- Сындарлы оқыту тәсілдері – оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың қайнар көзі.
- Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі .
Қорытынды.
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов айтқандай еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп халқының болашағы үшін білімнің даңғыл жолын салған Ыбырай Алтынсарин бекерден бекер айтпаған. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір – көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым – түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну . Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшіні – сындарлы оқыту теориясын сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат – мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс –тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет.
Алдымызда тұрған міндеттеріміз мынадай: оқушының өзіндік және жеке ойлауын қалыптастыру оқушының шығармашылық таланттарын жан –жақты ашып көрсету оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту сабақ үдерісінде АКТ –ны тиімді пайдалану тарих сабағында оқушының белсенділігін арттыру оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру. оқушылардың ғылыми білім, іскерлік дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру. ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту. Ұлы данышпан Әбу Насыр әл Фараби « Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз »деп атап көрсеткендей ,оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс: оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңыздылығы қағидаты оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың мақсаттылық қағидаты. Оқытуға жеке дара қарау яғни ғаламтор материалдарын тиімді пайдалана білу Оқушының жаңа тың материалдарды тауып , сұрыптауына мүмкіндік туады . Оқыту процесі – екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс- әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді. Ол мынадай бөліктерден тұрады: мақсат, міндет, мазмұн, нәтижелері, оны бағалау. Нәтижелі оқытуға қол жеткізу жолында мынадай сұрақтар туындайтыны заңды деп ойлаймын. “Нені оқыту керек?”, “Қалай оқыту керек?: “Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?”, “Кімдерді оқыту керек?”, “Не үшін оқыту керек?” “Қайда оқыту керек?”. Тәжірибеде оқытудың көптеген түрлері қолданылуда.
Сындарлы оқытуда оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.
Сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі . Мен ұлттық «НИШ» біліктілікті арттыру орталығынан Кембридж университеті мұғалімдерінің оқыту әдіс-тәсілінің бірінші негізгі деңгейін оқып мектебімде сол жеті модульді өз сабақтарымда қолданып келемін. Осы алған білімімді басшылыққа ала отырып 11 сыныптың Қазақстан тарихы пәні бойынша «1916 жылғы ұлт –азаттық көтерілістің алғышарты, сипаты, мақсаты, барысы мен нәтижелері» деген тақырып бойынша сабақ өтіп, оқушыларға топта жұмыс жасата отырып, жаңа білімді игеруіне бағыт бердім. Сабақтың ұйымдастыру сәтінде мен оқушы назарын сабаққа аудару мақсатында С.Мұқановтың «Ботагөз» романынан үзінді оқып, оқушыларға «Бұл үзіндіде қандай тарихи оқиға суреттелген?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар І дүниежүзілік соғыс кезі деп жауап берді. Осыдан соң бүгінгі сабағымыздың сол соғыс кезінде қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілісі жайлы екендігін хабарладым. Сабақты ілгері апару үшін шағын екі топқа бөліну керек екендігін ескерттім.Оқушыларды өздері ұнататын түстерге байланысты екі топқа бөлдім.Топтарға жаңа сабақтың мазмұнын ашу, түсіну мақсатында тапсырма бердім. 1-топқа көтерілістің болу себебі, мақсаты, сипаты, негізгі ошақтары жайлы оқып постер әзірлеуді тапсырдым. Ал екінші топқа интернет материалдарын пайдаланып көтерілістің басшылары, көтеріліс барысындағы ірі шайқастар, олардың нәтижелері мен тарихи маңызы жайлы деректер алуды тапсырдым және сол іздену жұмыстарын ортаға салып қорғау қажеттігін ескерттім. Екі топта өздеріне берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындады, постермен жұмыс жасап қорғады. Бұл сабақта әр топтың алдында ғаламтор жүйесіне қосылған компьютер және ұялы телефондар тиімді қолданылды. Мен бұрын ғаламтор материалдарын өзім таратып беретін едім. Осы сабақта оқушылар өздері оқулықта жоқ көтерілістің басшылары туралы мәліметтерді тауып, оқып үйренді, талдады. Осы тапқан мәліметтерін топ бойынша қорғады. Оқушылар топ бойынша жұмыс жасай отырып бір –бірін тыңдады, оқып үйренді. Тақырып мазмұнын ашты . Тақырып мазмұнын әр топ дөңгелек стол әдісі арқылы қорғады.Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталып, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар өздерінің нені меңгерді,нені меңгермегенін анықтау мақсатында «Жедел жауап» сайысы арқылы өз білімдерін тексерді. Сабақ соңында топтарға әр топтың сабақ барысындағы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды . Сындарлы оқытуда .оқушы өз бетінше білім алуды ұйымдастырады, сын тұрғысынан нақты ,мақсатты шешім қабылдауға үйренеді, оқушылар кез-келген сұраққа өмірден мысал келтіре отырып салыстырып жауап береді.
Сындарлы оқыту тәсілдері – оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың көзі. Жаңа әдіс –тәсілдерді тиімді пайдалана білу - оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі. Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым :
– оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс–амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу–танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады .
Тәжірибе көрсеткендей күнделікті сабағыма қарағанда жаңа-әдіс тәсілдерді пайдалана өткен сабағымдағы оқушының белсенді іс -әрекетін, қызығушылығын байқадым. Тарих сабағында оқушы шығармашылығын дамыту тарихи көркем әдебиеттерге жол сілтеу болып табылады
Тарих сабағында АКТ –ны пайдаланудың тиімділігі мен практикалық қолданысы туралы. Қазір білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінде қажеттілігін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану – басты талап. Сондықтан тарих сабақтарында көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдана білу мұғалім алдында тұрған бірден- бір міндет. Сабақта жаңа технологияларды, техникалық құралдарды жан-жақты қолдану, сабаққа керекті материалды ақпараттық кеңістіктен іздеу, мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оның уақытын үнемдейді, жаңа ақпарат түрі көбейіп, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді.
Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады :
Оқушының белсенділігін арттыру.
Шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушы дарыны мен талантын анықтау.
Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ш.Уәлиханов.Таңдамалы шығармалар жинағы. 25-бет 2.Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 жыл. 3.Қисымова.Ә.К.Оқытутехнологиялары. - Алматы, 2007 жыл. 4.Аймаханова. Қ., Аманова Ф., Әбубакирова А.