Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1700

Ауылға саяхат

Мақсаты: 

Білімділік: Балаларға көктем мезгілінің ерекшеліктерін айту, үй жануарларын 

ажыратып, төлдерін атап өту. Балаларға заттарды түсіне қарай топтастыруды, салыстыруды үйрету. 

Түстер жайлы білімдерін, заттарды түстері бойынша іріктеу ептілігін бекіту. Ұсақ қол маторикасын жетілдіру. 

Дамытушылық: Балалардың танымдық есте сақтау қабілеттерін, зейін, ой-

өрісін дамыту. 

Тәрбиелік: Балаларды әртүрлі сенсорикалық сезінулермен байыта отырып,

талпынушылық пен білуге, құмарлыққа тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: Сиқырлы қалам, үй жануарларының макеті, асық, сенсорикалық 

әр түрлі ойыншықтар.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын ойнату.

 

Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

Сәлем, сәлем бетім, 

Сәлем, сәлем көзім,

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Сәлеметсіздер ме балалар!

 

Құстың сайраған дыбысын шығарып, балалар бұл ненің дауысы?

Демек, қазір қай жыл мезгілі?

Жарайсыңдар балалар! 

 Балалар, көктем мезгілінің ерекшелігін атап өтейікші. 

Бүгінгі ауа райы қандай тамаша болып тұр. Сендер ауылға саяхатқа барғыларын келе ме?

Ауылда қандай жануарлар бар?

Үй жануарларына нелер жатады?

Сиқырлы қаламмен жұмыс

Балалар дыбысын тыңдап қандай жануар екенің атап береді. 

Дұрыс айтасыңдар. Ендеше барлығымыз ауылға әженің үйіне барайық ол үшін біз поезге мінеміз. 

Ду-ду-ду, ду-ду-ду мен жүремін, мен жүремін

Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ ал вагондар зулайды. 

Негізгі бөлім: 

Балалар әжейдің үйіне келіп, әжеймен амандасады. Қал жағдайларын сұрайды.

Әжейдің шаршап атырғаның байқайды. Әжей сіз шаршап отырсыз ба? 

Әжей: Ия, балалар немерем үйдің барлығын шашып тастады, сендер көмектессеңдер тіпті жақсы болар еді. 

Тәрбиеші: Балалар біз әжейге көмектесеміз бе? Әже мынау не?

Әжей: Кір жуған едім жаюға шамам келмей қоя салғам ғой. Мына көрпешені де немерем құртып кетті. 

Тәрбиеші: Балалар, мұнда әжейдің жуған киімдері жайылмай қалыпты, қане осы киімдерді мұнда ілейікші. 

Дидактикалық ойын: «Жуылған киімдерді жаю»

Мақсаты: Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту. 

Шарты: Киімдер мен ілгішті түстеріне қарай топтастыру. 

Балалар мұнда әжейдің көрпешесін реттеп беруіміз керек екен. 

Дидактикалық ойын: «Көрпешені реттеу»

Мақсаты: Сенсорикалық ойындар арқылы балалардың ұсақ маторикасын жетілдіру. 

Әжей: Мына асықтардыда араластырып немерем шашып кетіпті. 

Тәрбиеші: Ештеңе етпейді әжей қазір біздің балалар оны да түстерін ажыратып жинап береді. Балалар мына асықтарды да түстерін ажыратып жинап берейікші. 

Дидактикалық ойын: «Асық жинау»

Мақсаты: Түсіне қарай топтастыру, салыстыруды үйрету. 

Шарты: Асықтардын түстерін ажыратып жинау. 

Әжей мына ыдыстағы не?

Әжей: Бұл менің құрт жасаймын деп қойған сүзбем ғой. Шамам келмей істей алмай қойғанмын.  

Тәрбиеші: Олай болса әжейге құрт жасап берейікші. 

(балалар сүзбеден құрт жасайды.)

Әжей балаларға алғысын айтып өзінің жасаған құрттарын беріп, қоштасады. 

Балалар әжеймен қоштасып, пойызға мініп бақшаға қайтады. 

Қорытынды: 

- Балалар біз кімнің үйіне бардық?

- Ол жақта не көрдік?

- Үй жануарларын атап шығайықшы?

- Біз әжейге көмектестік пе?

- Асықтарды қалай жинадық?

- Сүзбемен не жасады?

Жарайсыңдар балалар сендер жақсы жұмыс жасадындар енді мен сендерге әжейдің берген құрттарын берейін. 

Мақтап, мадақтап қорыту. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Астана 2016ж
  2. Отбасы және балабақша 2012ж
  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық. Астана 2016ж

 

 

183 0
Айжан Отинбаева, № 34 Ақ желкен бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Ұлы Дала Ұстазы № 002137
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: