Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1704

Рухани жаңғыру - келешек кепілі

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.  Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Нұрсұлтан Назарбаев

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.

Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру - Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.   Н. Ә. Назарбаев бұл ретте, тұстас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік
  2. Прагматизм
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
  4. Білімнің салтанат құруы.
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.
  6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті бәсекеге қабілетті болатыны анық. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада, білім, ғылымда, технологияда яғни барлық салада болуы тиіс. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық салт-дәстүрімізді берік ұстанған, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиісіпіз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Тәуелсіз еліміз алдына үлкен мақсат қойды. Ол барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсаттың орындалуы білім мен ел бірлігіне тікелей байланысты. Білекпен емес біліммен басекелесетін уақыт жетті.Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру - Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі.Білім беру мекемемізде тәрбиенің басым 8-бағыттары бойынша жұмыс атқару,оқу процесі, бейінді оқыту, қосымша білім беру, педагог-ұйымдастырушы, психолог,социолог, тәлімгерлер жұмыстар атқаруда..Жылдық жұмыс жоспарлары құрылған. Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауына  ХХI      ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында білімімді заманауи  инновациялық   технологияларды пайдаланып, оны оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді тұстарын компьютерде берілгендер қорымен байланыстыруды ұйғардым. Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта  тұрады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық   тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың,  педагогтердің, психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі.Ұсынып отырған бағдарлама арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланысымыз арта түседі.Яғни компьютерде берілгендер қорымен жұмыс атқару-бұл қағазбастылықтан арылу.

Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді», — дейді Н. Ә. Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы.

 

169 0
Гулнара Сарсенбаеа, "Қарашық "жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002140
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: