Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, білімге ұмтылдыру.
Дамытушылық: математикалық ой-өрісін, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және оқушының математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: білімді, дарынды, озық болуға, ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты
Типі: Ойын түрінде
I жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
II жүргізуші:«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» - деп Шоқан Уәлиханов айтқандай
I жүргізуші:«Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
II жүргізуші:
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
Тәуелсіздік - еркіндіктің жыр - әні.
Тәуелсіздік - халқымыздың байлығы
I жүргізуші:
Тәуелсіздік - Қазақстан айбыны.
Тәуелсіздік - елдігім, еркіндігім
Тәуелсіздік - аспанымызда жарқыра,
Қырандай болып қалықташы әрқашан!- дей отырып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тапқырлар» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.
II жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе «Тапқырлар» ойынына қатысушыларды таныстырамыз
«Алғырлар » тобы, топ басшысы: Мираненко Снежана.
«Тапқырлар » тобы, топ басшысы: Бекенова Жанерке.
«Роботтар» тобы, топ басшысы: Кеңесбаев Дулат
«Бөлшектер» тобы, топ басшысы: Мырзалы Нұрай.
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын
Мектеп –гимназия директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Мубаракова Салтанат әпкей.
I жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
II жүргізуші:
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов айтқандай,
I жүргізуші:
«Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
II жүргізуші:
Тәуелсіздік - бабалардың ұраны,
Тәуелсіздік - еркіндіктің жыр - әні.
Тәуелсіздік - халқымыздың байлығы
I жүргізуші:
Тәуелсіздік - Қазақстан айбыны.
Тәуелсіздік - елдігім, еркіндігім
Тәуелсіздік - аспанымызда жарқыра,
Қырандай болып қалықташы әрқашан!- дей отырып, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тапқырлар» атты интеллектуалдық ойынымызды бастаймыз.
II жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе «Тапқырлар» ойынына қатысушыларды таныстырамыз.
II жүргізуші:
«Алғырлар » тобы, топ басшысы: Мираненко Снежана.
«Тапқырлар » тобы, топ басшысы:Бекенова Жанерке.
«Роботтар» тобы, топ басшысы: Кеңесбаев Дулат
«Бөлшектер» тобы, топ басшысы:Мырзалы Нұрай.
I жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар алқасын сайлау.
II жүргізуші:
- Мектеп –гимназия директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Мубаракова Салтанат әпкей.
- Математика пәнінің мұғалімі: Құрбанова Рабиға әпкей.
- Математика пәнінің мұғалімі:Нүсіпалиева Гүлзат әпкей.
I жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
II жүргізуші:
Бүгінгі кештің жоспарымен таныстырайық.
Жоспары:
I кезең: Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі
II кезең: Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
III кезең: Біліктілік сайысы (есептер шығару)
IV кезең: «Тіл - өнер» (мақал-мәтелдер)
V кезең: «Ойымды жалғастыр» сайысы. (әр команда шапшаң жауап беру керек)
VI кезең: «Қас қағым сәт» сайысы (топ басшыларына сұрақ)
I жүргізуші:
I кезең: «Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі» әр топқа 2 минут уақыт беріледі.
« Алғырлар » тобы:
Шақырып жарыстарға сан-салалы,
Алғырлар топ жарғалы жар салады!
Ту етіп достық пенен татулықты
Қарсыластар командасын қарсы алады!
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.
II жүргізуші:
« Тапқырлар » тобы:
Құрметтеп алғырларды ой-саналы
Тапқырлар сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстан достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой салады.
Ұраны: Білімді қару етіп, серік етіп,
Болашақтың есігін біз ашамыз!
I жүргізуші:
«Роботтар» тобы:
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.
Көрсетіп есептердің жолын қалай,
Келдік біз оларды айтып бермек үшін
Ұраны: Қандай сынақ болысадағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
II жүргізуші:
«Бөлшектер» тобы:
Біз санбыз
Сызықпенен бөлінген
Математиканы ұқпас адамға
Құбыжық болып көрінген
Дұрыс,бұрыс,аралас
Ондық болып керілген.
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
I жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Тапқырлық сайысы» деп аталатын ІІ кезеңін бастаймыз.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
2. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (48)
3. Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек.Қанша рет аралап кесу керек?(300 рет)
4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
5. Бір айда бес жексенбі бола ала ма? (иә, мысалы,1,8,15,22,29-шы).
6. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
7. Кітаптың құны 1 теңге және ол кітап құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады? (2тенге)
8. Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы алты партия ойнаған. Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?( 4 партия)
9. 1 кг қант 44 тг тұрады. 2,5 кг қант қанша тұрады? (110тг)
10. Қандай көршілес үш санның көбейтіндісі олардың қосындысына тең (1,2,3)
11.Алгебра деген сөз қандай сөзден шыққан ? (Әль-жебр сөзінен)
12.666 санына ешбір арифметикалық амалдар қолданбай бір жарым есе артық сан алуға бола ма? (999)
13. Керосин лампасында керосин тек түбінде қалған кезде не жанады? Пілтеше ме,әлде керосин бе?( Пілтеше)
14. Сұқ саусақтың еніне тең ұзындықты қазақтар қалай атаған? (елі)
15. Екі санның қосындысы 8- ге, айырмасы 2-ге,көбейтіндісі 15- ке тең қандай сандар?(3 және 5)
16. Ксерокс компьютер құрылғысына жатады ма? (жоқ)
I жүргізуші:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз -деп, ойынымыздың «Біліктілік» деп аталатын ІІІ кезеңін бастаймыз.
II жүргізуші:
ІІІ кезең: «Біліктілік» сайысы. (есептер шығару).
1.(20-ұпай.) Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?
А) 27 б) 28 с) 31 д) 33 е) 56
2.(30-ұпай.) Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?
А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32
3.(40-ұпай.) Мына сандардың ең үлкені қайсысы?
А) 999 б) 999 с) (99)9 д) 999 е) 9999
4(50- ұпай.) Компьютерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір бөлігін зақымдайтыны белгілі. Бірінші күні ол дискінің бөлігін зақымдаған, екінші күні зақымданбаған жерінің бөлігін, үшінші күні қалған бөлігінің бөлігін, ал төртінші күні қалғанының . Дискінің қандай бөлігі зақымданбай қалған?
А) б) с) д) е)
I жүргізуші:
Топтар тапсырманы орындап болғанша, көрермендерге сұрақтар қою:
- Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?( Шәкен Ниязбеков )
- Тұңғыш Президент күні? (1 желтоқсан)
- Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке қандай атақ берілді? ("Халық Қаһарманы")
- Бәйтеректің биіктігі? (97 метр)
- 2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына неше жыл толды ? (20 жыл)
- Қазақстан Респупликасының мемлекеттік рәміздерін ата.
- Желтоқсанның қарлығаштарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев)
- Қазақ хандығын ең алғаш құрған қай хандар? (Керей хан мен Жәнібек хандар)
- Үш дос шахмат ойнап отыр. Олардың әрқайсысы 2 партия ойнаса, барлығы неше партия ойнайды? (3 партия)
I жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІV бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
II жүргізуші:
ІV кезең: «Тіл - өнер»
- Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
- Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)
- Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
- Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)
- Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, sooty)
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
I жүргізуші:
Білімдіге – биіктен орын! -деп, ойынымыздың «Ойымды жалғастыр» деп аталатын V бөлімін бастаймыз, әр дұрыс жауапқа 30 ұпайдан.
II жүргізуші:
V кезең: «Ойымды жалғастыр» (әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
I жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Қас қағым сәт» бөлімінде әрбір топ басшыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет, әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан.
II жүргізуші:
VI кезең: «Қас қағым сәт» сайысы (топ басшыларына сұрақ)
Алғырлар тобы
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
- Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
- 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
- Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш (сүйір)
- Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
- Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3,14)
- ОУ осі қалай аталады? (ордината)
- Бұрышты өлшеуге арналған құрал (транспортир)
- «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?( түсіндіру, баяндау, мәлімет)
- Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)
- Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
- Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі (бит)
- Бір байт нешеге тең? (8 бит)
I жүргізуші:
Тапқырлар тобы.
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді. (хорда)
- Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
- 650 саны 10-ға бөліне ме? (иә)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
- Таңбалары әр түрлі модульдері тең сан? (қарама-қарсы сандар)
- Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш (доғал)
- Тік бұрыш шамасы нешеге тең? (90 градус)
- 3,14 деген ненің мәні? (пи)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
- 64 нешенің квадраты? (8)
- Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды? (Программалық жабдықтаманы)
- Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа (Операциялық жүйе)
- ОЖ жүктелуі деген не?(ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы)
- Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер? (Саймандар тақтасы)
- Бас мәзірді шақыру үшін не керек.(Бастау батырмасын басу)
II жүргізуші:
Роботтар тобы:- Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)
- 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)
- Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)
- Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)
- Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)
- Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
- Бір ғасырда неше жыл бар?
- Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
- Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
- Windows-те қандай терезелер жоқ? (қосымшалар терезесі)
- Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?(файл)
- Жарлық – ол (Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме)
- Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны(255)
- Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет(Атын өзгерту)
I жүргізуші:
Бөлшектер тобы:
- Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)
- Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
- Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
- 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
- Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
- Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
- ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
- Ең кіші жай сан.(2)
- 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)
- Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?(Қалай сақтау)
- “Paint” сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?(сурет, сурет салу)
- Палитраның неше түсі бар?(30)
- Жай-күй жолында не беріледі?(Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат)
- «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?(түрлену, алмасу)
II жүргізуші:
Әділқазы мүшелері топтардың ұпайларын есептегенше көрермендерге сұрақтар қою:
- Апта күндерінің қайсысы "ма" буынымен аяқталады? (жұма)
- Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша? (қыздар екеу, ұлдар екеу!
- Мұзайдында 6 бала сырғанап жүрді. Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұзайдынға оралды. Мұзайдында қанша бала болды?
- Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы, екі артқы аяқтары бар жануарда неше аяқ бар? (4)
- Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды. Шортан табан балықтан ауыр, ал табан алабұғадан ауыр. Қай балық ең жеңіл? (алабұға)
әңге кезек берейік. Ортада Нұралы Аяна. «Балдаурен» әңімен.
I жүргізуші:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.
Қорытындылау: сайыс соңында жеңімпаз топтар анықталып, сайысқа белсене қатысқан топтар марапатталады.
II жүргізуші:
Қазақстан көк байрақтың нұры едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
I жүргізуші:
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіреп көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұстап туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
II жүргізуші:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет!

«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Қас қағым сәт» бөлімінде әрбір топ басшыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет, әр дұрыс жауапқа 20 ұпайдан.
II жүргізуші:
VI кезең: «Қас қағым сәт» сайысы (топ басшыларына сұрақ)
Алғырлар тобы.
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
- Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
- 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
- Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
- Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
- Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш (сүйір)
- Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
- Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3,14)
- ОУ осі қалай аталады? (ордината)
- Бұрышты өлшеуге арналған құрал (транспортир)
- «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударылғанда қандай мағына береді?( түсіндіру, баяндау, мәлімет)
- Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)
- Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
- Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі (бит)
- Бір байт нешеге тең? (8 бит)
I жүргізуші:
Тапқырлар тобы.
- Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді. (хорда)
- Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
- 650 саны 10-ға бөліне ме? (иә)
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
- Таңбалары әр түрлі модульдері тең сан? (қарама-қарсы сандар)
- Өлшемі 90 градустан үлкен бұрыш (доғал)
- Тік бұрыш шамасы нешеге тең? (90 градус)
- 3,14 деген ненің мәні? (пи)
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
- 64 нешенің квадраты? (8)
- Компьютерде орнатылған барлық программалар нені құрайды? (Программалық жабдықтаманы)
- Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа (Операциялық жүйе)
- ОЖ жүктелуі деген не?(ОЖ компьютердің жедел жадына орналасуы)
- Жұмыс үстелі нысандарының артығын көрсетіңдер? (Саймандар тақтасы)
- Бас мәзірді шақыру үшін не керек.(Бастау батырмасын басу)
II жүргізуші:
Роботтар тобы:
- Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)