«Шашыратқының емдік қасиеті» өсімдікті жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізгені байқалады .Оның өзінің туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы ерекше екені көрінеді. Осы зерттеу жұмысында түрлі ақпараттарды өзі іздеп тауып, оны тиімді пайдалана білді. Өзі өте ізденімпаз, кішкене болса да, пайымды, ұқыпты оқушы екенін көрсетті. Оқушым Қазақстанда өсетін өсімдіктерді зерттеп, оларды пайдалы өнімдерін шығаруға септігін тигізетіне сенемін. Жалпы, жұмыстың иегері әдебиетпен тыңғылықты жұмыс істеп, қажетті мәліметтерді жинаған.
АҢДАТПА
«Шашыратқының емдік қасиеті » атты ғылыми жұмыста өсімдіктің жалпы сипаттамасы туралы берілген. «Шашыратқы» өсімдігінің адам денсаулығына пайдасы туралы зерттеулер жүргізілген. Шашыратқының емдік қасиеті адам ағзасында кездесетін қант түрлері , денедегі зиянды микробтарды ,бактерияларды азайтады. Іш қату,жүрек және қан тамырлары ауруларын емдеуде әсері мол,тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды.Шашыратқының тамырында инулин бар.Инулин микробқа және қабынуға қарсы қолданылады. Жүйке жүйесін тынышталдырады және кофе ретінде пайдаланып ішуге болады.
Annotation
The general characteristics of the plant are given in the scientific work "Medicinal properties of sprays".Research has been conducted on the health benefits of the plant "Spray". The healing properties of the spray reduce the amount of sugar in the body, harmful microbes and bacteria in the body. Inulin is used against germs and inflammation. It calms the nervous system and can be used as a coffee.
Аннотации
Общая характеристика растения дана в научном труде «Лечебные свойства спреев».Были проведены исследования о пользе для здоровья растения «Спрей». Целебные свойства спрея уменьшают количество сахаров в организме, вредных микробов и бактерий в организме. Инулин используется против микробов и воспалений. Успокаивает нервную систему. система и может использоваться как
МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты:
Шашыратқы өсімдігінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау.Шашыратқыдан дайындалатын тұнбаларға сипаттама бере отырып, олардың жасалу жолдарын танып білу.
Міндеттері:
• Шашыратқының сан алуан қыр-сырын ашу;
•Адамзат өміріндегі алатын орнын айқындап, маңыздылығын білу;
Шашыратқының медицанада қолданысы мен олардың адам ағзасына пайдасын айқындау;
• Шашыратқыдан дайындалатын тұнбаларды дайындау жолдары мен оның емдік қасиетін танып білу.
Болжам:
Шашыратқының құпиясын аша білсек, онда қазіргі кезде шашыратқыны қалай қолдануға болатынын, қандай пайдасының бар екеніне көз жеткіземіз.
Зерттеу жүйесі:
Табиғаттағы шашыратқының,өсетін жерін бақылау және шашыратқыны тәжірибе жасау арқылы қорытынды жасау.
Зерттеудің өзектілігі:
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан өсімдіктердің арасынан шашыратқыны таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім
Кіріспе
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Совет ғалымдары соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина талабына сай көптеген өсімдіктерді жан-жақты зерттей отырып, айтарлықтай табыстарға қолдары жетті. Емдік қасиеттері қапысыз анықталған 324 өсімдіктің 107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір ғана академик А.П. Ореховтың өзі әртүрлі өсімдіктердің құрамындағы алкалойдтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай –ақ, витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан жұмыстар тындырылды.Осыдан жарты жыл бұрын Б.П.Токин тұңғыш рет қолға алған әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик – фитонцидтердің емдік қасиеттерін анықтады.
Әлбетте, әрбір дәрілік өсімдік емдеу практикасына енгізілмес бұрын ғылыми медицинада зерттеудің ұзақ жолынан өтеді .Атап айтқанда химиялық құрамы тексеріледі, организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйелерінің қызметіне ететін ықпалы анықталады. Өсімдіктер шипалық қасиеті жан-жақты тексеріледі.Содан соң әртүрлі жолмен тәжірибе жасау арқылы өсімдіктің және одан жасалатын препараттардың дәрілік қасиеттеріне баға беріледі. Шөптік заттарды қалай бөліп алуға болатынын көрсете отырып, тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен,шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен , гүлімен, кептірілген сабақтарымен, тамырларымен жасалған дәрілермен адамдарды емдеді.
Шашыратқы.
Шашыратқы (лат. Cichorium) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8 — 10 түрі белгілі.
Шашыратқының отаны болып Жерорта теңізі аймақтары болып есептеледі. Өсімдік Еуразии, Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада, Аустралияда, Солтүстік Америка және Жаңа Зеландияда кездеседі. Қазақстанда барлық облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен егістік жерлерде өсетін 1 түрі — Кәдімгі шашырақты (лат. Cichorium іntybus) бар.
Шашыратқының ботаникалық сипаттамасы
Шашыратқы тегінің өсімдіктері – көп жылдық немесе екі жылдық, сабағының бойы 1,4 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Сабақтары тік өседі, оның әр жерін түк басып тұрады. Тамыры жерге терең бойлайды. Оның ұзындығы 90 – 100 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сопақша, ал шеттерінде малдың құлағына салатын сырға секілді ойықтары болады. Сабақ – жапырақтары жіңішке, отырмалы, шеттері – тегіс. Жапырақтарының қуысында екі – үштен орналасқан гүлдерінің түсі көк және көкшілдеу болады. Өсімдік мауысым айынан қыркүйек айына дейін біртіндеп гүлдеп тұрады.
Химиялық құрамы
Шашыратқы тамырының құрамында ащы илік заттар, нәруіз, май, инсулин, аскорбин қышқылы, қант, В дәрумені болады.
Шашыратқының жер үсті бөлігінің (гүлі, сабағы, жапырағы) құрамындағы макро және микро байланысты жаңа, болашағы зор (өсімдіктердан) дәрілік препараттарды табиғи өсімдіктерден бөлу және өндірудің әртүрлі әдістері іздестірілуде.
Шашыратқының шипасы
Дәрігерлер шашыратқыны ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында оның шипалық қасиеттерін анықтады. Өсімдікте кездесетін қант түрлері денедегі пайдалы микробтарды арттырып, ішектегі ауру тудыратын бактерияларды азайтады. Құрамындағы заттардың іш қату, жүрек және қан тамырлары ауруларын емдеуде әсері мол. Тағы бір пайдасы бауырды уланудан сақтайды.
Шашыратқының тамырында инулин бар. Дала шашыратқысында инулин 30-40% болса, дақылды түрінде 60% болады. Инулин микробқа және қабынуға қарсы қолданылады. Ол жүйке жүйесін тыныштандырып, жүректің жұмысын жақсартады. Қант диабеті бар және жүрегі нашар адамдарға да шашыратқының дайын ұнтағын қолдану ұсынылады. Бұл өсімдікті кофенің орнына тұтыну кең тараған. Шашыратқыдан жасалған ұнтақ кофеге қарағанда пайдалы. Кофенің құрамында кофеин бар, ол адамды тәуелді етеді әрі жүрек ауруларына алып келеді. Сондықтан жүрегі нашарларға кофенің орнына шашыратқыны тұтыну ұсынылады. Бірақ оның дәмі кофеден мүлдем бөлек, сондықтан көбіне ұнамауы мүмкін.
Шашыратқы(Цикорий) осы күні кофені алмастырғыш ретінде белгілі. Егер, таңғы асыңызды ашқарынға балмен лимон қосылған шашыратқы ішсеңіз — ағзаңызда гипертнония дамымайды екен (ауруға бейім болған күннің өзінде).
Халықтық емшара ретінде тамырының қайнатындысы мен шөбінің тұнбасын күш-қуат кеміп әлсірегенде, гепатит пен сары ауру кезінде, өт жолдарына тас байланғанда, асқазан және тоқішек жараларына(язваларына), аллергияға, экземаға, фурункулезға, көп бауыр ісінгенде, нефритке және шыжыңдыққа қарсы ем ретінде қолданады. Гүлдерінен жасалған тұнба орталық нерв жүйесн тыныштандырып, жүрек қызыметін күшейтеді, соғу жиілігін ретке келтіреді.
Жаздыгүні басыңыздан аптап өтіп, қызу көтерілгенде шашыратқының түбінен жапырақтармен бұтағын қоса, таңертең гүлдеп тұрғанда жұлып алып, оны ыдысқа салып, үстінен қайнаған су құйып демдеп қоямыз. Демделген тұнбаны сырқып алып, науқасты шомылдырамыз. Бір реттің өзінде пайдасы білінеді.
Тағы да халық емшілігінде оны аллергияға, экземаға қарсы қолданылады. Ол үшін шашыратқының қураған талын демдеп, денеге жағу қажет.
Сонымен қатар, шашыратқы ветиринарияда да кеңінен қолданыста. Төрт түліктің асқорыту жолдарының қабынуына, бауыр ауруларына, қотырға қарсы пайдаланады.
Шашыратқының пайдалануы
Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі.
Шашыратқы тамырын кептіріп, қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады. Бұл сусын тұнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.
Шашыратқының(цикорий) тамыры адамды көрінбейтіндей(невидимка) жасай алады деген наным болған. Негіздеме жоқ. Тағы бір қызық жәйт — егер осы шөпті 25 июльде қазып алып таяққа тағып сапарға шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қыйын қыстауларда сақтайды дегенде ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым шарамен жасалған екен.
Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсызақ қазып ала беретін болса керек. Айта кететін бір жәйт, Ресей бірінші дүние жүзілік соғыстың алдында шетелдерге кептірілген емдік тамырды 400 пудқа шейін тасымалдаған екен. Тамырды жинап кептіру орталығы Ярослав губерниясы болыпты.
Қорытынды
Шашыратқы шөбінен дайындалған кофе кәдімгі кофе күнделікті өміріміздегі кофеге қарағанда зиянсыз, адам ағзасына көптеген тигізетін пайдасымен ерекшеленеді. Ендігі жерде біз шашыратқының пайдалы және түрлі дертке шипа екенін біле отырып, оны тиімді пайдалана алуымыз қажет.
Шашыратқы- бір жылдық өсімдік , маусым айынан бастап қазан айына дейін гүлдейді.Шашыратқының гүлін кептіріп талқандап кофе ретінде пайдаланып көрдім және жас нәрестелердің басынан күн өткен кезде шашыратқыны қайнатып суына шомылдыру арқылы пайдасын білдім.
Шашыратқының тамырында инулин бар екенін білдім.