Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI1663

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымын басқарудың жаңа тәсілдері

         Тәрбиелі, білімді және белсенді тұлға қалыптастыру – білім ордасындағы оқытушылардың кәсіби шеберлік деңгейімен анықталатыны сөзсіз. Әрбір адам үшін ең асыл қазына- отанын, туған елін сүю. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім — тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы — батыр халық».Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған, жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі біздерге қашан да болса өнеге болмақ. Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай еңбек етуі қажетОтаншылдық сезім ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, мәңгілік, қасиетті ұғымды  Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы бар күш – қуатын, ерік-жігерін Отан игілігі мен мүддесіне аямай жұмсау, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу деп түсінемін. Әрбір адам бала кезінен « Қазақстан – менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсуі тиіс емес пе? «Қазақстан- біздің ортақ  үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді, туған жеріміздің қадірін білер болсақ, оны жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік.
 Ұстаздарымыз айтқандай адамгершілікті, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.Олай болса ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт — дәстүрімізді білсек, тіл — қазақ болуымыз үшін, дін — адам болуымыз үшін, салт – дәстүр — ұлт болуымыз үшін қажет.
Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады.Олар өзара тату-тәтті өмір сүруде.Еліміздегі ынтымақ, бірлік, достықты мақтан етуге тұрарлық.Ынтымақ бар жерде бақыт бар.Біз бақыттымыз.Қазақстан Республикасы – өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс деп ойлаймын.

    Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын.

   Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен  тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті.

    Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр. Жастар «Болашақ» бағдарламасының аясында шетелдерде білім алып, шетел тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшілік тұстарына көз жеткізіп, санасына тоқып келіп, еліміздегі маңызды қызмет салаларында сол тәжірибелерін қолданып еңбек атқаруда. 

   Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Тәуелсіз еліміз алдына үлкен мақсат қойды. Ол барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Бұл мақсаттың орындалуы білім мен ел бірлігіне тікелей байланысты. Білекпен емес біліммен басекелесетін уақыт жетті.Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру - Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі.Білім беру мекемемізде тәрбиенің басым 8-бағыттары бойынша жұмыс атқару,оқу процесі, бейінді оқыту, қосымша білім беру, педагог-ұйымдастырушы, психолог,социолог, тәлімгерлер жұмыстар атқаруда..Жылдық жұмыс жоспарлары құрылған. Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауына  ХХI      ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясын және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы аясында білімімді заманауи  инновациялық   технологияларды пайдаланып, оны оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді тұстарын компьютерде берілгендер қорымен байланыстыруды ұйғардым. Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта  тұрады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық   тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың,  педагогтердің, психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі.Ұсынып отырған бағдарлама арқылы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен байланысымыз арта түседі.Яғни компьютерде берілгендер қорымен жұмыс атқару-бұл қағазбастылықтан арылу.Берілгендер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға да болады. 

         Берілгендер қорын басқару жүйесі (БҚБЖ) – берілгендер қорымен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. Олардың қатарында DBASE, MICROSOFT ACCESS, FOXPRO,  т.б. бағдарламалар бар. Microsoft office пакетінің құрамындағы MICROSOFT ACCESS ең қолайлы, кең таралған бағдарлама. MS Access  бағдарламасының Access2.0, Access7.0,  Access95, Access97 сияқты бірнеше нұсқалары бар. Біз бұлардың  ортақ қасиеттерін қарастырып, алдағы уақытта бағдарлама   атауларын қысқаша MS Access   немесе жай  Access деп атаймыз. 

            MS Access-ті пайдаланатындар – көбіне есептеу техникаларымен жұмыс істейтін, бірақ бағдарламалаумен   айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл бағдарламаның оқып-үйрену жеңілдігі, көптеген мәселелерді өздері бағдарламаламай-ақ  шешу мүмкіндігі, сондай-ақ БҚ-дағы қажетті обьектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. MS Access –тің тағы бір артықшылығы – жергілікті   желіні қолданудағы мүмкіндіктер. (MS Access-ті қолданушылар ол туралы мәліметті кітаптардан немесе бағдарламада орналасқан анықтамадан  алуына болады.)

       Access  бағдарламасы жөнінде  әдебиеттер жеткілікті.Алайда, олар негізінен орыс, ағылшын тілдерінде, ал қазақ тілінде жоқтың қасы. Қолданушыға Access-те БҚ-ын құру мүмкіндіктері мен олардың арасындағы байланыс ерекшеліктерін көрсету арқылы берілгендер қорымен нақты жұмыс істеуді үйренуге қолқабыс жасау.

    Windows жүйесінің элементтерімен таныс кез келген қолданушының   MS Access    бағдарламасын оқып үйренуіне және оны қолданып, БҚ-мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Access бағдарламасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесінде негізделген, оның обьектілері терезе түрінде ашылады. 

  Кестелер – БҚ-ның негізгі объектілері. БҚ  жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады. Бұл берілгендер қоры терезесіндегі құру түймесін басудан басталады. Сонда жаңа кесте сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген. 

    Жаңа кесте терезесінде кесте режимі тәсілін таңдап, ОК түймесін басу қажет. Осындай қолдануға дайын кесте жасалған соң, қолданушы оны толтырумен айналысады. Кестені информациямен толтырмас бұрын оның өрістеріне мағынасы бар жаңа атаулар беріледі./слайдтар1-5/ .

   Бұл кестеде тәрбиенің басым 8-бағыттары құрылды.Яғни 8-бағыт бойынша мектебіміздің жылдық жоспары түзіліп,енгізілді.Бағдарламаның ерекшелігі-кез келген бағыт бойынша жылдың қай мезгілінде, қандай жұмыс атқарғанымызды тез табуға үлесін қосады.Бағдарламада мектебіміздің оқушыларының тізімі енгізілген.Тізімде әр оқушыға код қойылады.Ол кодты ешқандай өзгерте алмаймыз.Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша 1,2,5,7-сыныптарда алынатын жиынтық бағалауларды тексеру барысында оқушылардың кодтарын осы жерден алып, модерация жасауға тиімді болып келеді.Ол тізімді ашу барысында оқушының қанша екенін, «ұл», «қыз» балалардың қанша екенін, оқушылардың алфавиттік ретпен орналастыру «А-Я», есімі бойынша орналастыру,үйірме оқушыларын, құқық қорғау органдарында есепте тұрған оқушыларымызды табу, олардың мінез-құлықтарын анықтау/психологтың мәліметі бойынша базада енгізіліп тұрады/ т,б тиімді жүзеге асады./слайд 6-16/.Бағдарламаның «Сұраныс» бөлігінде біз кез-келген сұранысты сұрай аламыз/слайд17/. «Форма» бөлігінде жалпы форманың түрлерімен берілгендер қорын қамтамасыз етіп береді./слайд18/.

   Бұл редакторда жұмысты  EXCEL кестелік редакторымен байланыстыра жұмыс атқаруға да болады.  Access БҚ мен   EXCEL арасындағы байланысты көрсету үшін   қандай да бір кестені таңдап, оны белгілеп немесе ашып, Сервис →office-пен байланыс→MS EXCEL -дегі анализ командасын таңдау қажет. 

    EXCEL жұмыс парағы Access кестесіне қарағанда әмбебап құрылым болғандықтан таңдалған кесте жұмыс парағына ешқандай қиындықсыз   бейнеленеді. Жұмыс парағындағы Access мәліметтері мен Excel  мәліметтері сияқты жұмыс істеледі. Бағдарлама жұмыс кітабына атауды автоматты  түрде өзі береді, ал, байланысты қайта орнату кезінде ағымдық файлды қайталап сақтауды ұсынады. Мысалы, кез келген  бір берілгендер қорын (адамның аты-жөнін, әкесінің атын, мекен-жайын, телефонын т.б.) EXCEL бағдарламасында жасап, оны ACCESS бағдарламасына көшіріп, бізге керекті бір тұлғаның аты-жөнін, әкесінің аты тез табуға мүмкіндік береді. 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хатында «Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері» бөлімінде 2019-2020 оқу жылында орта білім беру ұйымдарында (7-10 сыныптарға), оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға «JuniorSkills» ерте кәсіптік бағдар беру және мектеп оқушыларына арналған базалық оқыту жобасы жұмысын бастайды.Бүгінде білім беру ұйымдарында мектеп түлектерінің  кәсіптік таңдауы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік грант көлемімен, мектепте оқытылатын таңдау пәнінің жеңілдігі, ата-анасының және достарының ұсыныстарымен анықталады. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды мамандыққа бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл жұмыстар мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбиелеу процесінде,  сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі.

Бұл жұмыс үлкен өмірге қадам басқан адамға көмек беретін жүйелі іс-шараларды қамтиды, ғылыми негізге сүйеніп кәсіптік таңдау жасау немесе мамандыққа бағыттауға арналған тәрбие жұмыстарының жүйесін дамыту мақсатында, білім алушының өз бетінше мамандық таңдау кезеңінде көмек көрсетуге бағытталуы тиіс. 

Қосымша білім беру аясында әр түрлі бағыттағы мамандықты таныстыру кең ауқымда  жүргізіледі, олармен таныса отырып жасөспірімдер өз мамандығын саналы түрде таңдауға дайындалады. Яғни болашақ жасөспірімдерімізді оқыта отырып тәрбиелеп, мамандыққа баулимыз.Жүйелі жоспар құрып, берлігендер қорын құру.

   Бұл бағдарламаның тиімділігі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ұйымының жұмыс жоспарларын берілгендер қорына енгізіп, жұмыстарымызды қағаз бастылықтан арылту,осы екі бағдарламада кестелерді пайдалана жұмыс атқару атқару және де үлкен науқан тәуелсіз елімізде кезектен тыс өткізілетін депутат, Президент сайлауы осы бағдарламаны қолдану арқылы жоғары деңгейде ұйымдастырылады. 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1.  А. Гончаров. Microsoft Access7. 0 в примерах. Санкт-Петербург, «Питер Пресс», 1997 
  2. А. Гончаров. Microsoft Access-95 Санкт-Петербург, «Питер Пресс», 1998
  3. А. Нейбауэр. Access 7 для занятых/Перевод с англ. Санкт-Петербург, «Питер Пресс», 1997 
  4. Ю. Бекаревич, Н. Пушкина. MS Access 2000, за 30 занятий.  Санкт-Петербург, 2000.
  5. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділіг»  
  6. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды
     пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары».
  7. «Мәңгілік ел» идеясы,-abai.kz
  8. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»-Егеменді Қазақстан газет
  9. 2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019.

 

192 0
Мінай Мамыркулова, №47 Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Ұлы Дала Ұстазы № 002118
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: