Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1703

Озық технологиялардың ағылшын сабағында қолданылуы

Сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда оқу-тәрбие процесін құру білім сапасына, оқу іс-әрекетінің қалыптасу деңгейіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, заманауи білім беру технологияларын белсенді түрде қолдануды талап етеді. Ағылшын тілі сабақтарында және сабақтан кейінгі уақытта заманауи білім беру технологияларын пайдалану тұжырымдамасының негізінде мен заманауилыққа негізделген білім берудің принциптері мен әдістерін, оқушыға бағытталған  дамыта оқыту технологияларын қолданамын.Сондай-ақ семантикалық оқу мен жұмыс істеуге үйретудің стратегиялары мен әдістерін белсенді қолданамын. Бұл әдіс-тәсілдердің берер әсері де мол оны сабақ өту барысында оқушылардың белсенділігінен байқауға болады.

Әр сабағымда тілдік дайындық деңгейі әртүрлі оқушылардың жиі болатынын ескере отырып, мен бірнеше заманауи білім беру технологияларын деңгейлері бойынша қолданамын:

  1. ақпарат және байланыс,
  2. жоба әдісі,
  3. оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеті
  4. көп деңгейлі білім беру,
  5. саралап оқыту,
  6. бірлескен оқыту технологиясы немесе топтық жұмыс.

 

Әр оқушының типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сыныпты шартты түрде «А», «В», «С» топтарына бөлемін. Ұжымдық жұмыс әдістерін, динамикалық жұпта немесе топта қолданамын. «С» тобының тапсырмалары негізгінде стандарт ретінде бекітілген – минималды немесе репродуктивті болып келеді.Мысалы мұнда мен қайталаудың көптігін атап өтемін, лексикалық тіректерді бөліп көрсетуге үйретемін. «Б»тобының тапсырмалары аналитикалық-синтетикалық деңгейде құрастырылған және қолдануға арналған тапсырмаларды шешуге қажетті ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.Бұл баланың ой-өрісін дамытып,оның деңгейін жоғарылатуға көмектеседі.

«А» тобының тапсырмалары көбінде күрделірек, яғни басқаларымен салыстырғанда қиындау болып келеді, шығармашылық немесе өнімді деңгейді ұсынады. Оқушылар тақырып бойынша шағын диалогтар, монологтар құрастыра отырып, алған білімдерін саналы, шығармашылықпен қолданады. Топтық жұмыс формасын ұйымдастыру элементтері сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірек етуге, әр оқушыны оқу процесінен қалмай    қатыстыра білуге мүмкіндік береді.

Яғни барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ететін тәсілдердің ішіндегі қазіргі таңда жиі қолданылатын белсенді әдіс түрі десек болады.

Топтар ішінде тілдік дайындық деңгейіне, оқытылатын лексикалық бірліктерге сәйкес әркім өз ойын айта алады, оқу бағдарламаларын шешуге белсене қатыса алады. 

Заман дамуымен қатар технология да даму үстінде.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта оқу процесін ұйымдастырудағы жетекші технологиялардың бірі деп есептеймін.

Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану оқу үдерісін оңтайландыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа материалды түсіндіру кезінде түсінікті болу үшін Microsoft Power Point бағдарламасында компьютерлік презентацияларды (оның ішінде оқытушының алдын ала тексеруінен кейін оқушылардың өздері жасаған презентацияларды),www.Youtube.com сайтындағы бейнероликтерді, оқу фильмдерін, бейне роликтерді, үзінділерді қолданамын,әрі анимациялық және көркем фильмдерден, электронды қосымшалар арқылы жасалынған жұмыстар менің әрдайым көмекші құралым секілді қалыптасып кеткен.

Әр сабаққа әр түрлі күрделіліктегі дидактикалық материал жасаймын. Мұның бәрі нақты тәрбиелік нәтиже береді.Сол нәтижемен әр сабақ сайын оқушыларым мені таңдандырып әрі қуанта біледі.Бұл мен үшін үлкен жетістік.

110 0
Балнұр Шүкен, Сәкен Сейфуллин атындағы№2 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002139
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: