Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1725

Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы

«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман», - деп тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқан еді. Елбасымыздың бұл сөзінен білімнің маңыздылығын аңғаратын болсақ, танымал ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз келген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзінен тәрбиенің де алар орны ерекше екенін байқауға болады. Қос ұғым да болар елдің болашағына тікелей қатысты. Талайды төңкере тінтісек те адам бойынан табылу керек қасиеттердің алдыңғы қатарында тұруы керек құндылық – тәрбие. Адамзат баласы ықылым заманнан бері санасын торлаған сұрақтарға жауап іздей отырып, тәрбие орны толмас қасиет екенін дәлелдеумен келеді. Бүгінгі таңда ел жастарының білімді де тәрбиелі болуына мемлекет барынша жағдай жасап жатыр. Білімді де, тәжірибелі кадрлар, заманауи технологиялар, шетелдік озық тәсілдерді қолданысқа ұсынуда. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі оқушы, студент, жас маман. Ендеше тәрбие мен білім беру ісі бүлдіршін шақтан бастау алады десек артық болмас. 

Балабақша – баланың тәй-тәй басып, алғашқы қылық шығара бастаған кезден баланы өз қамқорлығына алады, тәрбиелейді, білім береді, мектеп атты үлкен өмірге дайындайды. Ата-ананың қанатының астында еш қысылмай, ерке болып келе жатқан баланықарауына алым қоғамда өзін ұстауға,тұлға болып қалыптасуының алғашқыбаспалдағын құрайтын да осы балабақша болып табылады. «баланы – жастан», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Сондықтан баланы жас кезінен тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу керек. Баланы материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек, бірақ мұының жеткіліксіз, руханияты да бар екендігін ұмытпаған жөн. Ата-ана таң ертең баланы балабақшаға әкеліп, өз жұмыстарына кетеді. Бала күн ұясына батқанша тәрбиешілердің қарауында болады. Сондықтан балабақша – тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы екені де айқын. Балабақшада бал нені үйренеді? Баланы қалай дамытады? 

Балабақша – тәртіп пен тәрбие мекені. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», - деп қазақтан шыққан қолбасшы-батыр Б.Момышұлы айтқандай, тәртіп бар жерде тәрбие де білім де болады. Тәртіп – өмірдің әр саласында кездеседі, біздің дұрыс өмір сүруіміздің режимі. Кейбір тәртіптің маңыздылығы сол олар заңда да қарастырылған. Дәл осы тәртіптер бала бақшадан бастау алады. Қарапайым ас ішу тәртібі, дұрыс өмір сүру тәртібі, үлкендермен сыпайы сөйлесіп, амандасу тәртібі, балалар арасында ойыншық секілді өзге де заттарды өзімшілдікке салынып, меншіктемей бөлісе отырып, бірге ойнауға тәрбиеленеді. Ең бастысы – өзге адамның заттарына рұқсатсыз қол сұқпау керектігі де балабақшада үйретіледі.

Балабақша – алғашқы білім мекені. Білім – адам мәдениетінің ең ауқымды бірлігі. «білім – өмір шырағы» - деп бекер айтылмаса керекті, білім біздің өміріміздің жарық сәулесі. Білім берудің де алғашқы бастауын балабақшадан алады. Бала алғаш ертегі, жұмбақ, мақал, өлеңдермен таныса отырып білімін кеңейтеді, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Алғаш түзу, қисық, үзік сызықтармен танысады, бір қатар әріптерді де үйренеді. Қазіргі қоғамда ертекшіл әжелердің тым аз екендігі мәлім. Сондықтан ертегінің көпшілігімен бала балабақшада танысады. 

Балабақша – алғашқы талантты оятушы мекен. Талант – қабілеттердің ең биік деңгейі. Адам бойындағы қабілет шығармашылыққа бағытталады. «Талант – табиғаттан, талап – өзіңнен», - деп қазақ маңдайына біткен ақын Мұзафар Әлімбаев айтқан еді. Талантты жастайынан ашпаса кейін кеш болып кетуі мүмкін. Балабақша – бала бойындағы талантты ашып, сахнада өзін еркін ұстауға, еркін ойды жеткізуге баулыйтын алғашқы мекен.Түрлі ертеңгіліктерге қатысу, түрлі образдарға кіру, түрлі өлеңдер, тақпақтар айту, суреттер салу да бала бойындағы талантта аша түседі. 

Жоғарыда аталған тәртіп, тәрбие, білім, талант құндылықтарын бала бойына дарыту оңай іс емес. Оған қажырлы еңбек пен шыдамдылық қажет. Бұл жауапкершілік алдымен балабақшадағы тәрбиешілерге жүктеліп отыр. Тәрбиешіліер түрлі әдіс-тәсілдерді, ойындарды өткізу арқылы бала қызығушылығын ашады.

Балалық шақ - бұл қызықты ел. Бұл елде бәрі болады. Әлсіз қорғаны жоқ та, мықты қайратты болады, іш пыстыратын және қызықты емес нәрселер көңілді және қызғылықты болып шығады. Бұл елде әр бала өзінің жаман қылықтарын жеңе біледі, айналасын өте әдемі, таңғаларлықтай ашық қызықты қылады. «Менімен ойнашы» деген сөзді біз балалардан жиі естиміз. Біз ойнауға келісім берген кезде бір минут қасқыр, дәрігер, дүкенші болып ойнасақ бала қуанып қалады.

Балалар қиялдау арқылы түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой - қиялы, елестетуі шарықтайды. Тәрбиелейтін және дамытатын ойындарды ұмытпаған жөн, бұл ойындар баланың өмірін сақтайды. Әдемі, ақылды, дені сау баланы көру, қасында болу біздің әрқайсымыздың арманымыз.

Ойын - тәрбиелеудегі ең тізімді амалдардың бірі. «Балабақшада тәрбие беру программасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін, балалар қоғамының қалыптасуы үшін ойынның үлкен маңызы бар. Бала ойын арқылы күш - жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысын үйрене бастайды, яғни болашақ қайраткердің тәрбие жолы тәлімдік өнегесі ойыннан басталады. Ойын - бұл жақсы тәрбиеші. Ойынның арқасында жан - жағын қоршаған ел балаға қостаушы болып табылады. Ең негізі мектеп жасына дейінгі бала ескірлі, белсенді, ой, түсінігі мол болу қажет. Мектепте ол жақсы оқиды егер өзінің тәртібін басқара білсе, бір мақсатқа жетемін деген ынтасы болса, осы сапарлар қажет. Бірінші мақсат осы сапарды баланың бойында дамытуымыз қажет. Ең тиімдісі ойын - сабақтар ұйымдастыру балаға қызықты. Ойын - тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез - құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттерді қалыптасады. Ойындар тәрбиешінің көмегімен әр түрлі қызмет бабында қолданылады.

Қимылды ойындар - балалардың дене қимылдарының (ептілік, шапшаңдылық, төзімділік) жетілдіруін кеңістікті бағдарлай білуін дамытатын жарыс элементтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды кеңінен пайдалану қажет. Бірінші ойындар арасында ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз, аттракциондар. Сюжетті ойындарға тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік, құрылыс табиғи материалдағы ойындар, ойын - сауықтар жатады. Ойнаушылардың іс - әрекеті бір - бірімен тығыз байланыста. Мысалы: «Жапалақтар және қарлығаш», «Көбелектер мен гүлдер», «Алтын қақпа».

Сюжетсіз ойындарда іс - әрекет сюжетті ойнатылуымен байланыспаған. Олар қимыл қозғалыс негізінде жүргізіледі. Сюжетсіз ойындар көп түрге бөлінеді, соның ішінде қуыспақ, жасырынбақ, ойындар. Олар сюжеттік ойынға жақын, тек бейне ұқсастығы жоқ, жарыс түрінде жеке және топтасып, командаға бөлініп («Затты алмастыру», «Бәйге», «Күміс алу») эстафета секілді ойындар да баланы жақсы дамытады.

Ойын - оқыту, өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиелейді. Көпшілік адамдар арасында өмір сүру, айналасына қайырымды болуға, адал, қиналған кезде қол ұшын, жәрдем беруге тәрбиелеу. Басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, қиын жағдайда жәрдем беруге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге осының бәрі тәрбиеге, сыйластыққа жатады, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға екенін айыра білуге сахналық ойын пайдалануға болады.

Қорыта келгенде, бала – біздің болашағымыз. Сондықтан баланы шығармашылыққа, білімге, ұқыптылыққа, патриот болып өсуіне бүгіннен жағдай жасау керек. Бұл орайда балабақшаның аткарар қызметі орасан зор. Балабақша – тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы.

303 0
Алтын Әбіш, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002161
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: