Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, жаңа стратегиялық бағыт-бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы – осының бәрі білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды қайта жаңғыртуға қосар үлесін арттыруда.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез-келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ «өмір бойы білім алуына» ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады. Функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты критерийлер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін талап етеді. Мұндай жүйе әлемдік тәжірибені жан-жақты зерттеу арқылы енгізіледі. Олар ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі. Ұлттық жүйе арқылы бағалау – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу. Халықаралықбағалаужүйелері – PISA (Programme for International Student Assessment), TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) және PIRLS сияқтыхалықаралықзерттеулер.
Қазақстан үшін PISA, TIMSS сияқты халықаралық зерттеулерге қатысудың маңызы зор. Мұндай зерттеулер нақты ақпарат беріп қана қоймай, жалпы орта білім беру жүйесіндегі проблемалар мен жетістіктердің шынайы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық – күнделікті өмірдегі математиканың рөлін анықтау және түсіну; сандық ақпараттарды оқу, түсіндіріп беру және талдай білу, негізделген математикалық пайымдаулар айту және математиканы практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану қабілеті.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін - бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Осы мақсатта маған «Логикалық тапсырмалардың және ойын арқылы үйретудің» көмегі тиюде. Өз тәжірибемде оқушылардың төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасуда.
Әртүрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде логикалық есептердің де маңызы өте үлкен.
Мысалы:Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?(шырпы) немесе Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)
Отбасында әрбір грамды, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата - ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра,математика,геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Мен математика пәнінен жүргізген «Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы » тақырыбына өткен сабағымда топқа бөлу үшін барлық оқушыларды бір қатарға, бірінің артынан бірін тұрғызып,соңғы балаларға шаршының,үшбұрыштың,дөңгелектің,тіктөртбұрыштың суретін саусағымен арқасына салдыру тапсырмасы берілді. Әрине қатарда тұрған оқушылар өздерінің арқасына дәл қай фигураның салынғанын дұрыс ажырата алмай шатасты.Бірақ оқушылар келесі осындай тапсырмаларда өздерінің зерек болуын қадағалауына үлкен сабақ болды.Сонымен қатар балалар фигуралардың суретін салып,оларды ажырата білуді үйренді.Ең бастысы ол фигуралар өмірде қандай жағдайларда қолданылатынын түсініп нақты айта алды.Мысалы:өзіміз тұратын үйдің шатыры үшбұрышты және төртбұрышты болады,ал қабырғасы тіктөртбұрыш несесе шаршы тәріздес орналасқан.Сонымен қатар оқушылар сыныптағы құрал жабдықтарды мысал етіп олардың қандай фигураға жататынын атап өтті(тақта,шкаф,стенд-тік төртбұрыш,гүлдің түбектері-шеңбер тәрізді).Оқушылар үйден ата-анасының көмегі арқылы фигуралардан уйдің,жануарлардың макеттерін құрастырды және фигураларды атап айтты.
Ал,өлшем бірліктер тақырыбына тоқталар болсам,балаларға салмақтың өлшем бірліктері:г,кг,ц,т екендігін,ал ұзындық өлшем бірліктері:мм,см,дм,м,км екендігін,уақыт бірліктері:сек,мин,сағ,тәулік,апта,ай,жыл ғасыр екендігін түсіндірдім.Балалар қай затты қандай бірлікпен өлшеу керектігіне өмірдегі жағдайлаға тоқтала отырып мысалдар келтірді.Атап айтар болсам,сыныптағы парта,тақтаны метр арқылы өлшеп көрсеттік.Сонымен қатар балалар қолындағы дәптер кітаптарын сызғыштың көмегімен сантиметр арқылы өлшеуді үйренді.Ал,үйде ата-аналарымен бірге бойларын салмақтарын метр,килограмм арқылы өлшеп көрсетті.
Бұл тақырыптар балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы болды.Сабақтардан алған мәліметті өмірде қолданып жүргендіктеріне көздері жетті..
Сабақ барысында математикалық ойлауды дамытуға арналған есептерді шешу, талдау жасау, мәліметтер мен шамаларды, бұрын өтілген есептермен салыстыру, берілген жағдайдағы қасиеттерді анықтау, қарапайым модельдерді құрастыру мен ойша экспериментті іске асыруды, жинақтау, есеп шығаруға қажетті ақпаратты таңдау, оны бір жүйеге келтіру, т.б. тапсырмалар орындалғаны дұрыс және рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.
Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында функционалдық сауаттылығын қалыптастыру пәндік оқу материалының мазмұнын меңгертуде қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын, дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін қалыптастыру үшін қоршаған ортадан алынған мағлұматтар бойынша есептер құрастыру және оны шығару, өмірмен байланыстырып талдау және есептің шартына байланысты оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру (сурет салу, сызба сызу, кесте толтыру т.б.) және математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін қалыптастыруда есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару, есептерді кері есепке айналдыру, салыстыру арқылы жүзеге асады.
Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал