Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Құрманың пайдасы

Бұл зерттеу құрма жемісінің химиялық құрамын зерттеп, морфологиялық, биологиялық ерекшеліктерін және адам организміне пайдасын анықтайды. Әлемде белең алып отырған әр түрлі ауруларды дәрілік өсімдіктер, жемістер арқылы емдеу және алдын алу шараларын жүргізу - өзекті мәселе. Сондықтан өмір талабына сай салауатты өмір салтын ұстануға мейлінше көмектеседі. Қазіргі кезде химиялық, таза табиғи немесе синтетикалық дәрілердің орнына дәрумендерге бай көкөніс дақылдарын пайдаланудың әлдеқайда жақсы нәтижелілігі көрсетіледі.

Зерттеу тақырыбы: Құрманың пайдасы

Зерттеудің мақсаты:Құрманың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Құрманы тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егерқұрманың өзіндік қасиеттері мен құпия сырларыжан-жақты таныстырылып, оның адамзат үшін пайдалы жақтары ашылса, сонымен қатар емдік қасиеттері жүйеленіп берілсе,құрма туралы таным-түсініктеріміз арта түсер еді, олардың пайдасын жетік меңгеріп, өз қажетімізге тиімді жарата алар едік.

        Зерттеу барысында:

1. Құрманың сан алуан қыр-сыры ашылды;

2.Оның адамзат өміріндегі алатын орны айқындалып, маңыздылығы ашылды; 

3.Құрманыңадам ағзасына пайдасы айқындалды;

4.Құрмадан дайындалатын ем-домныңдайындалу жолдары мен оның емдік қасиеттері көрсетілді.

Жұмыстың орындалу әдістері. Құрма туралыбаспасөз, энциклопедия, интернет материалдарымен жүйелі түрде танысу, оларды жүйелеп, жинақтау; ғылыми ізденіс, зерттеу,  деректер жинау.

                                            Аннотация

           Научный проект оқушы, мектеп «Польза финика» посвящен истории возникновения Курмы, познанию пользы для организма человека, раскрытию его лечебных свойств.

       Это исследование изучает химический состав грибов, определяет морфологические, биологические особенности и полезность организма человека. Поэтому очень важно вести здоровый образ жизни, отвечающий требованиям жизни. В настоящее время вместо химических, чистых натуральных или синтетических препаратов показывается более хорошая эффективность использования овощных культур, богатых витаминами.

Цель исследования: глубокий анализ полезных сторон Курмы, проявляя свои особенности. Использование червей в быту и раскрытие его лечебных свойств.   

 Научный прогноз исследовательской работы: если бы были разносторонне ознакомлены с самобытными качествами и секретными красками, раскрыты его полезные для человечества стороны, а также систематизированы лечебные свойства, мы бы смогли бы понять, что они могли бы хорошо освоить их выгоду и эффективно использовать для себя. 

        В ходе исследования:

1. разносторонние черты Курмы раскрыты;

2.Раскрыта значимость и роль его в жизни человечества. ; 

3. выявлена польза Курмы на организм человека;

4.были показаны пути подготовки к лечению Курмы и его лечебные свойства.

Методы выполнения работ. Систематическое ознакомление с материалами печати, энциклопедии, интернета о структуре, их систематизация и сбор; научный поиск, исследование, сбор данных.

 

             Annotation

Scientific мектеп, оқушы"Use of date" is dedicated to the history of the Kurmy, perception of benefits for the human body, the disclosure of its medicinal properties.

       This study examines the chemical composition of fungi, determines the morphological, biological characteristics and usefulness of the human body. Therefore, it is very important to lead a healthy lifestyle that meets the requirements of life. Currently, instead of chemical, pure natural or synthetic drugs, a better efficiency of using vegetable crops rich in vitamins is shown.

The purpose of the study: a deep analysis of the beneficial aspects of Kurma, showing its features. The use of worms in everyday life and the disclosure of its medicinal properties.   

 The scientific Outlook on research: if I was a multi-acquainted with the distinctive qualities and secret inks, are disclosed useful for the humanity party, and also a systematic therapeutic properties, we would be able to understand that they can master their benefit and effectively use for myself. 

        During research:

1. versatile features Kurmy disclosed;

2.The significance and role of it in the life of mankind is revealed. ; 

3. the benefits of Kurma on the human body were revealed;

4.the ways of preparation for the treatment of Kurma and its medicinal properties were shown.

Methods of work. Systematic acquaintance with the materials of the press, encyclopedia, Internet about the structure, their systematization and collection; scientific search, research, data collection.

         Мақсаттары мен міндеттері

Зерттеудің мақсаты: Құрма жетістерінің шығу тарихы, құрамы, оның адам ағзасына тигізетін пайдасын танып білу. Оның емдік қасиеттеріне сипаттама жасау, қолдану ерекшеліктерін анықтау.

 Міндеттері:

  1. Құрма пальмасы. Оның шығу тарихына зерттеу жасалынды; 

  2. Құрма жемісінің түрлеріне сипаттама берілді; 
  3. Құрма сүйегінің пайдасы анықталды;
  4. Құрма жемісінің емдік қасиеттері анықталып, мысалдар келтірілді.

І Кіріспе

 

Құрма-пальма ағашының жемістері, ұзындығы (6 метрге дейін) үлкен жапырақтары бар пальма тұқымдасының биік ағашы. Құрмалар – үлкен, сопақ немесе сфералық пішінді қызыл-қоңыр түсті   шырынды жидектер

  Құрмалардың дәмі көбімізге жақсы таныс, және оны көптеген адамдар ем ретінде қабылдайды. Бірақ құрғақ климаты бар ыстық елдердің тұрғындарының көпшілігі оларды «шөлдің наны» деп санайды.

Құрмалардың жемістері шынымен таңқаларлық және көптеген елдерде олар дененінің иммундық абілетін күшейтетін және өмірді ұзартатын қасиеттерге ие. Мысалы, Қытайда құрма ұзақ өмір сүрушілер тамақтанудың негізі болып табылатын дәл осы жемістерге ерекше көңіл аударып, өздерінің  ұзақ өмір сүруінің негізі деп санайды. Қалай болғанда да құрмалар сөзсіз өте пайдалы, сондықтан көптеген диетологтар тәттілерді ауыстыруға кеңес береді.

Өкінішке орай, біздің жерімізде құрмалар өспейді. Пальмалар тропикалық климатта өседі, ал біздің елде біз бұл жемістерді тек кептірілген түрінде таба аламыз. Сіздің ойыңызша, құрмалардың пайдасы қаншалықты зор? Құрмалар – кептіруден кейін емдік қасиеттерінің бір тамшысын жоғалтпайтын жалғыз жемістер. 

Құрмалар тек асқазанға ғана пайдалы емес. Бұл тропикалық жемістердің пайдасы өте зор және ол олардың құрамындағы элементтерге тікелей байланысты.

Құрманы  Ежелгі Египет тұрғындары да тамақ ретінде жеген. Олардың ойынша, бұл тропикалық пальмалардың құрма жемістері–   витаминдер мен минералдардың таптырмас құралы. Бірақ Шығыста, әсіресе шөлдерде, құрма нанның орнына жеп, артынан су ішкен. Мұндай азық-түлік бірнеше ай бойы өмір сүруге көмектеседі.

Сол күндері-ақ адамдар құрма жемістерінің пайдалы қасиеттерін бағалай білген. Ең алдымен, олар аштық сезімін қанағаттандыру үшін жеген. Бірақ құрманың пайдалы қасиеттері мұнымен аяқталмайды.

Құрма құрамында аскорбин қышқылы бар. Бұл өнімді автоматты түрде иммундық жүйені көтеруде, әсіресе тыныс алу және вирустық аурулардың өршуі кезінде құнды етеді. Осы аурулар кезінде дәрігерлер құрманы балама ретінде жеуге кеңес береді. Тропикалық жемістер ас қорыту жүйесі үшін ерекше құнды. Құрма талшықтары ішекті тазартады, оның микрофлорасын қалыпқа келтіреді, іш қатуды жеңуге көмектеседі. Нәтижесінде организм жиналған токсиндерден және басқа қоқыстардан тазартылады.

Құрмалар өзінің емдік қасиеттерімен бұрыннан танымал. Ежелгі уақытта оның жемістері онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды тамақтандыруда,  ісіктерді, туберкулезді, инфекцияны және басқа да ауруларды емдеуде қолданылған. Кептірілген құрмаларды қолдану миға жағымды әсер етеді, оның өнімділігін 20 немесе одан да көп пайызға арттырады.

 Дәрігерлер қандағы қанттың аз мөлшері көбінесе адамның шамадан тыс аштық сезімін тудыратынын, ал бірнеше құрманы жегеннен кейін аштық сезімі жоғалып кететінін анықтады. Осылайша, егер ораза ұстаған адам алдымен құрма жесе, содан кейін ол аз мөлшерде тамақтанып, артынан аз тамақтанады және рухани немесе физикалық денсаулығына зиян тигізбейді

 

ІІ Негізгі бөлім

 Құрма пальмасының тарихы Араб түбегімен, Ежелгі Месопотамия және Солтүстік Африкамен тығыз байланысты. Бұл оқиғаның басталуы ғасырлардың, тіпті мыңжылдықтардың аржағында.  Пальма бұтағынан алынған шырыннан жергілікті тұрғындар керемет сусындар дайындайды дейді. Онысын білмедік, бірақ құрма жемісінің өздері-ақ   теңдесі жоқ дәмді жемістер. Ал пайдасы оның ұшан теңіз

 

2. 2  Құрма жемісінің түрлері

 

Мыңнан астам құрма сорттары танымал. Шикі, кептірілген және жартылай кептірілген түрінде тұтынудан басқа, олар десерттер, сироптар, пасталар, жеміс-көкөніс салаттары, кондитерлік өнімдер, тұздықтар мен  сірке суы мен алкоголь дайындау үшін қолданылады. Олардан бірнеше ондағаны сыртқы нарыққа экспортталады.  

 

Мазфати — Иранның эспортқа шығаратын негізгі сорты

    Кабкаб (Кабкаб) — кәріптас-қоңыр түстес және бал татыған дәміне байланысты «бал құрма» деп аталады, тәттілік бойынша бірінші орында. Үлкен, өлшемі 9-15 см, ұзын-сопақша, етіне жабысатын кішкентай сүйегі бар. 

Кабкаб – Иранның бал құрмасы

 Хасуи (Khasoei) — тәттілік бойынша Кабкаб сортынан кем түспейді, әдетте ашық қоңыр, бірақ өсіру орнына байланысты түсі қою сарыдан қою күлгінге дейін өзгеруі мүмкін. Дөңгелек, майлы, жұмсақ, тәтті. Жақсы сақталады.

 

Хасуи сорты жақсы сақталады

Бархи (Barhi) - нәзік, шырынды, ашық сары түсті, дөңгелек, жаңғақтан сәл үлкенірек. Бұл атау ыстық араб бархи желінің атынан алынған. Бархалар жаңа піскен, жұқа терісі бар және хош иісті, өте тәтті еті бар. 

Бархи – күн құрмасы

  Анбара(Anbarah) - Мединаның (Сауд Арабиясы) ең жақсы және ең үлкен сорттарының бірі. Жемістерінің диаметрі 2,5–3 см, жұмсақ, тәтті, ұзын, қызыл-қоңыр, кішкентай сүйегі бар. Олар ақуыздың көптігімен және жараларды емдеуді тездету қабілетімен ерекшеленеді. Өсіруі шектеулі, сондықтан Анбар қымбат.

 

 

2. 3 Құрма сүйегінің пайдасы

 

2017 жылы әлемде 7 миллион тоннадан астам құрма өндірілді, Олардың сүйектері жидек салмағының 5.6-дан 14.2% - ға дейін, сондықтан оларды қолдану мәселесі өзекті болып табылады. Ежелгі дәуірден бастап сүйектер зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар үшін қолданылған,  кофе дәндеріне қосып кофе жасаған. Күміс шеберлері зергерлік бұйымдарды өндіруде құрма бұрыштарын пайдаланды. 

2. 4 Құрма жемісінің емдік қасиеттері

Құрма – Құран аяттарында көп кездесетін жеміс түрі. Иман келтіргендерге Жәннатта әзірленген небір дәмді- тәтті астардың ішінде құрма да айтылады. (Рахман сүресі, 68 аят). Алла Тағала Құранда ерекше мән берген бұл жемістің химиялық құрамын зерттеген кезде көптеген пайдалы заттар анықталды.

 Қан аздыққа да өте пайдалы. Жеміс бета-каротинге бай болғандықтан, көру қабілетін жақсартып, тыныс алу жүйесін қамтамасыз етеді.

Ол сергіткіш әсер беріп, жұмыс істеу қабілетін күшейтеді. Мамандар миға салмақ түсіретін, қарбаласта жұмыс істейтіндерге жемісті үзбей жеп тұруға кеңес береді. Ұмытшақ болсаңыз, құрмамен жолдас болыңыз.

Құрамындағы каротиннің көптігі теріге де пайдалы. Бетке безеу шыққанда, бетте ұсақ тесіктер пайда болғанда олармен бірден-бір күресуші құрма жемісі болып табылады. Бұл жемістен бетке маска жасаған да, денеге арналған гель қолданған да пайдалы. Ол денені ылғалдандырады және жасартады.

Жаңа туған сәбиге тахник жасау дәстүрі және оның медицинадағы пайдасы

Бұхаридың «Ақиқа» кітабында, Әбу Мұсаның (Алла оған разы болсын) ұлы туылғанда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған Ибраһим деп ат қойғандығы және нәрестенің таңдайына құрмамен тахник жасап, дұға жасағандығы айтылады.

Иә, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәби дүниеге келгенде құрманы шайнап, онымен нәрестенің таңдайын сылайтын және сәби үшін дұға қылатын. Тахник – Исламда жалпыға белгілі сүннет әрі ғажап дәстүр. (Сәбидің таңдайын сылау үшін құрманы пайдаланған абзал, ал құрма табылмаса басқа бір шырынды нәрсемен алмастырса болады.)

Тахник жасау дәстүрінде үлкен пайда жасырынған. Өйткені, құрманың құрамындағы нәрлі заттар сәби ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне және иммунитетінің нығаюына көмектесетіні дәлелденген. Құрмамен тахник жасау, бұл – ең пайдалы екпе (прививка) секілді. Яғни, ол: полиомиелит (жұлын қабынуы), дифтерия (жұқпалы тамақ ауруы), қызылша секілді қауіпті дерттердің алдын алады.

 ІІІ  Тәжірибелік бөлім

 

3. 1 Құрма сиропы: екі ең жақсы рецепт – үйде құрма сиропын қалай жасауға болады

 

Құрма сиропы – бұл табиғи өнім. Кептірілген жемістердің табиғи тәттілігіне байланысты мұндай сиропқа қант қосылмайды. Бұл жағдайда десерт қалың және тұтқыр болады. Оны  қантты алмастырғыштар орнына тәттілендіргіштердің орнына қолдануға болады.

Құрма сиропын қолдану өте кең. Ол ұйқысыздық, анемия немесе дененің иммундық күштерін төмендету сияқты аурулардың алдын-алу үшін қолданылады. Пісіру кезінде құрма шәрбаты десерт тағамы ретінде қолданылады. Оларға түрлі кондитерлік өнімдер, балмұздақ құйылады, сонымен қатар оның негізінде алкогольсіз сусындар дайындалады.

 

Үйдегі құрма сиропына арналған рецепттер

№ 1 әдіс-пісірусіз

Құрма тұнбасын жасауда жемісін блендермен майдалайды. Массасы өте қалың, сондықтан оны сироптың консистенциясына жақындату үшін тағы 50 — 100 миллилитр қайнаған суық су қосыңыз.

Массаның біркелкі және мөлдір болуы үшін ол жұқа електен немесе дәке бірнеше қабаттарынан сүзіледі.

Дайын сиропты таза шыны бөтелкелерге салып, тоңазытқышқа жіберіңіз. Мұндай сиропты суықта сақтау мерзімі-2 апта.

№ 2 әдіс – қыста қайнатылған құрма шәрбаты

Пісіру үшін сүйектен босатылған 1 килограмм құрма және 2 литр су алыңыз.

Жуылған және сәл кептірілген құрмалар сумен бірге ыдысқа құйылады және шамамен 2 сағат баяу отта қайнатылады. Осы уақыт ішінде ыдыстағы су деңгейін бақылау қажет. Кептірілген жемістер үнемі сұйықтықпен жабылуы керек. Егер құрмалардың жоғарғы бөлігі жалаңаш болса, ыдысқа қажетті мөлшерде су қосылады.

2 сағаттан кейін от сөндіріледі, ал құрмаларды қақпақтың астындағы ыдыста табиғи түрде салқындатуға рұқсат етіледі.

Келесі қадам – масса дәке арқылы сүзіледі, әбден сығылады. Болашақта ол тәтті пісіруге арналған дәмдеуіш ретінде қолданылады.

Дайын десерт ыстық күйінде стерильді ыдыстарға құйылады және қайнаған сумен өңделген қақпақтармен жабылады. Алынатын өнімді жарты жылға дейін салқын жерде сақтайды.

      

     ІҮ Қорытынды

   Құрмалар адамзатқа берген табиғаттың сыйы. Құрма ағашы қатал табиғат жағдайында өсіп, барлық континенттердегі адамдардың денсаулығын сақтайды, оларды керемет дәм мен хош иіспен еркелетеді, проблемаларды жеңуге көмектеседі, энергиямен қанықтырады. Оның жемістері адамдар үшін әрі тағам әрі дәрі және «күнделікті нан», ал адамның көзіне қуаныш: әдемі және керемет.  

 Құрманы әлемнің барлық елінен, кез келген азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен табуға болады, оның үстіне құрманың бағасы қымбат емес, қолжетімді. Ғалымдар құрманы – пайдалы әрі құнарлы заттардың қайнар көзі ретінде бағалайды. Құрманың бірнеше ғана кішкентай үзімінің өзінде, қандай да бір тола шөлмек сусынды құнарландыра алатындай жоғары деңгейде темір мен кальций бар.

Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.

Құрмалар адамдарға ұқсайды. 

  1. Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл.  
  2.  Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді.     

Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік.

Ұсыныстар: 

  1. Құрма жемісін жергілікті жерімізде өсіру жолдары қарастырылса;
  2. Құрманың шырыны дайындайтын өндіріс орындары ашылса.

 

Ү Пайдаланылған әдебиеттер:

  

  1. Қалқамбай. З. С.   Дәрілік шөптермен емделу.Астана 2003ж
  2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  3. Источник: http://bmtv.kz/kz/photo/item/18801-adam-balasy-men-rma-a-ashyny-7-sasty-y
  4. Адам баласы мен өұүрма ағашының 7 ұқсастығы. 29-Наурыз 2016 ж.
  5. Мұсылмандардың сүйікті жемісі – құрманың қырық пайдасы. Ел.кз сайты. 30.10.2013 жыл.
  6. А.Сматуллаева. Оазис патшайымы. Массагет.кз сайты. 07 қараша. 2012 жыл.
  7. И.Әлімқұлова. Құрманың қандай пайдасы бар? 19 шілде Асыл арна. 
  8. Құрма қандай дертке шипа. Муслим кз сайты. 30 мамыр, 2014 жыл.
  9. М.Тұртаев. Құрма ағашының ерекше бір қасиеті. Муфтият кз сайты. 03 қараша 2015 жыл.

 


 

644 0
Нигора Бектурганова, Пернегалиева Ұлнұр Қанатқызы №128 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі 4 «Ә» сынып оқушысы Шымкент қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000550
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: