Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1671

Ағылшын тілінің құзыреттілігі

«Құзыр» қайсы бір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау.

Құзірет дегенміз – құқы бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет шеңбері, адамның танымы, тәжріибесі бар сұрақтар шеңбері. 

Құзіреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н.Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттер деген түсінік берді.

Құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталады:

  1. Нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге атсалыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
  2. Танымдық және тәжірибелік іс –әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік дегейі;

Ғалымдардың зерттеулеріне қарар болсақ білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:

  1. Түйінді құзыреттер;
  2. Жалпыланған пәндік біліктіліктер;
  3. Қолданбалы пәндік біліктіліктер;
  4. Өмірлік дағдылар.

«Құзыреттілік» ұғымы төмендегі құзыреттерді қамтиды:

  1. Шектеулер мен ұйғарымдарды ескере отырып әрекет етуге қабілеттілік;
  2. Білім мен білікті тиімді пайдалану;
  3. Құнды дағдылар , дәлелдер, қарым-қатынас;
  4. Қандай да бір сала бойынша білім мен тәжірибе;
  5. Белгілі бір мәселелер шегінде хабардар болу;
  6. Кәсіби шеберлік креативтілік деңгейі;
  7. Міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін қасиет.

Құзірет түрлері: адамның денсаулығын сақтау құзыреті, әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы, интеграциялық құзырет, азаматтық құзырет, адамның өзін-өзі жетілдіру құзыреті, әлеуметтік әрекеттестік құзыреті, қарым-қатынастағы құзыреті, танымдық іс-әрекет құзыреті, ақпараттық технология құзыреті.

Білім беру орнындағы ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың шетел тілінде дұрыс сөйлей алуын, сауатты тұрғыда дұрыс жаза алу дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың сабақ барысындағы құзыреттілігін дамытуда коммуникативтік құзыреттілікті қолданамыз. Сабақ түрлерін қолдана отырып, оны дұрыс қолданған кезде ғана біліміміз тиянақты болатыны анық. 

Ағылшын тілін оқытудың негізгі принциптері: оқытудағы коммуникативтік, тұлғалық –әрекеттік және жүйелі тәсіл. Тұлғалық-әрекеттік көзқарас оқушыны оқу процесінің орталық фигурасына айналдырады. 

Коммуникативтік құзыреттілік: оқу, сөйлеу, тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас пен жазбаша өзара қатынас біркелкі және бір уақытта дамиды. бұдан коммуникативтік оқыту сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілік қатысып тұрғандығы көрінеді. Себебі, ауызша да, жазбаша да қарым-қатынас жасаушылардың бір-бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді. 

Төменде, құзыреттіліктің түрлерін қолдана отырып өткізген сабақ барысындағы тапсырмалар және оларды платформалар арқылы сұрақ-жауап немесе ойын, топтық жұмыс ретінде ұсыну.

1.Learning.apps-интерактивті модульдер арқылы оқу процесін қолдауға арналған қосымша. Бұл жерде күнделікті тақырыбымызға қатысты тапсырмаларды сол қосымшадағы дайын үлгілерін қолдануымызға болады немесе ол тапсырмаларды өз қалауыңызша өзгертіп түрлендіруге мүмкіндік бар. Бұл жерде тапсырмаларды ұйымдастырудың бірнеше түрін көре аласыз. 

2. Kahoot – тест тапсырмаларын жасау үшін қолданылады. Яғни тест тапсырмасын құрастырып интерактивті тақта арқылы оқушыларға ұсынасыз олар жауапты ұлы телефондарын қолданып немесе компьютерді қолдану арқылы жауап бере алады.

3. World Wall – оқу-ойын үлгілерінің керемет жинағы. Wordwall интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал болып табылады. Үлгілердің көпшілігі интерактивті және баспа нұсқаларында қол жетімді. Сайт арқылы келесі нұсқадағы тапсырмаларды құрастырып оқушыларға бере аламыз. 

4. Plickers – тест тапсырмасын жасап оны оқушыларға орындату барысында қолданылады. Ол үшін бізге Plickers карточкасы қажет. Яғни карточканың төрт жағы болады. төрт жағында төрт әріп жазылған. Яғни тақтадан көрсетілген сұрақтың А жауабы дұрыс болса карточкамыздағы А-ны жоғары көтеріп ұстаймыз. Ал сіздің дұрыс немесе қате жауап бергеніңізді тексеретін ол – мұғалім. Ұялы телефон арқылы QR арқылы сіздің жауабыңызды скриндеп тақтаға нәтижесін шығарады. 

    8. learnis.ru платформасы арқылы интерактивті видео көрсете отырып, видео соңында тапсырма орындап нәтижесін бірден шығарып көре алатындай мүмкіндік бар. Сайт арқылы квест ойынын ойнауға болады. Бұл тапсырма оқушылар үшін өте қызық болары анық. Оқушылар ойынды ойнап отырып тапсырманы да орындайды. 

9. liveworksheet сайттың мүмкіндігі өте көп деп айтсақ болады. Әсіресе жеке тапсырма ұсынуда өте ыңғайлы. Оқушының тапсырманы орындауда қанша ұпай жинағанын қай жерден қателік жібергенін көруіңізге болады. Егер сынып іші толық компьютермен жабдықталған болмаған жағдайда параққа шығару арқылы ұсынуыңызға да болады.

 

Тапсырмалар:

Listening:

Activity 1. Positive and negative statements

1

That’s a good idea

Yes

No

2

That’s not a big one

Yes

No

3

This tea is not sweet enough

Yes

No

4

This food is really delicious

Yes

No

Алдын ала даусыңызды жазып алу арқылы оқушыға тыңдата аласыз немесе сөйлемдерді өзіңіз ауызша оқисыз, жылдам айтуға тырысасыз. Сол арқылы оқушы тапсырманы ажыратып жазуы керек. 

 

Activity 2. Listen and understand.

Choose the correct answer

 

1

The bank’s downtown branch is closed today?

Where

When 

2

Is the city office open on Sunday?

Where

When 

3

I’m going to the museum today.

Where 

When 

 

Тапсырма барысында сұрақ қойылмаса да немесе кітапта көрсеілмесе де сіз айтылған диалогтың кім жайында екендігі немесе не туралы екендігі, кімнің сөйлеп жатқандығын сұрауыңыз керек. Осы мәселелерді анықтап алуы керек. яғни диалогты тыңдау арқылы баланың көз алдына сол болған туралы ой қалыптасуы керек. Яғни оқушы құр тыңдап қана қоймай түсіне білуі керек.  үш сөйлем берілген. 

Мақсат: сөздіктерге екпін қоя отырып, сұрақты анықтау болып табылады. 

 

Activity 3. Word order

Japan,  World, The most powerful, 2011, Earthquake , Tohoku

Бұл жерде тапсырманы тыңдату арқылы ретімен орналастыру керек немесе басқада форматта ұсынуыңызға болады тыңдалым жасамастан бұрын ақпараттарды беріп оны ретпен орналастыруын сұрасаңыз да болады т.б.

 

Speaking

Activity 1. Description


What /Who can you see in the photo? I can see……

Where is the girl? I think she is …..

What is she wearing? (clothes)   She’s wearing …

How old is the girl?    I suppose she is about ….

What is she riding? She’s riding …

What’s the weather like? It’s … because

What is there in her background? There is/ there are

 

 

 

Оқушының жас ерекшелігіне қарай және өтілген тақырыбына қатысты ұйымдастырамыз. Уақытты көп алатынын білеміз, бірақ нәтиже көру үшін аптасына бір рет болсада орындатып отырғанымыз абзал. 

 

Activity 2. TTI

 

  1. Nice weather today
  2. Yes, it is.

 

  1. I hope the weather is nice for the weekend.
  2. Me, too.

 

 

  1. The buses to school are always so crowded.
  2. Yes they are.

 

Оқушыға осы қысқа түрдегі диалогті ұсына отырып кино, кафе т.б. орындарға қатысты құрастыруды ұсынып көріңіз. 

 

Reading

 

Сабақ барысын оқушы қызықтыратындай ұйымдастыру үшін бірнеше платформалар қарастырылған.Солардың бірі -  Incremental reading. Бұл платформа ерекшелігі үлкен көлемді алатын мәтіндерді таңдап оларды аталған платформаға салу арқылы қысқаша түрдегі түйінін ала аласыз. Тағы бір мүмкіншілігі егер сіз мәтініңізді график түрінде ұйымдастырғыңыз келсе немесе керісінше графикті мәтінге айналдырып беру мүмкіндігі қарастырылған. 

Activity 1. Agree/Disagree

  1. Many concepts related to digital communication and technology are unclear for people.
  2. Online users are digital citizens. 
  3. Online users can confidently use digital technologies.
  4. Cyberspace is used to foster online communication.

 

Бұл тапсырманы біреулер мәтінді оқығаннан кейін жасауы мүмкін. Мен мәтінді оқымас бұрын жасауды ұсынамын. Яғни оқушымен оқылатын мәтінді болжап көретін боламыз. 

 

Activity 2. Signal words. 

  1. Can all online users confidently use digital technologies?

In the digital age, the online users are called digital citizens, which is another frequently used concept  nowadays . digital citizen can be defined as a person who is aware of how to use technologies and apply that knowledge in communication with others, using online services and producing or consuming digital content. 

 

Мәтінді оқи отырып кілттік сөзді тауып, жоғарыда берілген сұраққа жауап беруіміз керек. 

 

Сабақ барысындағы тапсырмалармен ғана шектеліп қоймай жазу барысында әркім өзінің түйіндемесін, құттықтау хатын, шет елдегі досына хат жаза алатындай етіп дағдыландырамын. 

 

Тапсырмалардың әртүрлі форматта ұйымдастырылуы оқушылардың ойлау және сөйлеу белсенділігін арттырады.

 

Коммуникативтік құзыреттілік сабақ барысында диалогтік және монологтық оқытудағы жағдайларды жасайды. Оқушы мен мұғалімнің тікелей қарыс-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі. 

 

 

202 0
Раушан Қаржаубаева, Алғабас орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұлы Дала Ұстазы № 002126
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: