Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе.
Зейнолла Қабдолов
Мейірімді балабақша – бұл махаббат, бақыт және мейірімділік аумағы. Өйткені, балабақша өз мәні бойынша жылы, тату, отбасылық атмосфера орнаған, балалар ойнайтын, ертегі тыңдайтын, сабаққа қатысатын, еңбек ететін, құрдастарымен араласатын үлкен үй.
Бала ерте жастан бастап қоршаған әлем туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады және бұл ең алдымен «өзінің» әлеуметтік-мәдени ортасының дәстүрлерімен танысу арқылы жүзеге асады.
Ең алдымен, бала бойына ең жақын – үйге, балабақшаға деген сүйіспеншілікті оятуымыз керек, өйткені бұл адамгершілік-патриоттық тәрбие негіздерінің бастамасы, оның алғашқы әрі маңызды қадамы. Мектеп жасына дейінгі бала, ең алдымен, өзін отбасының мүшесі, өзінің шағын Отанының ажырамас бөлігі, содан кейін Қазақстан азаматы, содан кейін ғана - Жер планетасының тұрғыны ретінде сезінуі керек. Балабақша – балаға арналған орта. Бұл жерде бала уақытының көп бөлігін өткізеді. Өкінішке орай, балалар мен ата-аналардың балабақша өміріне деген қызығушылығы аз. Сондықтан балаларда балабақшаның эмоционалды бай бейнесін қалыптастыруға жағдай жасау қажет. Балалар тек алуды ғана емес, беруді де үйренуі керек: жақындарына қамқорлық жасауды, бала кезінен бір-біріне мұқият болуды, жанашырлықты, сөзбен де, іспен де көмектесуді үйренуі керек.Осы орайдағы біздің міндетіміз- балабақшаның шағын Отан екендігін әрі оны қорғау, салт-дәстүрді сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру екендігін,осы аталғандардың бәрі бала өмірінде маңызды рөл атқаратынын бала санасына құю болып табылады.
Осындай әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру үшін баланы қоршаған ересектер табысты тұлғаның негізін қалайды.Баланың көңілі жайлы болуы үшін көп жағдайда ата-аналар мен тәрбиешілер арасында ортақ тіл табу екені сөзсіз. Ол үшін сізді қызықтыратын сұрақтарды жеке және ұжымдық әңгімелесуде, ата-аналар жиналысында, қызығушылық клубтарында, тақырыптық шеберлік сыныптарында талқылау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарымен кеңесу, мерекелерге қатысу, бірлескен жобаларға қатысу, белсенділігіңізді барынша таныту қажет.
Балалардың өз істеріне, сезімдері мен ойларына қызығушылықты сезінуі маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналары қатысатын іс-шараларға қуана қатысады. Бұл баланың өзін-өзі бағалауын арттырады, табысқа жету жағдайын жасайды, сондай-ақ ата-аналар да осындай уақыт өткізудің пайдасын көреді.Қандай жағдай болмасын ата-ананың да,тәрбиешінің де тарапынан қолдау мен қорғау көрген бала өзіне сенімді әр қадамын нық басатындай азамат болып өсері анық.Ел ертеңі болашақ жастар болғандықтан олардың тәрбиесі мен тәртібіне көп көңіл бөліп,саналы ұрпақ тәрбиелей білудің өзі де игі іс болмақ.