«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке тұлғаның шығармашылық, рухани күш – қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан – жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологияларды менгеру қажеттілігі туындап отыр. Қазір білім саласындағы болып жатқан мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тест, 12 жылдық оқуға көшу барлығы Қазақстандық білім сапасын көтеруді және халықаралық деңгейге жеткізуді көздейді. Осы проблемалар мектептегі биология пәнінің оқытылуына да тікелей қатысты. Сабақта интерактивті тақта қолдану сабақ үрдісін тиімді қолданумен қатар оқушылардың сабақты жақсы меңгеруіне, үнемделген уақыт оқушылардың өз бетінше білім алуына себеп болады. Өз бетінше білім алу –білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет. Мұғалімнің алдындағы мақсат оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру, бұл білім сапасын көтеру деген сөз. Сабақты құру негізі оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Бұл сабақтың маңызың және әдісін анықтайды. Сондықтан таңдалған әдіс сабақ барысының тиімділігін көрсетеді. Әр пәннің оқушыларға берер танымдық тәрбиесі мол десек, соның ішінде биология пәнінің де оқушылардың ақыл-ой, танымдық қабілетін дамыту мүмкіндігі зор. Оқушыларға танымдық тәрбие берудің алғашқы баспалдағы деп оқытудағы саналылық принципін атауға болады, себебі табиғатты, сыртқы ортаны, жалпы тіршілікті оқыту барысында тәрбиелік міндеттердің де шешілетіні белгілі. Табиғат құбылыстарының, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің мәнін, заңдылықтарын терең түсінудегі өздігінен өзінің білім дағдылары мен іскерлігін жетілдірудегі оқушының әрбір қадамы оның дүниетанымын кеңейте түседі.
Биологияны оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметін белсендірілуі-білім мазмұнын тереңдетеді, қоғамдық әлеуметтік өмір мен ғылым-білімді ұштастыра келіп шәкірттің дүниетанымын кеңейтеді, өзінше ой-пікір түйіндеуге үйретеді. Таным үдерісі, біріншіден, ұстаз бен оқушының бірлескен әрекеті арқылы іске асса, екіншіден, олардың әрқайсысы жеке тұлға ретінде түрліше әсерге бөленеді.
Биологияны танымдық тұрғыдан оқыту мынадай мәселелерді қамтиды:
1. Биология пәнінің білім мазмұнын бағдарламаға сәйкес тіршіліктің
қағидаларын басшылыққа ала отырып,сабақтың білімдік мақсатымен
қоса танымдық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді. Бұл оқушыны
сыртқы орта мен тірі ағзаның арасындағы байланыстылықты түсінуге,
табиғат заңдылықтарын меңгеруге жетелейді.
2. Сабақ барысында жеке тұлғаның психологиялық жай-күйін ескере отырып, есте сақтау қабілетін, жадысын, кез - келген ақпаратты қабылдау дағдысын, дәлелді мысал келтіре алу қабілетін жетілдіру табиғатқа бақылау жүргізе білуімен байланысты. Берілген тақырып ішінен ең қажетті, ең пайдалы нәрсені сұрыптап, таңдай білу оқушының ойлау қабілетін ұштап, соған сай әрекет етуге жетелейді.
3. Сабақтағы материал сынып шеңберінен шығып, табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, одан әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып, ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, баланың ой-өрісін, сана- сезімін кеңейтеді.
Оқушының танымдық белсенділік қабілетін жаттықтырады.
Танымдық белсенділік пен оқушының дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз. Оқушының таным белсенділігі оның білімге деген қабілетін сипаттайды. Ал басқа қабілет-қасиеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаса белсенділік те өркен жая алмайды. Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейілінше дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау салады. Мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде пайдаланудың жолын кеңейтеді. Танымдық белсенділік көрсеткіштеріне тұрақтылық, оқу саналылығы, шығармашылық қабілеттері, дәстүрден тыс оқу жағдайларындағы тәртібі, оқу міндеттерін шешудегі өз беттілігі жатады.
ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүние жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз.
Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы жәйлі Хакім атамыз-Абай Құнанбайұлы – білай деген екен « Нашар ұстаз шындықты қайталайды,жақсы ұстаз сол шындықты іздеп,табуға үйретеді» сондықтан әрбір ұстаз оқушыны дербес жұмыс жасауға баулып, жеке тұлға болып қалыптасуына дара жол көрсете біліуі тиіс.