ғалымдардың көзқарастарымен келіспеу мүмкін емес соның бірнешеуін негізге алып атап өтсек.Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің ерекшеліктерін қарастырып,талдай отырып,М.В.Дубровина өз тұжырымдамасын ұсынған тұжырымдамада айтылған негізгі мәселелер ол ғылыми негізде бұрынғы кеңестік,және қазіргі замандық психологияның салыстырмалы бағыттары қарастырылып айтылған.Бұл көзқарастың пайда болуына негіз ол заман ағымының жыл өткен сайын қарыштап дамуы.Айналамыздағы дүниелер өзгеріп жатқанда адам санасында яғни психологияда да өзгерістердің болары анық.Түптеп келгенде қандай өзгеріс қай уақытта орын алса да,оның бәрі адам санасынан екені белгілі.
Басынан бері қарастырып отырғанымызда айтқым келгені бұл сала яғни психология өте маңызы жоғары сала,ол тіпті заманға сай тәрбие құралы да бола алады.Ал тәрбиенің мақсаты -даму жолындағы қоғам талаптарына сай тұлғаның қалыптасуына жол көрсету.Бұл мақсатқа жету тұлғаның қалыптасу заңдылықтарын;бағыт-бағдар,қабілет,қажеттілік,дүниетаным және т.б.-зерттеуді қажет етеді.Психологияны түрлі саламен де байланыстырып жатады,десек те оның зерттеу обьективі біреу ғана:ол -тұлға,оның психикалық үдерістері,қалыптары және қасиеттері.