Қазіргі таңда тұлғаның өзімен-өзі жұмыс жасауы – өзекті əлеуметтік мəселе. Қоғамдағы саналы
тұлғалар мен саналы азаматтардың санының артуы заманға сай рухани құндылықтың артуымен іспеттес
болып табылады. Осы орайда əр тұлға бойындағы талант пен дарындылықты айқындау, ашу, оны дамыту
– үздіксіз жəне жүйелі үрдіс екендігі баршаға аян. Осындай жұмыс, көбінесе, білім беру мен тəрбие беру
ордаларында бастау алары сөзсіз.
Мен мектеп психологі бола тұра түрлі контингентпен жұмыс жасауда, ең алдымен, баланың
бойындағы жағымды таланты мен дарынын анықтауды қашан да бірінші орынға қоямын. Себебі, кез
келген бала өзін-өзі жете таныса ғана өзімен жұмыс жасай алатындығы айқын. Өзімен-өзі жұмыс жасау
үшін өзін тануға педагогикалық ұжым көмек бергені абзал. Осы ретте баланың дарындылығын не үшін
анықтауымыз керек, оны қалай анықтаймыз, оның түрлерін қалайша бөлеміз жəне де басқа сұрақтар
бойынша тəжірибе бөліскенді жөн көрудемін.
Дарынды бала – ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай
білетін қабілеті бар тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық – ол жоғары потенциалы бар,
шығармашыл тұлға бойындағы ерекше қасиет. Атақты психолог Лейтес қабілетті балалардың үш
категориясын көрсетті. Олардың біріншісі – ақыл-ой деңгейінің жоғарлығы ерте кезден байқалатын
балалар. Екіншісі – мектептің жекеленген пəндеріне жəне əр түрлі іс-əрекетіне қабілетті балалар жəне
үшіншісі – қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар. Осы орайда, бұл бағыт бойынша
балалардың дарындылығын категорияларға бөлу арнайы сауалнама мен сұрақ-жауап тестілерінің
көмегімен жүргізілетін диагностикалық үрдіс екендігін ескерген жөн.
Осы ретте дарынды баланы анықтаған соң, оның ерекше қасиетін сөндіріп, өшіріп алмаған жөн.
Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол əлі толық қалыптаспаған тұлға, оның болашағы
анықталмаған. Сол себепті оның қабілеттерін дамыту қажет. Тарихта Платон, А. Кастлер, Ф. Гамильтон
сияқты ғалымдар: «Дарындылық – туа біткен қасиет» - деген. Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар
дарындылық адам баласының даму барысында тəрбиеге байланысты дейді. Сонымен дарынды бала – ол
кім? Психологиялық педагогикалық зерттеулердің нəтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі бірнеше
түрде анықталуы мүмкін. Егер жұмыс ретін дұрыс айқындамасаңыз, баланың дарынын жай ғана ермек
секілді үрдіспен шатастыруға да болады. Интеллектуалды жəне ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу
белсенділігінің жоғарлығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мəселені шешуде жан-
жақты жолды қарастырумен, тəуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының
беріктігімен жəне басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді. Ал бейнелеу өнері бар баласурет салуға көп
уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
Сонымен бірге əнге қабілеті бар балалар – əн сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық
бөліктерді оңай қайталайды, таныс əуендерді бірінші дыбыстан таниды. Қозғалыстың белсенділігі бар
бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене
күші күшті болып келеді. Осы ретпен талант түрлерін айқындай беруге болады.
Жалпы, дарындылықты анықтауда сан түрлі əдістер мен тəсілдер қолданылады. Мен өз
жұмысымда А. Савенковтың дарынды балаларды анықтаудағы мынадай принциптерін ұстанамын:
кешенді бағалау; ұзақ мерзімдік; тренингтік əдістер мен тапсырмаларды қолдану; баланың
потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру; диагностикалық экологиялық əдістерді тірек ету; əр түрлі
мамандардың қатысу жəне балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принциптері. Аталмыш
принциптер бала бойындағы дарындылықты анықтауда қателік жібермеуге себепші əдістер болып
табылады.
Психологиялық қызметтің дарынды баламен жұмыс жасаудағы басты қағидасы – оның тұлға
екендігін ұмытпауы. Əр бала дарыны болсын, болмасын, ол бірінші орында – жеке тұлға. Ал бір баланың
бойында бір емес, бірнеше дарын болатындығын кез келген əріптес естен шығармағаны жөн. Дарынды,
талантты жас ұрпақтарымыз – ел ертеңінің жарқын блолашағының кепілі.