Қозғалтқышының түріне қарай трактор «дөңгелекті» не «шынжыр табанды» болады.Трактор - (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.Сипаттамасы - Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын, бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.Түрлері - қозғалтқышының түріне қарай трактор «доңғалақты» не «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуы және кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды қозғалтушының төменгі шыдамдылығы.
Батпақта жүруге арналған трактор - кәсіпорындарға арналған табанды өте жалпақ шынжыры бар трактор, ылғалды топырақ жерлерде, торф мелиориациялау жұмыстар кезінде істейді.
Тауға арналған трактор - ауылшаруашылығына арналған доңғалақты трактор, көлденең жағдайда қаңка орнатуға бейімді жұмыстар атқарады.
Шынжыр табанды трактор - шынжыр тәрізді козғағышы бар трактор: жерге түсіретін қысымы аз, өткіштігі жақсы болады.
Доңғалақты трактор - доңғалақ тәрізді козғағышы бар трактор; келіктік жылдамдығы жоғары және металл сыйымдылығы аз болады.
Өнеркәсіптік трактор - жер құрғату, жер қазу, ағаш шаруашылығында, кұрылыста және т.б. ауыр жұмыстарды атқаратын трактор; нақты тарту күші 100 ден 250 кН дейін.
Жалпы өнеркәсіптік трактор - кәсіптік трактор, әр түрлі ауыр жұмыс жасауға (неізінде жер қазу) аспалы бульдозермен топырақ қазып таситын жабдык пен жасақталған.
Жер өндеуге арналған трактор - ауылшаруашылық жер өңдеуге арналған трактор; жолдық саңылауы, үлкен із айнымалы және бұрылу радиусы аз болады.
Баулық трактор - ауыл шаруашылығында арнайы қолданылатын трактор, аспалы машина - лармен платформаны пайдаланып жұмыс атқаратын нақты тарту күші шағын трактор.Жалпы ауылшаруашылық жұмысты атқаратын трактор - ауыр ауылшаруашылық жұмыстарды атқаруға арнапған, нақты тарту күші 2-ден 60 кН ға дейінгі трактор.
Тарихы - Бу машинасы орнатылған алғашқы доңғалақты трактор 1830 жылы Франция мен Ұлыбританияда жасалған. Қазақстандағы алғашқы тракторлар 1968 жылдан Павлодар трактор зауытында шығарыла бастады.Қолданылуы - Ауыл шаруашылық тракторы жер жырту, өңдеу, тұқым себу, егін жинау, т.б. жұмыстарды атқарады. Қуатты ауыл шаруашылық тракторлары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіптік тракторлар ауыл шаруашылық тракторларына қарағанда ірі әрі қуатты етіп жасалады. Ол әр түрлі аспалы (бульдозер күрегі, қар тазалағыш, экскаватор шөміші, т.б.) және тіркемелі (скрепер, грейдер, т.б.) машиналармен бір агрегатқа біріктіріліп, жер қазу, жол құрылысы, мелиоративтік, т.б. жұмыстарды орындайды.Құрылымы - трактордың механизмдері мен жабдықтарына күштік қондырғы, күштік беріліс, жүрістік бөлік, қаңқасы, басқару механизмі, кабина және электр жабдықтары жатады.«Күштік қондырғы» трактор құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін қозғалтқыш түрінде болады. Тракторға жылу қозғалтқышы (бу және іштен жанатын) мен электр қозғалтқышы пайдаланылады. «Күштік беріліске» ілінісу тетігі, жалғастырғыш муфта, беріліс қорабы, басты және ақырғы беріліс жатады. Доңғалақты трактордың «жүрістік бөлігі» аспадан, осьтен және пневматик. шиналы доңғалақтан, ал шынжыр табанды трактордың жүрістік бөлігі аспа, шынжыр тізбегі, жетекші доңғалақ, т.б. тұрады.
Трактор «қаңқасы» әдетте әр түрлі құрылымды рама түрінде жасалады. трактордың «басқару механизмі» рульдік басқару құрылғысы мен тежеуіштен (таспалы не дискілі) құралады. Трактор «кабинасы» тракторшының жұмысына қолайлы жағдай жасау мақсатында жасалады. Трактордың «электрлік жабдықтары» ток көзінен (аккумулятор батареясы мен генератор), қозғалтқышты от алдыру, жолды жарықтандыру, кабинаны желдету, дыбыс және жарық сигналының аспаптарынан құралады. Трактордың пайдалану кезіндегі негізгі сипаттамаларына оның техника-экономикалық, техехникалық және агротехникалық көрсеткіштері жатады.Іштен жанатын қозғалтқыштардың негізгі элементтері Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы білігінің айналу шапшаңдығы әдетте 3000 – 7000 айн/мин-қа тең. Жарыс автомобилі мен мотоцикл қозғалтқыштарының жиілігі 15000 айн/мин, кейде одан да жоғары болады. Массасы бойынша жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен арақатынасы – 15:1 шамасында. Қозғалтқыш жанғыш қоспадағы ауаның бензин буымен салыстырғандағы үлесі 18:1-ден төмен және 12:1-ден жоғары болса ғана жұмыс істейді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуатын цилиндрге берілетін қоспа мөлшерін өзгерту арқылы реттеуге болады. Айналужиілігінің жоғары болуы, қоспадағы отын мен ауаның тиімді қатынасы қозғалтқыш қуатын арттыруға әсерін тигізеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы цилиндрінің диаметрін үлкейтсе, қозғалтқыш детонацияға бейім келеді. Сондықтан қозғалтқыш цилиндрінің диаметрін үлкен етіп жасамайды. Ең қуатты 4 тактілі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышының қуаты 600 квт (800 а. к.). Мотоцикл карбюраторының 2 және 4 тактілі Іштен жану қозғалтқышытарының қуаты 3,5 – 45 квт-қа (5 – 60 а.к.) тең. Авиациялық поршеньді қозғалтқыштардың қуаты 1100 квт-қа (1500 а. к.) жетеді. Карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышы – әр түрлі тораптар мен жүйелерден құралған күрделі агрегат.Қозғалтқыш қаңқасы – механизмдер мен жүйелерге тиянақ (база) болатын қозғалмайтын бөлшектер тобы. Оған картер блогы, цилиндрлер, иінді білік подшипниктерінің қақпақтары, картер блогының алдыңғы және артқы беттері, сондай-ақ май құйылатын астау мен бірқатар ұсақ бөлшектер жатады. Қозғалыс механизміне цилиндрдегі газ қысымын қабылдайтын және сол қысымды қозғалтқыштың иінді білігінің айналдырушы моментіне түрлендіретін қозғалмалы бөлшектер жатады. Оның құрамына поршень, шатун, иінді білік пен маховик кіреді. Газ тарату механизмі жанғыш қоспаны тиісті цилиндрге дер кезінде беру және пайдаланылған газды сыртқа шығару қызметін атқарады. Бұл механизм құрамына жұдырықшалы білік, итергіш, штанга, клапанды ашатын күйенте мен оны жабатын серіппелер жатады. Майлау жүйесі үйкеліске түсетін беттерге жағар май жеткізетін агрегат пен арналар жүйесінен тұрады. Суыту жүйесі сұйықты немесе ауалы болуы мүмкін. Сұйық арқылы суытқыш сұйықпен (су, антифриз) толтырылған цилиндр астарларынан, сорғыдан, радиатордан (сұйық желдеткіш тудыратын ауа ағынымен суытылып отырады) және су температурасын реттеп отыратын құрылғыдан құралады. Ауамен суыту цилиндрлерді желдеткішпен не ауа ағынымен (мотоциклде) үрлеуге негізделген. Қоректендіру жүйесі қозғалтқыштың жұмыс режиміне сәйкес белгілі пропорцияда әрі қозғалтқыштың қуатына сәйкес қажетті мөлшерде отын мен ауадан жанғыш қоспа дайындау қызметін атқарады. Бұл жүйе отын багынан, айдамалау сорғысынан, сүзгіден, түтіктер мен карбюратордан құралады. Тұтандыру жүйесі жану камерасындағы жанғыш қоспаны тұтандыратын ұшқын тудыру үшін қажет. Бұл жүйенің құрамына ток көздері – аккумулятор мен генератор, үзгіш енеді. Оталдыру жүйесі электрлік стартерден, беріліс шестерняларынан, ток көзі мен дистанциялық басқару элементтерінен құралады. Жанғыш қоспаны ендіру және қайта шығару жүйесіне түтіктер, ауа сүзгі және бәсеңдеткіш жатады. Газды Іштен жану қозғалтқышы көбінесе табиғи немесе сұйық отынның жануы кезінде пайда болатын газбен жұмыс істейді. Ол сонымен қатар қатты отынның шала жануы кезінде бөлінетін газбен, металлургия және канализация газбен де жұмыс істейді. Газды Іштен жану қозғалтқышының 4 тактілі және не 2 тактілі түрі бар. Қоспаның түзілуі және тұтану тәсілі бойынша газды Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп ұшқыннан от алатын Іштен жану қозғалтқышы, сырттай қоспа түзіп сығылу нәтижесінде тұтанатын Іштен жану қозғалтқышы және іштей қоспа түзіп ұшқынмен от алатын Іштен жану қозғалтқышы болып ажыратылады. Табиғи газбен жұмыс істейтін газды Іштен жану қозғалтқышы стационар электр станциясында, компрессорлы газ айдайтын қондырғыларда, т.б.пайдаланылады. Іштен жану қозғалтқышы жұмысының тиімділігі, оның п.ә. коэффициентімен сипатталады. Кемелдендірілген Іштен жану қозғалтқышының ең үлкен п.э.коэффициенті 44%. Іштен жану қозғалтқышытар және басқа да жылу қозғалтқыштары гидравлика және электрлік қозғалтқыштар сияқты тұрақты энергия көзіне (мысалы, су қоры, электр станциясы, т.б.) тәуелді емес. Іштен жану қозғалтқышы қондырғылары кез келген жерде жұмыс істей алатындықтан, олар көлікте (автомобильде, а. ш. және жол құрылыс машиналарында, өздігінен жүретін әскери техникада) кеңінен пайдаланылады. Қазіргі кезде Іштен жану қозғалтқышының қуатын, сенімділігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығын арттыру, массасы мен габаритін кішірейту, олардың жаңа құралымдарын жасау (мысалы, Ванкель қозғалтқышы) жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге автомобиль көліктеріндегі карбюраторлы Іштен жану қозғалтқышын дизельмен алмастыру, көп отынды қозғалтқышты пайдалану, айналу жиілігін арттыру мүмкіндіктері қарастырылуда.Қозғалтқыш, мына негізгі бөліктерден тұрады: айналшық - бұлғақ механизмдерден (піспектен, бұлғақ, иілмелі біліктен және сермерден); қозғалтқыш корпусынан (ірге тас рамасы подшипнигімен, картерден, цилиндірлі блок толкесімен және цилиндірлік қақпақпен); газ бөліп таратушы механизмнен (бөліп таратқыш біліктен, шестернадан, қақпақшадан, көлдектен, итерушіден және басқалары); қоректендіруші жүйелерден, (отын бактарынан, сүзгіштерден, отын сұйық сорғыштарынан, бүріккіштерінен, карбюратордан, отын жүргізгіштерден және басқаларынан); майлаушы жүйелерден және салқындатқыш және қосымша құрылғылардан.Піспек - қозғалтқыштың, ең жауапты торабы. Ол, едәуір механикалық және жылулық жүктемеге ұшырайды, сондықтан, жанушы камераны мұқият нығыздауы тиіс және оның табанынан жылуды алып кетуін қамтамасыз етуі керек. Піспекке, газ күшінің әрекеті, бұлғақ мен иілмелі білікке беріледі.Піспектің жылуы кезінде, маймен, цилиндр қабырғасын майлайды да, сұйық сорғыш шығыршығы әрекеті эсерінен, үмты- луынан - қанаумен, олар жылжып жэне майды төменнен жоғары қотарылғаннан кейін - жағушы камераға түседі. Осыны болдырмау үшін, май жинап алушы шығыршықты қолданады, оның орналасуы, не тікелей нығыздаушысының астына (компрессионды) шығыршықпен немесе піспектің төменгі бөлігіне орналастырады. Піспектің, шығыршықтан төмен өткен кезінде, өзінің төменгі жақтауымен, цилиндр қабырғасынан майды түсіреді де, ол қанау бойынша, ағып жэне тесік, арқылы піспек ішіне және картерге ағады. Жоғарғы жүріс кезінде, шығыршық май сынасына қалқып шығады. Піспекті саусақтың атқарар қызметі - қозғалтқышты піспек- пен шарнирлі қосылыс жасауға арналған. Піспекті саусақ, қал- қымалы жэне бекітілген түрде болады. Қазіргі кездегі қозғалт- қыштарда, негізінен қалқымалы саусақты қолданады.Олардың, өсті жылжуын, серіппелі шығыршық шектейд немесе алюминийлі бүқтырманы қолданады. Булгақ жоғарғы піспекті жэне төменгі айналшықты бүркеншіктен және стерденьнен тұрады. Ол піспектен иілмелі бөлікке күш береді. Піспекті саусақ үшін, жоғарғы бүркен- шікке қола төлкені орналастырады. Бүлғақтың жоғарғы бүркеншігіне ажырамайтын қылып, төменгісін - ажырайтын қылып жасайды. Бүлғақтың, төменгі бүркеншегінің жартысын иілмелі білікпен жалғастырып, антифрикциялы металмен қабат-қабат төсенішпен орап орнатады. Бүлғақ өзегідөңгелек немесе қоставрлы қима түрінде болады.Қозгалтцыштың иілмелі білігі іргелі жэне бұлғақты мойынмен жэне ұртынан, тұрады. Қозғалтқышты жүмысы кезінде, иілмелі газ күшінің қысымымен, инерция күшімен және айналу бүрышы моментпен жүктемеленеді. Біліктегі инерциялы күштің әрекетін азайту үшін қарсь: салмақты орнатуы мүмкін. Иілмелі білікпен түтынушыға жүктемен: беруінен басқа, реттеушінің бөліп таратушы бөлігін айналдыруын. Сұйық сорғыштарды жэне басқа да қосымша механизмдерді жүмьк істеуін жүргізеді.Көп цилиндірлі қозғалтқыштардың білік индерінің аралык бүрышын, жеке цилиндірлердің үшқындарының кезектілігін, есепке ала отыра орындайды, жүріс, бір қалыптылығын жэне ең жақсы түріндегі инерциялы күштердің теңгерілгіштігімен жасалынады.Төрт тактылы қозғалтқыштардың корпусы, цилиндір блоктарынан, олар анкерлі байланыстың көмегі арқылы, картермен, қосылысқан жэне шпилькамен қүрастырылған, картер, ірге тасты рамамен бірге қүрайтын жэне түғырық - май жинаушымен бірге орналастырылады. Блокқа, цилиндірлі гильза пресстенген. Гильза мен цилиндір қабырғасының аралық кеңістігін, сулы салқындатқыш көйлек (сулы гильза) атқарады. Іргелі подшипник, картердің көлденең бөлігіне орналасқан, цилиндірлі блоктың, сол жағында бөліп таратушы бөлігі және сыртқа шығарушы және кіргізуші клапандар жетегінің механизмдері орналасқан. Цилиндір қорабының қақпағын бекіту үшін шпилька орналасқан.Газды, бөліп таратушы механизм, қозғалтқыштағы эрбір, жүмысшы циклындағы, клапанның ашылуын жэне жабылу уақы- тын қамтамасыздандырады. Газды бөліп таратушы механизм- дердің, екі типін ажыратады: клапанның жоғарғы жағында орналасуы - цилиндр қақпағы қақпақшада орналасқан жэне қақпақшаның төменгі жағында орналасқанында, қақпақшалар, цилиндр блогында орналасқан жағдайында.Дизельдің қоректендіруші жүйелеріне, отынды айдамалаушы сұйық сорғыш жеткізеді, қатқыл жэне жүқа сүзгімен отын тазалау. циркуляциялау жүйесіндегі қысым реттеуші, отын сұйық сорғы- шының, жоғарғы қысымдысы және олардың атқарар қызметі төмен- дегідей: белгіленген моменттегі, отынды цилиндірге дозалап беруге арналған жэне бүріккіштің тозаңдатуын жэне сығушы калоранын көлемі бойынша, отынды бір қалыпты бөліп тарату жүргізеді.
Пайдаланылған әдебиет
- Б.Алиев, П.Жүнісбеков Тракторлар мен автомобильдер Алматы 2005,
- Ю.И.Воронов, Л.Н Ковалев, А.Н.Устинов Ауылшаруашылығы машиналары 2005