Мақсаты: Бастауыш буын оқушыларының фунционалдық сауаттылығын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын пайдаланып,сапалы білім беру және өмірге бейім тұлға қалыптастыру .
Міндеттері :
1. Білім алудағы қажеттіліктерді күнделікті сабақта қолдану;
2.Адами тұрғыдадамыған, әлемдегі әлеуметтікөмірге бейімдеу;
3.Оқыту,оқытудың озық технологияларынтиімді пайдаланужолдарын меңгерту;.
Тақырыптың көкейкестілігі:
Функционалды сауаттылықты қалыптастыру заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі,халықаралық стандарт деңгейінде білім мен тәрбие алудың негізгі құралы
Күтілетін нәтижелер:
- Бірін-бірі тыңдай білетін;
- Өз ойларын анық, ашық айта алатын;
- Өз бетінше іздене алатын, шығармашыл,зейінді,саутты тұлға;
- -көпшілік алдында сөйлеуді меңгерген құзырлы тұлға шығады
Кіріспе
« Адам ұрпағымен мың жасайды » -дейді халқымыз .Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді.Еліміздің тірегі білімді ұрпақ. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет - тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында” деген Н.Ә. Назарбаев Білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге тиіс. Өйткені өркениетті елдің саясаты жаңа тұрпатты педагогтың тың көзқарасын қажет етеді. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен,жеке ізденістерден,оқушымен,ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады. Жас ұрпақтың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Білім беру жүйесінде жастардың бойындағы адами құндылықтарды, қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамыту, сөйтіп тәрбиелей отырып оқыту, білім беру жүйесіндегі бұрынғы ағартушылық бағытын сақтай отырып, адамгершілік тұрғысынан кемелденуіне аудару. Ендеше жеке тұлғаның қасиетін ашып көрсету заман талабы. Баланы жан – жақты дамытуды тек қана тәрбие саласы емес оқыту процесінде де жүзеге асыру тиімді. Оны күнделікті оқу тәрбие жұмысы немесе әр сабақтан байқауға болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сабақ беретін әр пәнде оқытушы ізденіп пайдаланып келгенде, қазіргі оқу талабының қойып отырған әдіс- тәсілдерін қолдана отырып жоспарлау керек. Әр мұғалім жаңа сабақты жоспарлағанда тек тақырыпты мазмұндау міндет емес, оқушы ойын қалай дамыту, керек оқушыға не берем деген мақсат тұрса қазіргі оқытудың жаңа технологиялық әдіс- тәсілдерін қолдана білсе, оқытушы аз сөйлеп, көп білім мен тәрбие бере алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету болып табылды.Дәстүрлі оқыту мен сын тұрғысынан оқыту технологиясының бірін таңдау тұрар болса, онда мен сын тұрғысынан оқытуды таңдар едім. Әрине бұл оқытудың қиындық туғызатын тұстары жетерлік. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы,өз ойын дәлелдеуші,ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы . Бүгінгі баяндама осы тақырыпқа арналмақ. Бүгінгі таңда ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет: өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті ,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыруда бастауыш буын оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып,сапалы білім беру және өмірге бейім тұлға қалыптастыру үшін мұғалім мен оқушы арасында үлкен көпір болу керек.Ол көпір берік болу үшін мұғалім мектепте өз білімін шыңдау, оқушы қазіргі заман талабына сай іздену үстенде ,ата-ана бала білімі мен тәрбиесі оның қажеттілігінің ұйытқысы бола білсе онда міне білімге деген көзқарас оң шешімін тауып,шығармашыл ұзтаз бен ізденімі мол саналы шәкірт,көзі ашық көкірегі ояу білім жолында еңбегі ерен тұлға қалыптасар еді. Халқымыз қашаннан бала тәрбиесіне бесікте жатқаннан аса зор мән берген. Баланың дүниеге келуінен бастап оның адам болып қалыптасқанға дейінгі салт-жоралғыларының барлығы тұнып тұрған тәрбие. Абай атамыз айтқандай «Келгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең»-демекші, әлдилеп айтылған өлеңнің өзі баланың болашақта адам болып, дүниеге кірпіш болып қаланса екен деген игі тілектермен айтылады.Бала біздің болашағымыз. Сондықтан бүгінгі бала-ертеңгі азамат.Сол азаматтардың рухани дүниесінің таза да,жан-жақты болуы үшін мектеп мұғалімдерінің ғана емес, жұртшылықтың , оның ішінде жанұяның белсенді көмегі қажет.Бала тәрбиесіне ата-ана жеткілікті тәрбие бермесе,бұл тәрбиенің нәтижесіз болары күмәнсіз.Ата-аналар балаларын мәдениетті,кішіпейіл, адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері сондай айна болуы керек.Осы тұста ұлы ғұламалардың сөздеріне жүгінген абзалырақ.Бұл сөздер текке айтылмаса керек. Ұлы да, дана Абай өзінің бір сөзінде былай дейді «Балаға мінез үш адамнан жұғады,біріншіден ата-анасынан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі құрбы достарынан». Бала тәрбиесінің негізін қалайтын ата-ана.Елбасы «Қазақстан-2030» бағдарламасында тағы да бала тәрбиесіне тоқталады. .«Әкелер мен аналарымыздың, аталар мен әжелеріміздің өз балалары мен немерелерінің алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіс. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді» дегені белгілі. Осында өзіндік пікірі, таңдауы, шешімі бар оқушы тәрбиесі қоғамдық іс деп қаралып, білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Бала үшін отбасы әлеуметтендіруден басталатын ұжым.Бүгінгі таңда ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет: өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті ,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі – өзіндік қадір – қасиет сезімін ұйымдастыра білу, өз мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу. Балаларды жас кезінен бастап тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке және оның қадір –қасиетін түсінуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу және үлкенді сыйлауға, қарияларды құрметтеуге,мейірімділікке, өзінен кішілерге қамқор болуға үйрету ежелден келе жатқан тәрбие құндылықтары.
Баланың жеке тұлға болып дұрыс қалыптасуы үшін мына жайттарды ескергеніміз жөн.
- Оқушының өз тәрбиеленушісімен бірге тәрбиеге қатысуы;
- Ересектердің баланың барлық құқықтарын мойындауы;
- Балаға тұлға ретінде қарап, оның шығармашылық қабілетін дамыту;
- Бала тұлғасының қасиеттерін, өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі реттеуін, өзіндік сынын дамыту қағидаларын айқындау қажеттілігі туындайды.
- Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты – әр оқушыны мәдениетті, жоғары адамгершілікті, шығармашыл, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға етіп тәрбиелеу.
Біздің басты байлығымыз- білім.Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса,еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Сондықтан қоғам талабына сай,қоғамды көркейтетін,дамытатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер байланысында мемлекеттің өркениеті үшін еңбек ететін, шетелдермен еркін ғылыми және мәдени қарым –қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде қолдана алатын, ана тілін жетік меңгерген, ұлтжанды азамат дайындау- бүгінгі ұстаз қауымының басты мақсаты. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінде іс-қимылдарының мақсаттылығын , біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамаз ету қолға алынуда.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам »Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы бес қадам жоспарланған.Соның негізгілері: 76-қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу,функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту.Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Осы тұста мұғалім оқушы бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне алған білімін практикалық жағдайда пайдалана алатындай негізгі құзіреттіліктерді сіңіруі керек.
- басқарушылық( проблеманы шешу қабілеті);
- ақпараттық(өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы,сол арқылы танымдылық қабілетін ұштау);
- коммуникативтік (қазақ,орыс,ағылшын тілінде жазбаша,ауызша қарым-қатынас жасау);
- тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға,қажетті білім-білік дағдыларды игеру);
- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрлері,тарихы мен мәдениеті , діні мен тілін терең меңгерту)
- технологиялар (ақпараттық технологиялар ,білім беру технологияларын сауатты пайдалану);оқушы осы аталған құзіреттіліктермен қатар пәндік құзіреттіліктерді ( әр пәннің мазмұны арқылы ) меңгеруі тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі –оқу нәтижелерінің бағалануын өзгерту. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай және іштей бағалау болып табылады. Іштей бағалау— оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау.Ал сырттай бағалау—әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің ролі зор.Соның ішінде қазақ тілі сабағының орны ерекше.Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңартылған білім мазмұнының оқу дағдысын бала бойына қалыптастыру керек.Бұл (айтылым, тыңдалым, оқылым,жазылым) дағдылары.Қазіргі әлемдегі ,еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы дамулардың әсерінен қоғамның адамға талаптарының өзгеруі нәтижесінде функционалдық сауаттылық ұғымы кең таралып қолданыс тапты. Функционалдық сауаттылық- тілдік тұлғаның әлеуметтік қоғамдық ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі.Осы жүйені қолдана отырып,өзімнің педагоикалық идеямды айтар болсам, ең бірінші мұғалім жаңа технологияны жан-жақты меңгере отырып, оқушы алдында дәрменсіз болмау керек. Ол үшін ақтараттық технологияның қыр-сырын меңгеріп күнделікті сабақта еркін қолданып,оқушы ізденуші, зерттеуші тұлға ол бәрін білгісі, көргісі келеді осы тұста оған дұрыс бағдар беру керек.Жеке тұлға құзіреттілігін дамыту мақсатында өзім деңгейлік курстан өтіп, толық курсын оқып ,тәжірибемде пайдаланып келе жатқан «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту »технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес,шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғары сынып оқушыларына тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Бұл технологияны бастауыш сынып оқушыларында дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Өзім қазіргі ақпараттық технологиялардың түрлері мен жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда жиі қолданып, оқушының сабаққа деген ынта-жігерін шыңдап, тілдік қарым-қатынасын дамыту,топпен, жұппен, жеке жұмыс жасауға бағыт беріп қана қоймай, күнделікті өмірмен байланыстырып, сабақтастырып сабақ өтемін. Қазіргі кезде функционалды сауаттылықты арттыру жолында ақпараттық сауаттылықты қатар алып жүру ол заман талабы болып отыр.Оқушылар сабақта қолданған әрбір ақпараттық (видео, аудио жазба,сергіту сәті, кері байланыс )технологиясының сырына қанық. Менің ойымша, әрбір сабақта түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияны тиімді пайдаланар болсақ ол сабақ өз шешімін табары сөзсіз.Өз сабақтарымда мына әдістерді жиі қолданамын. 1.Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі. Бұрынғы білетінімен, жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады.Қызғушылықты оятудың екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды,яғни айту,бөлісу, ортаға салу арқылы тазарады. 2. Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды. Тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар .Олар INSERT және Түртіп алe жүйесі.
3. «Ой толғаныс» Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап,салмақтап оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.Өзім бастауыш сынып маманы болғандықтан мен айтар едім білімнің бастауы ол-бастауыш . «Бастауышым-бастам» демекші бұлақ көзінің бастауы болып тұған бастауыш сынып балаларында ең алдымен оқушыларда функционалдық сауаттылығы қалыптасу керек. Бастауыш буында ең бірінші баланың тілін дамыту яғни сауатын ашу.7 жастан мектепке келген оқушы әріпті танып-біледі, дыбысты ести алады,сөзді буынға бөліп оқи алады және әріпті көркем жазады. Осы тұста оқушы тыңдалым дағдысын қалай меңгереді? Мәтіндер, ертегілер, өлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаштарды тыңдай алады. Әсіресе, бастауыш буын оқушыларына ақпараттық технология түрі аудио жазбамен тыңдалым жасаған дұрыс деп ойлаймын.Оқушы ертегі немесе өлең жолдарын тиісті дауыс ырғағын нақышына келтіре орындалған аудио жазбаларды мұқият,зейін сала тыңдайды.Бұл кезде баланың тыңдау арқылы ой жүйесі,тілдік қатынасы,сөздік қоры,мағынаны тануы,мазмұнды аша білуі, қызығушылық қабілеттері дамиды.Бала өлең жолдарын тыңдау арқылы автордың сөзіндей рөлге енуге талпыныс жасаса,ақындық өнер,яғни дұрыс сөйлеу, өлең шығару машықтарына ие болады.Бұл екінші дағды айтылым дағдысының да дамуына үлкен септігін тигізері қақ.Қазіргі кезде электронды оқулықтар, ертегі кітаптар бар.Осы кітаптарды оқыған ,тыңдаған оқушы ой тез қабылдау қабілетіне ие болады.Оқушының жан-жақты тілдік қорының дамып,мұғалім мен оқушы арасында тілдік қарым-қатынас жасап,оқушы өмірде өз жолын адаспай табады,тұлға болып қалыптасады.1-сынып оқушыларына әліппе сабақтарында жұмбақ,жаңылтпаш,ертегі айту дағдылары мен ағылшын тілі сөздіктерін де қолданған тиімді. Бастауыш буын балаларына әдебиеттік оқулықтағы берілген мәтінді бейне жазба түрінде немесе мултимедия түрінде көрсетер болсақ, оны тез қабылдай алады.Қазіргі таңда XXI-ғасыр заман талабына қарай біздің технологиямызда күннен -күнге қарқынды даму үстінде.Оқушылардың есте сақтау қабілеті жоғалу белең алуда, ол әрине бірсарындылықтың нышаны.Оқушы тынбай еңбек етіп, іздену үстінде болу үшін ақпараттық технологияны (смартфонды) пайдаланғаны жөн деп ойлаймын.Онда түрлі ақпараттар мен қызықты дерек көздерімен де танысады және ол жайлы достарымен, сыныптастарымен бөліседі.Смартфонның балаға зияны да бар.Ол құрылғыны тиімді пайдалану керек.Ата-ана тарапынан баланы қадағалау,оған көмек қолын созу,бос уақытты болдырмау қағидаларын ұстанса болашақ ұрпағымыздың өсіп-өнуіне дұрыс жол болар еді.
Қорыта келе, айтарым бала тәрбиесі оңай шаруа емес, бала тәрбиесіне мектеп-ата-ана-мұғалім бірігуіміз керек. Сонда ғана білімді, парасатты, тәрбиелі жеке тұлға тәрбиелеп шығамыз. Әрине 1 сабақта бала бойына жақсы қасиет ұялаттым деп айту қиын. «Тәрбие, оқу – инемен құдық қазғандай» бала ойына жаман, жақсы қылықтар туралы түсінік қалыптасатыны анық. Әр педагог жаңа технологиялық әдіс, тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізсе, өз жемісін беретініне сенемін оқыту технологиясының оқушы біліміне тигізер әсері мол деп ойлаймын. Оқытушы мен оқушының іс-әркетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сәйкес модельдеу. Соңдықтан олардың барлық оқулары ойын түріндегі тірішілік жағдайларыменен, мысалдармен кеңейтіліп оқу барысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына мүмкіндік жасайтын олардың қызығушылықтары артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен толықтырылуы керек.Бала тәрбиесіне шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер. Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін!.
Тәрбие мен білім егіз ұғым. Тәртіпке бағынған құл болмас демекші сіздерге өзімнің «Күрделі мүшелер»тақырыбында қазақ тілі пәнінен өткен сабағымды ұсынамын.
Бөлім | Мәдени мұра | |||||
Педагогтің аты – жөні | Өтепбергенова Г | |||||
Күні | 09.11.2021ж | |||||
Сынып:4 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Пәні | Қазақ тілі | |||||
Сабақтың тақырыбы | Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.3.5.1 қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу | |||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар:қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана біледі Оқушылардың басым бөлігі: күрделі мүшені тауып, күрделі мүше қай сөзбен байланысқанын сызып көрсетеді Кейбір оқушылар: дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат іздеп табады | |||||
Бағалау критерийі | -күрделі мүшені тауып, күрделі мүше қай сөзбен байланысқанын сызып көрсетеді - дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат іздеп табады | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі /уақыты | Педагогтің әрекеті Жақсы тілектер Таза бұлақтай бол, Аспандай биік бол, Жұлдыздай жарық бол Күндей .... | Оқушының әрекеті | Бағалау
| Ресурс тар
| ||
Сабақтың басы 10 минут | Үй тапсырмасын тексеру 6-жаттығу 74 бет (аудио жазба) «Мәңгілік Ел» тәуелсіздік қақпасы жас әрі әсем Нұр –Сұлтан қаласының символына айналған нысан. Бұл монумент бүгінде ел мақтанышына айналды. «Мәңгілік Ел» қақпасы –әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік монументалды туынды. Қақпаның сол жағында «Ақсақал»ескерткіші және «Әйел ананың»мүсіні орнатылған.Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан ана», «Жер ана», «Ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарға ұласады.Сондай- ақ қабырғала ры қазақтың күрделі ұлттық өрнектерімен безендірілген қалқан орналасқан.Қалқан қауіп-қатердің қорғаны, сенімді лік,тұрақтылық,жеңістің белгісі Нысанның сол жағындағы «Тайқазан» мүсіні де ерекше. «Тайқазан» тыныштық пен тоқшылықтың бірегей көңіл мен қонақжай пейілдің терең ұғымын білдіреді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады. Ой қозғау Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыра оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың? | Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады Бағандағы сөйлемдерді оқып,сұрақтар ға жауап береді | 1балл «Басбармақ» әдісі арқылы. | Оқулық Екі жағында сөйлем дер жазылған плакат | ||
Жаңа сабақ 15 минут
17 минут
| 1- жаттығу (аудио жазба) Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызып көрсет.Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Толағайдың торы ала аты бар.
Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.
Күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуында өзгеріс бар.Бұл – дыбыс үндестігі. Дескриптор -жаңылтпашты оқып, жатқа жазады(1б) - жаңылтпаштан күрделі мүшені табады(1б) -күрделі мүше қай сөзбен байланысқанын сызып көрсетеді(1б) - күрделі мүшенің айтылуы мен жазылуын салыстырады(1б) 2-жаттығу «Ізден, ойлан, бөліс » әдісі Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып,неліктен күрделі мүше болатынын дәлелде.Ойыңды дәлелдеп үйрен.Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат ізде. Күрделі мүшелер: Мұхаммед Құсайын мырзаның, ата-баба, құйып өсті,жүріп өткен, жатқа білетін,іс – әрекеті,мақтаныш тұтатын,бала күннен бергі,мақсаты еді,үнсіз қалды. Дескриптор: -мәтіннен күрделі мүшелерді табады(1б) - неліктен күрделі мүше болатынын дәлелдейді(1б) -күрделі мүше туралы ойын жүйелі жеткізеді (1б) -дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны туралы ақпарат іздеп табады(1б) - дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулатидің еңбегі туралы ақпарат табады(1б) | Жаңылтпашты тыңдап алады оқып, жатқа жазады, жаңылтпаш тан күрделі мүшені табады, күрделі мүше қай сөзбен байланысқанын сызып көрсетеді
Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып,неліктен күрделі мүше болатынын дәлелдейді Дереккөздерден Мұхаммед Хайдар Дулати туралы ақпарат іздеп табады.
| ҚБ: 1балл 1балл 1балл 1балл
ҚБ: 1балл 1балл 1балл 1балл 1балл Барлығы (10 балл)
| Оқулық 8-жаттығу 75 бет
Оқулық 9-жаттығу 75 бет Ұялы телефон | ||
Кері байланыс 8 минут | «Интервью әдісі» Бүгінгі сабақта не үйрендің? Сен үшін не қиын болды? Саған қандай тапсырма қызықты болды? | Оқушы мұғалім берген сұрақтарға жауап береді | Үйге тапсырма 10-жаттығу 75 бет | |||
Қолданған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының орта білім беру стандарты, 2 кітап. Республикалық басылым-Алматы,1998 жыл 196 бет
2. Көбесов А. Әл –Фарабидің ашылмаған әлемі.Алматы: «Санат» 2002жыл 175 бет