Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1722

Ата- ананың бала тәрбиесіндегі алатын орны

                   Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы- жақсы тәрбиеленген адам (Эпикетет)

Дүниенің ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. 

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез- құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата- аналар «баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ.

Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп,  ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім- тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. 

Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық қалай иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. 

Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз –қазіргі қоғам талабына сай жан –жақты, жарасымды тұлға өсіру. Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін, өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады. Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өсіреді. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қошаған ортасына, мұғаліміне, ата –анасына, құрбы –құрдастарына, олардың іс –әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты. 

Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

 

- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;

 

- өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

 

- бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

- түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

 

Әр отбасында жоғарыдағыдай түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жіберіп жатады. Мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады. Сол себепті де баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата- ананың басты парызы болып табылады. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ- түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала- әр жанұяның бақыты.

 

182 0
Динара Баймаханова, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002158
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: