Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1721

Ана – өмірдің шуағы

   (Балалардың бойына кішкентайынан осындай дүниелерді сіңіріп өсіретін болсақ,нағыз ата-ананың қадірін білетін ұрпақ тәрбиелеп шыға аламыз)

 

                                                 Адам боп туу-анадан,Айуан боп кету өзіннең

                                                             Қадыр Мырза Әли

 

Ана – барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі,оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам  бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана- ұлы адам,ана-құдіретті жан.Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық.Адамдар әрқашанда өз аналарының перзентті.Ана болмаса ақын да,батыр да болмайды.

          Ата ана ақылы-салулы қара жолмең тең.

          Әзір Мекке алдында,

          Пейілінмен сыйласаң

          Ата-ананмен ананды

Ата-ана қадірін білмеген халық қадірін біле алмас.Халық қадірін білмеген ата-ана қадірін біле алмас.Әрбір ата-ана баласын жаман болсын демейді,баланы өмірге әкеліп жатқан кезде сөз жетпитін қуанышқа толы болады,жамандыққа,зұлымдыққа қимайды.Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы,ақ сүтін емізіп аялаған,жаның да аямаған ардақтысы.

Мен «Ана» деген сөзді қанша айтсамда жалықпаймын,өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.Анам баланы тоғыз ай көтеріп,тоғыз ай көтеріп,толғатып,дүниеге келтіріп қана қоймайды,оны көзінің  қарашығындай қорғап,аялап  өсіріп аяғынан тік тұрғызады.Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін-Ана.

Ана баланың амандығын,бақытын,абыройлы болуын тілейді.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Қайран ана,өз перзентін әдемі не ұсқынсыз,ақылды не ақымаақ,мейірімді не рақымсыз,кесір қырсық болсада бәрібір шексіз сүйеді.Дүниеде ананың көз жасынан салмақты,одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ.Ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.

Алайда «Ананың көңілі балада,баланың көңілі далада» демекші,өзінің перзенттік борышын ұмытқан,сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.Ана – тіршіліктің гүлі,отбасының берекесі,бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Анасы жоқ балалар да аз емес.Олар ананың мейірімін,аялағанын ешқашан сезген емес.Ендеше анамызды барында құрметтейік.

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқынды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағын аясындай гүл бақтың

Ер жеткізіп елге берген баласың

Ақылдысың,ардақтысың,данасың !

Қарайтыным-қас қабағын бір сенің,

Қайратыннан қайта көрме,анашым !

Ана..... Не деген мейірлі,не деген шапағатты сөз осынау үш әріптен құралған.Қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті,бар махаббат пен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан барма екен бұл өмірде.Жақсылық атаулының барлығы да ананың ақ сүтінен таралған.

 

Сондықтан да,құрметті асыл аналар,қадірлі апайлар,қызғалдақ қыздарды құрметтеген жөн.Ана барлық өмірдің бастауы.Ол адамды өмірге әкеледі,оны тәрбиелейді,өсіреді.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.Ана-ұлы адам.Ана-құдіретті жан.

Тәуелсіз еліміздің тұрғындары ертенгі күнімізге сеніммен қарайды.Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі.Әлемдегі ең асыл жан ол ана десек,жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады.Ана-бұл аяулы да мейірімді жан.Бала тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін 

«Ана» деп айтады.Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіннің жан ананды жақсы көресің.Осы бір «АНА» деген үш  әріптің аясында адамзатқа деген қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңізші! Ару- ана,ару- асыл жар,ару- көңілдің гүлі.Ару- өмірдің жыры,тіпті айта берсең сөз жетпейді. «Әйел бір қолымен бесік   тербетсе,екінші қолымен әлемді тербетеді. » деген екен бір ғұлама.Қандай нақты айтылған ой десеңізші! 

 

 Расында әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә,Құдайдан кейін құдірет иесі – Ана.Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек,бүгінде ұрпақ өсірумен қатар ел еңсесі көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ қыздарымызға айтар алғысымыз шексіз.Бүгінде қоғам өмірінде әйел араласпайтын саласы жоқ  десекте болады.Бірі ғалым,бірі саясаткер,енді біреулері дәрігер,кәсіпкер,тізе берсең жалғаса береді.

 

Солардың бірі-аяулы ұстаздар.Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.Баланың ыстық-суығына күймейін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз-ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі,бойын түзейді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға үстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші ата-ана екенін естен шығармаған дұрыс болар еді.

Ана-өмір,қолдаушысы әлемнің,

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікте төккен нұрлы щуағы.

Заманының заңғары сырлы сөздің зергері Ғабит Мүсіреповтың М.Горькийден аударған «Өлімді женген Ана» әңгімесінде мынандай бір жол бар:

«Құрметтейік,көтерейік те әйелді! Ана-әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусылама,бүкіл дүниеде соның емшегін еміп,ер жеткен емеспе.Адамда не қасиет болса,бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!....»

     Романтикалық асқақ леппен жазылған осы бір жолдар әңгіменің бүкіл идеялық мазмұнын айқындайды.Қарсы кездескен азулы аңдар мен табиғи кедергілерді перзентіне деген   аналық махаббатының қуатымен жеңіп,қиыншылық атаулыны басынан мол кешіріп,азып-тозып шаршағанымен ана жасанған жаудан да қайтпайды.

Айбатынан ай жасырынған Әмір Темірмен де терезесі тең адамдай сөйлеседі.Сен өлімге қызмет етесің,мен өмірге қызмет етемін.Сен өлім шашасың,мен өмір шашамын.Сондықтан да мен сені адамға санамаймын да !  ....... Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың.Өйткені мен-ана ! Сондықтан сен маған әділ боласың !

Жау қолында қапыда кеткен ұлының дүниенің бір қиырынан іздеп келген ана махаббатының құдіретті күші атышулы жиһангер Ақсақ Темірдің өзіне.....Бұл өмірдің иесі,бұл ана,бұл ұлын сүйеді.Ұлын сүюі,ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой.Кім біледі,мүмкін ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар.

Диірменнің тасындай шыр айналған дүниенің сыр мен сымбатын,өрі мен ойын ұғындырып,ағаттықтардан аулақ болуға баулитында аналар ғой.Өзегін жарып шыққан перзентті үшін отқа да,суға да түсуге даяр ана «Сенің табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсың» дейді.

Ес білгенде,ақыл кіріп,санамыз толыққанда,өмірдің қызыққа толы шуақты күндерін кешіп,бақыт теңізіне шомылғанда Ана есімін құрметпен атасақ,жапа шегіп,жан күйзелгенде іздер панамыз ,жан жұбатар қамқорымыз-Ана.

Шығыстың шайыры Құтб айтқан «Ана күн сәулесі тәрізді,есікті жапсаң,терезеден түседі» деген қанатты сөзі Ана қасиетін Күнмен тенестіреді.Бұл асып-тасып асқақтау емес,ана мейірімінің,шуағының сәулесі ретінде араламайтын,жылытпайтын адам жанының қалтарысы болмайтындығының куәсі.

Ана күнделікті өмірде,яғни отбасында,жұмыста,ел арасында,қоғамдық қызметтерде ана болып қала береді.

Өмірдің әні,тірліктің сәні аналардың асыл бейнесі әндермен де,көркем қара сөзбен жазылған тамаша туындылармен де сомдалған.

«Ананды Меккеге үш рет арқалап апарсамда ақ сүтін өтей алмайсын» деген қанатты сөздері бар.

Қасиетті Құранда «Әуелі жақсылықты анаңа тағы да анаңа жаса .... содан соң туғанына жаса»,ұлағатты ойлары бар екен.

 

279 0
Акмарал Низтаева, № 60 «Тараз» бөбекжай – бақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 002157
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: