Сабақтың негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): | 7Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. | ||||||||
Сабақтан күтілетін нәтиже: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Шығарманы мазмұны бойынша әңгімелейді; Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Шығармадағы негізгі ойды анықтайды; Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетін бағалайды, өз көзқарасын білдіреді. | ||||||||
Тілдік мақсат: | Оқушылар орындай алады: Өз пікірін дәлеледермен жеткізе біледі.. Айтылым мен жазылымға арналған тіркестер: Меніңше..., қорытындылай келе... | ||||||||
Ресурстар: | Флипчарт, маркер | ||||||||
Пәнаралық байланыс: | Биология, география | ||||||||
Алдыңғы оқу: | Әңгіменің композициялық құрылымы | ||||||||
ЖОСПАР: | |||||||||
Сабақ барысы, жоспарланған уақыт | Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер | Негізгі дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 3 мин. | ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
«Қимыл-қозғалыс» ойыны арқылы көңіл-күйлерін көтеру Оқушылар жаттығу жасайды.
|
https://www.youtube.com/watch?v | |||||||
5 мин. (білу, түсіну): | ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ Әңгіменің толық нұсқасын оқып келу. «Роунд Роббин» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын айту. Бірінші оқушы: Қарадырдың Қарағанды сайы елсіз Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың иісі келеді. Екінші оқушы: Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. т.б | ||||||||
2 мин. (қолдану, талдау): | Әңгіме желісі бойынша түсірілген «Көксерек» фильмі туралы және қасқырлар туралы мәлімет жинақтау. Өз мәліметтерін ұсынады. | ||||||||
3 мин. (жинақтау, бағалау): | Шығарма мазмұны бойынша жоспар құру. Жоспары: Қарадырдағы қасқырлар мекені. 2. Адамдардың шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. 3. Көксерек ауылда. Адамдардан көрген жәбірі. 4. Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі 5. Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез тіл табысуы 6. Көксеректің жойқын, дүлей күшке айналуы. Құрмаштың қазасы 7. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары | ||||||||
Сабақтың ортасы ЖАҢА САБАҚ 25 минут | «Стоп кадр» әдісі бойынша «Көксерек» фильмінен үзінді көрсете отырып оқушыларға фильм бойынша сұрақтар қою. 1. Құрмаштың бойын осы тұста қандай сезім биледі? Бұл дұрыс па? 2. Бөлтіріктерін өлтіріп жатқанда ана қасқыр қандай күйде болды? Бөлтіріктерді аяусыз өлтіруге Құрмаштың екі аяқтыларды қандай күш итермеледі деп ойлайсың? Ол кезде адамдардың күн көріс кәсібі не болған?
| ||||||||
САБАҚТЫ БЕКІТУ 3 мин. | «Кубизм» әдісі 1. Суретте :Көксеректі суреттеу 2. Салыстыр: Дала қасқыры мен Көксеректі салыстыр 3. Зертте: Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіңдер? 4. Қолдан: Көксерек туралы ауыл адамдары не дейді? 5. Дәлелде: Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай? 6. Талда: Көксеректің қатігездігін қай тұстардан байқауға болады? |
| |||||||
Шығармада көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қою: 1. Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма? 2. Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? 3. Табиғат тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар? 4. Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде? 5. Кінәлілер кімдер, Көксерек пе әлде ауыл адамдары ма? 6. Шығарманың басты идеясы қандай? | |||||||||
«Автор орындығы» әдісі арқылы 1-топ: М.Әуезов; 2-топ: Құрмаш; 3-топ: Көксерек кейпіне еніп сұрақтарға жауап береді.
| |||||||||
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА | М.Әуезовтың басқа шығармаларын оқып келу. | ||||||||
«Адам және табиғат» тақырыбында шағын шығарма жазу. | |||||||||
Кері байланыс | «БББ» кестесін толтырады.
|
| |||||||
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) |
1. Жеке, жұптық және топтық жұмыс барысында белсенді әдіс- тәсілдер арқылы тапсырманы, барлық оқушылар мен оқушылардың көпшілігі орындай алуын жоспарладым.«Синкуэйн» жән«FILA толтыру»әдісістеріарқылы кейбір оқушылардың қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы білімдері сараланды. |
| Қазақстан тарихы, АКТ, Елдік,ерлік,өрлік батырлық, туған жерге сағыныш, сияқты құндылықтармен байланысты.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
| |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты): 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2.
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |